RadiumOne британ радиосының басқарушы директоры Руперт Стейнс (Rupert Staines) өз мақаласында брендтерге хештегтерді пайдаланудың тиімділігін арттыруға көмектесетін бірнеше кеңес берді.
1. Сізге өзі хештег пайдаланудың жалпы не үшін керек екенін анықтап алыңыз
Твиттегі немесе фотосуретінің сипаттамасындағы хештегтің көмегімен пайдаланушылар өз контентін әлдеқандай тақырыппен не саламен байланыстыра алады. Айталық, сіз #Californication деген хэштегті қолдансаңыз, хабарламаны телетоптамамен байланыстырып, өз контентіңіздің осы хэштег бойынша табылуын мүмкін етесіз. Мұндай индекстеу пайдаланушылардың өз қызығушылығына сай ақпаратты «таза» іздеу» (мысалы, Google арқылы) көмегімен емес, әлеуметтік негізде (мысалы, әлдеқандай әлеуметтік желіден) іздеп таба алуы үшін қажет.
2. Хештег қолдануда артық кетпеңіз
Instagram пайдаланушылары ұзақ уақыт бойы Firegram деген қосымшаны пайдаланып келді. Бұл қосымша фотосуреттердегі хештегтерді көбірек іздеу сұраныстарына жауап ретінде көрінетіндей (сөйтіп, көбірек көрініп, лайктар жинайтын) етіп ауыстырып отырған. Бұл негізі спам екені айтпаса да белгілі, сондықтан да қосымша фотосервистен алынып тасталды. Хештэгтерді неғұрлым көп қолдансаңыз, соғұрлым көп сұхбат пен талқылау, пікірталастарға қатыса аласыз. Өз хабарламаңыздың таралу аясын кеңейту үшін үш хештэг қоюдың орнына, хабарлама мәтіні қатысты тақырыпқа неғұрлым сай келетін біреуін қолданыңыз (хештегтердің тым көп болуы хабарламаның оқылуын қиындатады). Мына қарапайым ережені есте ұстаңыз: бір ғана хештег қолданған абзал, екі хештег қолдануға да болады, ал үшеу — жай ғана спам болып кетеді.
3. Хештегтің қысқа да нұсқа екеніне көз жеткізіңіз
Қысқа да нұсқа хештегтер діттеген жерге дөп тиіп жатады. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, хештег неғұрлым ұзын болса, оны оқу қиын, ал ұқсас сөзбен шатастырып алу оңай. Екіншіден, ұзын хештег жазғанда әріп қате кету мүмкіндігі артады. Соның нәтижесінде контент сізге қажетті тақырып не пікірталасқа қатысы жоқ болып қалуы мүмкін. Әсіресе мобильді құрылғыдан хабарлама жазған кезде мұқият болу керек.
4. Жарнама кампаниясының орта шешінде хештег ауыстырмаңыз
Хештег таңдап алдыңыз ба — оны ақырына дейін қолданыңыз. Пайдаланушылар талқылаудың екі арнаға бөлініп кеткенін және бір хештегтің орнына екеуін қолдануды жақтырмайды. Сондықтан, бірінші хештегті қолданып келе жатып, біраз уақыттан кейін орта жолдан басқа хештег қоссаңыз, өз шаруаңызды шайқалтып аласыз.
5. Өз хештегіңізді ілгерілетіңіз
Ол туралы ешкім білмейтін болса, хештегтің мәні не? Өз хештегіңізді барлық онлайн-ресурстарда (сайттар, әлеуметтік желілердегі парақщалар, т.б.), баспа өнімдерде, (жейделер, буклеттер, т.б.), электронды поштадағы қолтаңбаңызда қолданыңыз. Хештег туралы неғұрлым көбірек ақпарат таратсаңыз, оны соғұрлым көп адам көріп, қолдана бастайды. Сонымен қатар, хештегтің қамту аясын кеңейтудің жақсы тәсілі оны пайдаланушыларды пікірталасқа қатысуға немесе өз пікірін білдіруге шақырған кезде қолдану.
6. Өзге хештегтерді қолданыңыз
Хештегтің танымалдығын арттыру — оңай жұмыс емес, сондықтан, әу бастан жаңа хештег ойлап шығаруға асықпай, әлеуметтік желілерден бұрыннан сіздің тақырыпқа ұқсас хабарламаларда қолданылып келе жатқан хештегтерді іздестіріп көріңіз. Егер сіздің тақырыбыңыз осындай жолмен табылған хештегке қатысы бар болса, оның еш сөкеттігі жоқ. Айтқандай, пайдаланушылардың бірігіп, белгілі хештегдердің бастапқы қолданылу тақырыбын өзгертіп жібергенінің мысалдары да бар. Мысалы, #firstworldproblems деген хештег. ОЛ бастапқыда баяу интернетке және басқа да маңызы жоқ мәселелерге шағым айту үшін жасалған болатын, алайда уақыт өте келе қайырымдылық мақсаттарға, ең алдымен, 2010 жылғы зілзаладан зардап шеккен Гаити тұрғындарына қаржы жинау үшін қолданыла бастады.
7. Хештегті сөйлемге кіріктіріңіз
Хештегті сөйлменің ішіне кіріктіргенде ол қосымша контекстке ие болады және осылайша жазылған контент те жақсырақ көрінеді. Оның үстіне, бұлайша хабарламада орын үнемдеп, көбірек жазуға болады.
8. Сіздің хештегіңізді кез келген адам қолдана алатынын ұмытпаңыз
Хештегті сіз ойлап шығардыңыз, алайда оны иелену құқығы бізге тиесілі деген сөз емес. Интернеттегі бүкіл дүние сияқты, хештегтер де түрлі, көп жағдайда жайсыз қолдану нысаны болуы мүмкін. Ең алдымен, сіздің хештегті сіз қаламайтындай етіп түсіну мүмкіндігі жоқ екеніне көз жеткізіп алыңыз. Бірнеше сөзден құралған ұзын хештегтерді оқу қиын. Әрине, бір сөзден тұратын хештегті де түрлі сөйлемдердің құрамында қолданып, түрліше құбылтуға болады. Мұндағы ең жақсы амал — хештег үшін қысқарған сөз — аббревиатура ойлап тауып, оның соңынан (мүмкін болса) сандар қосу. Интернеттегі трольдардан қорғану үшін осы жеткілікті болуы тиіс. Сіз «хештег-апаттың» кезекті құрбанына айналғыңыз келмейді ғой?
9. Ең анық ақиқат дүниелерге ғана назар аударыңыз
Хештегтерді олардың бастапқы мағынасында қолдану көптеген интернет пайдаланушылары үшін әдет болып кетті. алайда хештегтердің мүмкіндігі онымен ғана шектелмейді. Брендтер жарнамада инновациялық тәсілдерді пайдалануына болады. Мысалы, өздері қолданатын хештегтер көмегімен клиенттерін сәйкестендіріп алып, брендтер шынайы уақыт режимінде осындай қатынас жасауға икемді екені олардың нақты тақырып бойынша хабарламаларынан көрініп тұратын адамдармен әрекеттесе алады. Сәйкесінше, компаниялар өздеріне сай аудиторияға релевант жарнамалық ұсыныстар жолдай алады.
Бұл кеңестер хештегтерді пайдалануда дұрыс бағыт сілтеуге арналған, алайда, әлеуметтік медиаға қатысы бар кез келген мәселедегідей, сабырлылық пен түйсік артықтық етпейді.