2016 жылғы 19-20 қаңтарда Алматыда Internews Network өкілдігі «Открытая Азия онлайн» жобасы аясында Internews жобаларына серіктес ретінде қатысатын медиа иелері, БАҚ жарнама бөлімдері, журналистерге арнап «Дағдарыс кезіндегі» жарнама тақырыбында тегін тренинг өткізеді.
Екі күндік мастер-класс бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерді қамтиды.
Қатысушылар дағдарыс кезінде медианы монетизациялау жөніндегі табысты кейстермен танысып, алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ қолданатын құралдар мен форматтарды пайдалануды үйренеді, сондай-ақ, тренерден жеке кеңес ала алады.
Тренингті «Алтапресс» холдингінің (Россия) жарнама бөлімінде жұмыс істеу тәжірибесі бар жарнама менеджері, медиатренер Анастасия Снегирева жүргізеді.
Internews серіктестері қосымша ақпарат алу үшін «Открытая Азия онлайн» жобасының жетекшісі Ольга Каплинаға +77272704130, +77021070179 телефондары бойынша немесе ogroznaya@internews.org почтасына хат жазып хабарласуына болады.