Google News Lab сайты — жаңа медиамен жұмыс істейтін медиа мамандарына арналған онлайн-нұсқаулық іспетті.
“News Lab жоғары сапалы журналистиканы, яғни әлемдегі оқиғалар туралы ақпараттар жариялауды қолдайды.
Қазіргі кездегі жаңалық агенттіктері мен медиакәсіпкерлер материалдарды жинау, ұсыну және жариялаудың жаңа тәсілдерін табуда. Біздің міндетіміз – қажет құралдарды, деректер мен бағдарламаларды ұсыну арқылы олардың жұмысын жеңілдету».
Google ұсынатын мүмкіндіктерді әлі күнге дейін қолданбасаңыз, міндетті түрде «Инструменты» бөліміне кіріп көріңіз. Мұнда деректер жинау, визуалдау, материалды жариялау және оңтайландыру жөніндегі интерактив сабақтар жинақталған.
Мысалы, Google Планета Земля Pro көмегімен Windows және Mac орнатылған компьютерлерде HD-сападағы виртуал турлар жасап , соңынан оларды эфирде көрсетуге болатынын білуші ме едіңіз?
Немесе басылымыңызды Play Прессы базасына қосу арқылы редакцияға қосымша табыс келтіруге болатынын? Арнайы журналистер үшін жасалған Google Тренды бөліміне де назар аударып қойыңыз.
Білімдерді қалай пайдалануға болады? «Истории успеха» айдарында Google құралдарының көмегімен ғаламдық аудиториямен жұмыс істейтін журналистердің табысқа жету баяндарын оқи аласыздар.
Тағы бір маңызды ақпарат – Google дүние жүзі бойынша қызықты жобаларға қолдау көрсетеді.
«Сіздің компанияңыз виртуал шынайылық, өздігінен ұшатын аппараттар, деректерді сараптау сынды немесе басқа да жаңа технологияларды журналистика игілігі үшін қолданатын болса, News Lab-қа хабарласыңыз. Біз қоршаған әлемге деген көзқарасымызды өзгертуі мүмкін жаңа жобалармен жұмыс істегенді ұнатамыз».