ДомойМедиасауатФактілерді тексеру: әлеуметтік желі қолданушылары және байланыс деректері

Фактілерді тексеру: әлеуметтік желі қолданушылары және байланыс деректері

Фактілерді тексеру: әлеуметтік желі қолданушылары және байланыс деректері

Фактілерді тексеру — медиа маманы жұмысының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Қандай да бір ақпаратқа фактчекинг жүргізуге мүмкіндік беретін қарапайым құралдар тізімін ұсынамыз. Материалдың бірінші бөлімі әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге арналған онлайн-сервистер туралы болмақ.

Бұлардың арасындағы кейбір ресурстар сіздерге таныс болуы мүмкін, қайсыбірі нақты жағдайға қатысы аз болып көрінуі мүмкін. Алайда, деректерді тексеру үшін неғұрлым көбірек құралдарды қолдансаңыз, материалыңыздың ақырғы нұсқасы соғұрлым шындыққа жақын болады.

  1. Қолданушы туралы деректерді анықтау. Құралдар:

Facebook Graph Search,

LinkedIn,

Twitter Advanced Search,

Topsy — қолданушыларды, твиттерді, видео, фото, твиттердегі сілтемелерді іздеу.

Webmii — қолданушылар туралы фотосуреттер ресурстарында, Википедияда жарияланған онлайн-деректерді. жаңалықтарды (Yahoo), әлеуметтік желілердегі профильдерін қадағалап отырады.

Проверка фактов: пользователи и записи в социальных сетях

Әлеуметтік желі қолданушысы туралы ақпарат алу үшін іздеуді әлеуметтік желілерден бастау керек. Бұл қисынды да. Алайда, көбіміз осы қадамды тастап кетеміз. Твиттердегі арнайы іздеу баптауларын қолданыңыз, LinkedIn кәсіби желісіне кіріп шығыңыз.

2. Твиттер-аккаунт шынайы ма? Bot or Not? — көрсетілген твиттер аккаунтының деректерін — твиттер санын, ретвиттерін, достарын, т.б. сараптап отырады. Осы деректер бойынша қолданушы шынымен адам ба, әлде бағдарлама ма екенін анықтай аласыз.

Проверка фактов: пользователи социальных сетей

3. Байланыс ақпараты. Бұл сервистер көбінесе қолданушылар туралы ағылшын тіліндегі ақпаратты іздеуге арналған. Алайда, құралдардың функционалы алуан түрлі және тіпті аздаған деректердің өзі пайдалы болуы мүмкін.

Facebook Graph Search,

LinkedIn,

Twitter Advanced Search,

Pipl.com — аты-жөні, электронды почтасы, телефон номері бойынша іздеу.

Контактная информация.

Spokeo.com — алдыңғыға ұқсас сервис.

SearchSystems.net — адамдарды іздеу функциясы бар, көптеген деректер жарияланатын ғаламдық сервис.

Rapportive — Gmail-почтаға арналған плагин. Сізбен байланысатын адамдар туралы толық ақпаратты, оның ішінде мекен-жайын, фотоларын, әлеуметтік желілердегі аккаунттарын көрсетеді.

AnyWho — адамдарды аты-жөні, мекен жайы, телефон номері бойынша іздеу.

GeoSocial Footprint — твиттер-аккаунт бойынша ақпарат іздеу.

Numberway — қандай да бір елдегі ашық қол жеткізуге болатын телефон номерлері каталогы.

Numberway - каталог справочников телефонных номеров, находящихся в открытом доступе, в той или иной стране.

Google Person Finder — табиғат апаттарынан кейін жақындарыңызды тауып алуға мүмкіндік беретін құрал.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР