ДомойБіздің жобаларNewsroom 2.0Internews Network Орталық Азиядағы өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға екінші...

Internews Network Орталық Азиядағы өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға екінші байқау жариялайды

Internews Network Орталық Азиядағы өкілдігі БАҚ арасында «Newsroom 2.0» жобасына қатысуға екінші байқау жариялайды

Жоба Орталық Азиядағы «Ақпаратқа қол жеткізуді қолдау жобасы» аймақтық бағдарламасы аясында АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда жүргізіледі.

Жоба қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарында конвергент редакция құру үшін білім беру, ұйымдастыру және технологиялық қолдау көрсетуді көздейді. Жоба бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылығын дамытуға, бизнес әлеуетін және ресурстардың аудиториясын арттыруға, ақпаратты жасау және талқылау процесіне аудиторияны белсенді тартуға бағытталған.

Жобаның мақсаты:

  1. Жаңа медиа құралдары мен интернет-журналистика тәсілдерін қолдану арқылы ақпараттың сапасы мен қолжетімділігін арттыру.
  2. Қауымдастыққа бағдар ұстаған интерактив журналистиканы дамыту арқылы БАҚ пен олар қызмет ететін халық арасындағы байланыстарды нығайту.
  3. Конвергент редакциялар және мультимедиа БАҚ құру жөнінде көмек көрсету.
  4. Бұқаралық ақпарат құралдарының бизнес әлеуетін нығайту, Интернет-ресурстар аудиториясын арттыру.

Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанның мынадай бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады: 

  • ресми тіркелген;
  • журналистикадағы этика және жауапкершілік принциптеріне адалдығын көрсетіп жүрген;
  • қаржы және менеджмент, бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан әлеуеті бар және тұрақты;
  • конвергент редакция және қуатты Интернет-ресурс құруға қаржы инвестициялауға мүдделі;
  • үйренуге ашық.

Жобаға қатысушылармен мына бағыттарда жұмыс жүргізіледі: 

  • бұқаралық ақпарат құралдары базасында конвергент редакция құру және жаңа медиа құралдарын интеграциялау жөніндегі резиденциялар;
  • бағдарламаға қатысушыларға арналған жеке кеңес беру жобалары;
  • мультимедиа журналистика, жаңа медиада, дата-журналистикада жұмыс істеу жөніндегі вебинарлар.

Байқауға қатысу шарттары

  1. Өтініш үлгісін толтыру
    1. Internews Network өкіліне asukhachyova@internews.org адресіне 2015 жылғы 15 қыркүйекке дейін жолдау.

2015 жылғы жобаға қатысу үшін әр елден екі-екіден, барлығы алты БАҚ іріктеп алынады. Байқаудың қорытындысын  Internews Network 2015 жылғы 25 қыркүйекке қарай шығарады.

2014-2015 жылы Newroom2.0 жобасы аясында  Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның алты бұқаралық ақпарат құралы  Интерньюстің аймақтық медиа- және бизнес кеңесшілерінің жетекшілігімен бірқатар тренинг, мастер-класс және вебинар өту мүмкіндігіне ие болды.

Бір жыл бойы редакциялар медианың онлайнда жұмыс істеу принциптерін үйреніп, мультимедиа құралдары мен оларды қолдану тәсілдерін меңгеріп, интернет-медиа саласында бизнес жүргізу ерекшеліктерімен танысты. Әр қатысушының өз нәтижесі бар — алты медиа құралы жобаға түрлі мақсат-міндетпен кірген болатын.

Жұмыс барысында Қызылордалық «Қоғам ТВ» телерадиокомпаниясы қазақ және орыс тілдерінде kogamtv.kz сайтын іске қосты.

Newsroom2.0 жобасының қазақстандық серіктестерінің бірі —  «Алау» телерадиокомпаниясы (Қостанай облысы) сайтын толық монетизациялады. Редакция жаңа платформа мен дизайн таңдады.

Қырғызстандық «Ынтымак» телерадиокомпаниясының да сайты жаңарды — yntymak.kg.

Серіктестермен жұмыс әлі де жалғаса береді, әр қатысушы кез келген сұрақпен кеңесшілерге жүгінуіне болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР