Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясы және Боннадағы Deutsche Welle Akademie 2016 жылғы 20 маусым мен 26 тамыз аралығында Бішкекте өтетін «Орталық Азия қазіргі заман журналистикасы жазғы мектебіне» қатысуға байқау жариялайды.
Он апталық сертификаттаушы бағдарлама (сабақ кестесін мына арадан қарауға болады) Орталық Азия аудиториясына бағытталған баспа, радио ТВ және онлайн-БАҚ арнап сапалы журналистік материалдар әзірлеу үішн негізгі құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамытады.
Түпкі мақсат – журналистерге Орталық Азия бұқаралық ақпарат құралдарында шығарылатын хабарлар мен жарияланымдардың сапасын арттыруға көмектесу, Орталық Азия елдеріндегі ауылдық аймақтардың мәселелеріне саясаткерлер назарын аударту.
Жобаның аймақтық ұстанымы барлық Орталық Азия елдерінің журналистерін келешекте ақпарат, жаңалықтар бағдарламаларын жылдам алмаса алатындай бір желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Журналистер аудиториясының ауқымын кеңейтіп, жаңа ақпарат көздеріне ие болады.
Бағдарламаның жұмыс тілі – орыс тілі.
Тренерлер Қырғызстаннан, Ресейден және Германиядан.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдіретіндерге қойылатын талаптар
Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орнының соңғы курсында білім алып жүрген немесе оқуын жақында аяқтаған (өтініш берген кезде отыз жастан аспауы тиіс) жас журналистері шақырылады. Үміткерлердің БАҚ-да аз болса да жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Жоғары білімі жоқ, бірақ жұмыс істеп жүрген журналистерден де өтініштер қабылданады.
Міндетті шарттар: компьютерде бастапқы дағдылар және орыс тілін еркін меңгеру.
Қатысу үшін мыналарды қамтитын өтініш беру керек:
- Резюме
- Бағдарламаға не үшін қатысқысы келетіні туралы шағын хат
- Үміткердің соңғы екі жылда әзірлеген үш бағдарламасы (сипаттамасы) немесе мақаласы
- Жазғы мектеп барысында әзірлегіңіз келетін, Қырғызстанның ауылдық жерлердегі тұрғындарына қатысты немесе соларға арналған екі журналистік материал ұсыныңыз. Материалдың тақырыбын, оқиғаны немесе сюжетін жәнеқандай ақпарат көздерін қолдануды жоспарлайтыныңызды сипаттаңыз. Сондай-ақ, неліктен мұндай материалды өзекті деп санайтыныңызды да негіздеп жазыңыз.
Іріктеуден өткен үміткерлер 200 Евро көлемінде шәкіртақы алады. Басқа қалалардан келетіндерге жатын орын шығындарына қосымша айына 150 евро беріледі.
Өтінішті 2016 жылғы 25 сәуірден кешіктірмей мына электрон почтаға жіберу керек: s.dzardanova@osce-academy.net (Светлана Дзарданова, Бішкектегі ЕҚЫҰ академиясының зерттеулер және тренингтер жөніндегі үйлестірушісі).
Қосымша сұрақтарыңыз болса, Светлана Дзардановаға хабарласуға болады: s.dzardanova@osce-academy.net тел: (+996) 312 543 200