ДомойМедиа үні2016 жылғы GEN саммиті: журналистиканың бүгіні мен келешегінің трендтері

2016 жылғы GEN саммиті: журналистиканың бүгіні мен келешегінің трендтері

2016 жылғы GEN саммиті: журналистиканың бүгіні мен келешегінің трендтері

Өткен аптада әлемнің алпыстан астам елінің алты жүзден аса медиаинноваторлары Венада алтыншы (Global Editors Network – Халықаралық редакторлар желісі) GEN саммитіне  жиналып, медиаиндустрияның қазіргі жағдайын сипаттайтын трендтер мен тақырыптарды анықтады.

Конференцияны ұйымдастырған Халықаралық редакторлар желісі (GEN) – Парижде орналасқан, негізі қаланғанына бес жыл болған коммерциялық емес ұйым. Оның мақсаты — журналистиканың келешекте қандай болатынын, ақпарат еркіндігін және жаңалықтар медиа тәуелсіздігін қалыптастыру.

GEN 2016 конференциясында талқыланған мәселелерге шолу мұнда, біз материалдың бір бөлігін жариялап отырмыз.

Журналистиканың бүгіні мен ертеңінің технологиялық трендтері 

Конференцияда ұсынылған, талқыланған бірқатар технологиялық жетістіктер қазірдің өзінде жаңалықтар журналистикасын қалыптастырып отыр және алдағы уақытта қатты ықпал етеді.

Көптілді жаңалықтар

Вертикаль жарияланымдар тренді, арнайы маманданған қауымдастықтарға арналған контент-платформалардың пайда болуы, сонымен қатар, тілдік аудармаларға арналған недәуір тиімді бағдарламалық жасақтама көптеген тілде контент жасауға, сол арқылы недәуір кеңірек аудиторияның сұраныстарына сай болуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл шекарасыз журналистикаға мүмкіндік ұсынады, оның жарқын мысалы —  Панама құжаттары. Алайда, көптілді журналистикада мынадай негізгі мәселелер әлі де бар: аударма, контент басқаруға арналған платформалардың сәйкестігі және журналистердің ойлау ерекшеліктері. Сессияны толығымен көру үшін сілтемемен өтіңіз. 

Хабарлама алмасуға арналған қосымшалардың мүмкіндіктері мен қаупі 

2016 жылғы маусым айындағы көрсеткіштер бойынша, әлеуметтік желілерге қарағанда, чаттарды қолдаунышылар көбірек (3 млрд және 2,5 млрд), сондай-ақ, олар өз ішінде жолданатын фото- және видеоконтент көлемі жөнінен артық. Empirical Media компаниясының халықаралық серіктесі Филипп Херцберг (Philippe Hertzberg), Whatsapp, Line және WeChat сынды платформалар – медиа өкілдері қолданушыларымен тікелей байланысқа шығып, қауым қалыптастырушы механизм ретінде көріне алатын негізгі арналар дейді.

Футуролог Эйми Вебб (Amy Webb) сөйлеген сөзінде чаттарға арналған боттардың кемшіліктерін айтты.

Роботтардың қолдауына сүйенген журналистика 

«Роботтандырылған журналистика редакцияда орын алу үшін жеткілікті жетілген», – деді осы бір жаңа басталса да жылдам дамып келе жатқан саланың қазіргі жағдайын бағалайтын сарапшылар тобының мүшесі болған журналист және бағдарлама әзірлеуші Лоренс Дирикс (Laurence Dierickx).

Осы топтың мүшесі, Norwegian News Agency инновациялар жөніндегі директоры  Элен Фогт (Helen Vogt) роботтар үлкен көлемді деректерді жылдамырақ сараптап, шағын мәтіндерді жылдамырақ әзірлейді, уақыт үнемдеп, адамдарға қарағанда нақтырақ жұмыс істеуге қабілетті дегенді айтты.

Оның айтуынша, бір жағынан, журналистер роботтарды оқытып, олар әзірлеген мәтіндерді дамытып, деректерді жазып алып, мұрағаттап отырады. Роботтандырылған журналистикаға арналған сессияның негізгі тезистері.

Жаңалық ойындар

Жаңалықтар редакциялары қолдана бастаған тағы бір жаңа технология — жаңалық ойындар. Сессияны түгелдей мына арадан қарап алуға болады:

https://youtu.be/5wtN3MPRcuc?list=PL8hWnjRA46t45E4KYcySpmxiDZyFVaL7m

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР