Домой Медиа үні «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы: БАҚ үшін қысқаша шолу

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы: БАҚ үшін қысқаша шолу

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы: БАҚ үшін қысқаша шолу

Былтыр жыл аяғында Қазақстанда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» жаңа заң қабылданды. Әдетте мұндай заңдар бүкіл халық үшін, оның ішінде журналистер де бар, ақпарат сұрату мен алудың жалпы ретін белгілейді.

Алайда, жаңадан қабылданған заңда сұратылған ақпаратты ұсынуға белгіленген мерзім тым ұзақ – 15 күн, сондықтан да «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң журналистердің сұраныстарына ықпал етпейді деген шешім қабылданды.

Осылайша, қазір журналистер үшін ақпаратты сұратып алудың екі реті бар: біріншісі – «БАҚ туралы» ҚР Заңы аясында, екіншісі – «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңына сәйкес.

Интерньюс-Қазақстан «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін шағын шолу әзірледі. Онда осы заң аясында ақпарат сұрату мен алуға қатысты негізгі мәселелер қарастырылады.

Ақпарат сұрату мен алу ретінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын қолдананатын болсаңыз, жаңа заңды қолданудың нәтижелері мен содан туындаған қиындықтар туралы бізге хабарлап отыруыңызды өтінеміз. Жаңа заңды редакцияларда тексеріп, байқап көргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын қолдану жөнінде сұрақтар туындаса, бізге хабарласыңыздар.

Нұсқаулықтан мыналарды біле аласыздар:

  • Әркімнің ақпарат алуға деген құқығы
  • Журналистер үшін қандай жаңа мүмкіндіктер бар
  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң қалай жұмыс істейді
  • Қандай ақпаратты сұратуға болады
  • Кім ақпарат беруге міндетті
  • Ақпаратты сұрату мен алудың реті
  • Ақпарат беру мерзімі
  • Ақпарат беру тарифтері
  • Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңның талаптарын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
  • Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу жөніндегі шешімдер мен әрекеттерге шағымдану
  • Ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі мәселелер бойынша комиссия
  • Сұраныстың типтік үлгісі

Нұсқаулықты мына арадан көшіріп алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь