ДомойМедиа үніThe Commons - дүние жүзінің журналистері үшін пайдалы ресурс

The Commons — дүние жүзінің журналистері үшін пайдалы ресурс

The Commons — дүние жүзінің журналистері үшін пайдалы ресурс

Журналистік жұмыстың қарбаласында, материалды асығыс жариялау керек болғанда журналистер мен редакторлар жарияланымға визуал қатар — әсіресе фотосуреттер қосу оқырман назарын аудару үшін маңызды роль атқаратынын ұмытып кетеді. Күнделікті мақала жариялайтын редакциялар көп фотосуретке зәру.

Сөйтіп, асығыста, қандай да бір сток сайттан көрер көзге қызықсыз фотосуретті ала салады. Ал Flickr сайтындағы The Commons суреттер жинағы туралы біреу білсе, біреу білмейді. Сурет алмасуға мүмкіндік беретін бүкіләлемдік фотохостинг  Flickr және редакторлар мен журналистер үшін аса пайдалы құрал The Commons – осы сайттағы фотографиялар қорын тек сурет іздеу үшін ғана емес, болашақ материалдарға қызықты идеялар табу үшін де қолдануға болады.

Жоба 2007 пилот нұсқадан басталды, оған Flickr және АҚШ Конгресінің кітапханасы қатысты.  The Commons жобасында бірнеше адам жұмыс істейді. Бұл — осы цифрлі кітапхана контентін алуан түрлі етуге көмектесетін комьюнити-менеджерлер командасы.

The Commons мақсаты – мемлекеттік фотоархивтерді жалпыға тегін қолжетімді ету және көпшілік қауымға сол қорларға өз тарапынан ақпарат қосуға мүмкіндік беру.

Жобаға түрлі елдерден жүзден аса фотосурет жинағы қатысады. Дәлірек айтқанда, қазіргі таңда 105 қатысушы бар, алайда ай сайын жаңа жинақтар қосылып отырады.

Мәдени мұраны сақтаумен айналысатын ұйымдар өз қалауымен үлгі бойынша тіркеледі, ал сайт командасы өз талаптарына сай келетіндерін құптап, жобаға қатыстырады. Мысалы, ондай ұйымдар контенттің копирайтингіне ешқандай талап қоймауы тиіс және өз жинағына арналған арнайы аккаунты болуы керек.

Жобаға үлкенді-кішілі алуан түрлі ұйымдар қатысады: мысалы,   Archive Book Project онлайн-архивінде 3,3 миллионнан астам кескін сақталып тұр (тағы 14 миллион жүктеліп жатыр). Ал еріктілердің ғана күшімен жұмыс істеп тұрған Канадалық Cloyne and District Historical Society тарихи қоғамының жинағында төрт жүзге жетер-жетпес сурет бар.

 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР