Journalismtools — медиа мамандарына арналған сервистердің ең толық жиынтықтарының бірі.
Қырықтан аса бөлімнің әрқайсысында ресурстарға сілтемелер, зерттеу материалдары, деректер базасы, тағы басқа көптеген пайдалы дүниелер бар.
«Жаңалық ресурстарының келешегі» , «Жаңалықтардың жаңа үлгісі» айдарларынан бастап, фото, видео, инфографика, карталар жасауға арналған алуан түрлі инструменттерге шолуға дейін, журналиске жаңа медиамен жұмыс істеу үшін білу керектің бәрін таба аласыздар.
Сондай-ақ, мұнда заманауи резюме жасауға арналған сервистер жинағы және сайт құрастыру жөніндегі нұсқаулықтар, дрондарды медиада қолдану туралы ақпарат та бар.
Сіз де өз редакцияңыз үшін пайдалы болар ақпаратты тауып қаларсыз.