16-18 мамырда Алматыда Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы — Media and Social Innovation Lab 2016 өтеді. Қазақстандық қатысушылардың іріктеп алынған жобаларымен таныс болыңыздар.
- «Алау-ТВ» ЖШС (Костанай) — қаланың экологиялық мәселелерін шешуге арналған картографиялық сервис (құралдың әрекет ету аумағын барынша ұлғайту мүмкіндігімен). Қазақстанның барлық қалалары үшін басты мәселелердің бірі — халық пен биліктің экологиялық қатерге көз жұма қарауы. Жоба авторлары тұрғындарды, жергілікті билік өкілдерін және экологиямен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды араластыратын әлеуметтік науқан бастауды ұсынады. Ол үшін картография базасында суреті және экологиялық мәселенің сипаттамасы бар ақпарат жинақталатын онлайн-сервис жасалмақ.
- «Иммунитет тапшылығы вирусымен өмір сүріп жүрген адамдар одағы» ЗТБ (Алматы) — «ВИЧ» тақырыбында ашық коды бар веб-док жасау. Бүгінде Қазақстанда 18 мыңнан астам адам иммунитет тапшылығы вирусымен өмір сүріп жүр. ВИЧ таралуы тоқтар емес. Басты қатер жастарға төніп тұр. Бүгінде инфекцияның жыныстық жолмен таралуы көп кездеседі. Веб-док аясында психологтармен, дәрігерлермен, иммунитет тапшылығы вирусымен өмір сүріп жүрген адамдармен отыздан астам интервью жазылады, олар әр адам инфекцияға шалдығуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қолданушылар тақырыпқа қазір танымал болып отырған тест жүйесі арқылы тартылады.
- «Добровольное общество милосердия» (Дом) қоғамдық қоры, «Добрые вести» порталы (Алматы) – балалар үйлеріндегі жетім балалар туралы деректер базасына қол жеткізу тақырыбына арналған веб-док жасау. Қазақстанда балалар үйінен бала асырап алу процесі аса күрделі. ҮЕҰ және бала асырап алғысы келетіндер арнайы мекемелерде тұратын балалар туралы деректер базасына қол жеткізе алмайды.
- Ана бол! www.anabol.kz (Алматы) — қазақ тіліндегі осы тақырыптағы жалғыз онлайн-жобаны дамыту әрі ілгерілету. Жоба авторлары сондай-ақ, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған «Жалғыз емессің!» жобасын әзірлеуді де жоспарлар отыр. Әйелдерді ұрып-соғудың алдын алу аудио-, фото- и видеоөнімдер көмегімен жүзеге асырылады. Жоба ақпарат алаңына айналмақ, онда тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері көрсетіліп, анықтамалық материалдар ұсынылады.
Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы барысында командалар идеясын жетілдіріп, кәсіби менторлар көмегімен толыққанды жобаға айналдыра алады.
Лаборатория менторлары:
Иван Печищев – «Перьм мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті» журналистика және бұқаралық коммуникациялар кафедрасының доценті, «Теплица социальных технологий» жобасының үйлестірушісі, Ресей Федерациясы.
Гүлім Әмірханова — жаңа медиа, мультимедиалық журналистика саласындағы эксперт. «Высшая школа экономики» ҒЗУ коммуникация, медиа және дизайн факультетінің магистранты. Тележурналист және редактор. Телевизиялық және интернет-журналистика туралы тренингтер авторы. Қазақстан.
Сергей Макаров – “Институт новых медиа” қоғамдық қорының директоры, SMM маманы, алғашқы JashtarCamp, Эвергриния лагерін ұйымдастырушы. Қырғыз Республикасы.
Джахонгир Джалолов — «FASTER.tj — интернет супермаркет» жобасының негізін қалаушы және жетекшісі. Бұған дейін ООП бағдарламалау және WEB-дизайннан дәріс оқыған.
Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы қорытындысы бойынша үздік онлайн-жобаға $2000 көлемінде шағын грант беріледі.
Әзірленген жобаларды Қазақстандағы медиасеріктестерге беріп, ары қарай жетілдіріп, дамытып, тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарлануда.
Медиа және әлеуметтік инновациялар лабораториясы — Internews Network «Ақпаратқа қол жеткізуды қолдау» бағдарламасы аясында АҚШ халықаралық серіктестік агенттігінің қолдауымен жүзеге асырып ортырған жоба. Шараны ұйымдастырушылар — Орталық Азиядағы Internews Network өкілдігі, Интерньюс Қазақстан және ҚМЭБИ.
Лабораторияның серіктестері: