Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен «iMedia Project» бастамасының екінші раундын бастайды.
Ашық республикалық байқау аясында қазылар алқасы қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторлары арасында іріктеп алған 20 финалист бір жыл ішінде тегін бес апталық оқыту курсын өтеді. Қатысуға өтінімдер 2015 жылғы 28 қыркүйекке дейін қабылданады.
The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және басқа да танымал басылымдардың практик-журналистері америкалық екі жетекші журналистика мектебі – Миссури штатының журналистика мектебі мен Джорджиа штаты университетінің журналистика және бұқаралық байланыстар Грэди колледжінің профессорларымен бірлесе отырып қазақстандық журналистерге мультимедиалық стартаптар жасау және ілгерілету, сондай-ақ медиакәсіпкерлік және контентті монетизациялау машықтарын үйретеді.
«iMedia Project» бағдарламасы 5 апта ішінде өтетін 200 аудитория сағатына және оқушылардың аудиториядан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне есептелген.
Бұл — республикалық және аймақтық БАҚ кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа тәуелсіз медиа жобаларын құруға мүдделі журналистері мен медиаменеджерлеріне арналған Қазақстандағы бірінші білім беру бастамасы.