Бүкіл дүние жүзінің демократия туралы көбірек білгісі келетін журналистері осы стипендия бағдарламасына қатысуға өтініш білдіре алады.
Демократияны қолдау ұлттық қоры (NED) ұйымдастырған Рейган-Фаселл атындағы стипендия бағдарламасы (Reagan-Fascell Democracy Fellows Program) қатысушыларға демократия туралы көбірек біліп, өз қызметін демократияны қолдауға бағыттауға мүмкіндік береді.
Қатысушылар 2016-2017 жылдары бес айды Вашингтондағы Халықаралық демократиялық зерттеулер форумында өткізеді, сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап — ағылшын тілін жетік білу.
Стипендия иегерлеріне ай сайын стипендия төленеді, медициналық сақтандыру шығыны және екі бағыттағы әуе билеттерінің ақысы өтеледі.
Өтініштер 15 қазанға дейін қабылданады.