Дүние жүзінің журналистері деректер журналистикасына қызығушылық танытады, тренингтерге қатысып, жаңа білімдерді өз жұмысында пайдаланады. ICFJ Knight бағдарламасының стипендиаты Стивен Абботт Пью деректермен жұмыс істейтін журналистер қауымдастығымен өзара ықпалдастықты ұстап тұру жөнінде бірнеше идея ұсынады.
Сонымен, деректер журналистикасы бойынша курсты тәмамдап, бұл сіз үшін қандай мүмкіндіктерді ашатынын түсіне бастадыңыз. Ары қарай не істейсіз? Жаңа ақпарат алып, өз машықтарыңызды жетілдіру үшін ұсынылатын төрт тәсіл мынадай:
- Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер журналистикасымен және технологиялармен/инновациялармен байланысты әлемдік қауымдастықты танытатын Hacks/Hackers ұйымының жергілікті бөлімшесіне қосылыңыз. Ондай топтарды іздеу үшін Meetup.com немесе Facebook сайттарын пайдалануға болады.
- Twitter сайтында #DDJ және #dataviz хештегтері бойынша деректер журналистикасы мен деректерді визуалдау саласындағы жаңалықтарды қадағалап отырыңыз. Сол жерден табылған ақпарат сізге өзіңіз оқыған материалдар сияқты дүниелер жасау үшін жергілікті ақпарат көздерін іздеуге көмектеседі.
- Ашық деректердің онлайн-базаларында алуға болатын деректер жинақтарымен танысыңыз. Өз еліңіздегі ашық деректер ұсынатын ресурстарды біліп алыңыз.
- Пайдалы сілтемелерді алып отыруға жазылыңыз. Бұл сізге деректер журналистикасы саласындағы соңғы жаңалықтар туралы ақпарат алып отыруға мүмкіндік береді. Мысалы: Data Driven Journalism ұйымының бюллетені (DDJ) (жаңа бастаушылар үшін), Code for South Africa ұйымының Naked Data newsletter таратылымы (көңіл көтеру үшін) және NICAR-L таратылымы (эксперттер үшін). Сонымен қатар, Google Groups арқылы жергілікті таратылымдар жөнінде ақпарат іздей аласыз.
Деректер журналистикасында жұмыс істейтін журналистер үшін пайдалы болатын өзге де материалдарымыз:
Деректермен жұмыс істеудегі бес қадам