ДомойМедиа үніСтартапшы футболшылар

Стартапшы футболшылар

Стартапшы футболшылар

Футболдан Еуропа біріншілігі басталғалы бері бүкіл әлем назары Францияға ауды. “Кәрі құрлықтың” ең мықты әрі шебер футболшылары бір ай ішінде өзара үздікті анықтауға кірісті. Футболшылардың ішінде спортпен қатар әр түрлі стартаптардың аяққа тұрып кетуіне қызығатын жандар бар. Олар миллиондаған қаржысын жұмсап, жаңа технологиялардың күнделікті өмірімізде қолданысқа етіп кетуіне үлес қосқысы келеді. 

Криштиану Роналду (Португалия):

роналду

Әлемнің үш дүркін ең үздік футболшысы Криштинау Роналду өзін барша қырынан көрсетіп жүрген ерекше спортшылардың бірі. Оның құрметіне жеке музей ашылып, бірнеше кітап жазылып, деректі фильмдер түсірілген. Сонымен қатар Роналду Mobitta атты стартапқа инвестиция салған. Mobitta — әлемге танымал Foursquare мобайл қосымшасының португалиялық аналогы. Бұл мобайл қосымша жақын маңдағы кафе мен мейрамханалардағы тағамдардың бағасы мен сапасын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Mobitta сервисі арқылы мейрамханаларда бонустық жеңілдіктер алуға болады.

Роберт Левандовски (Польша):

левандовски

Польшалық супер шабуылшы өзінің голдарымен барша жанкүйерлерді баурап алған адам. Германия чемпионатында бірнеше жылдан бері ең үздік шабуылшы атағын ешкіммен бөліспей келуде. Танымал футболшы германиялық жастар ойлап тапқан Scondoo мобайл қосымшасына ақша құйғанын мәлімдеді. Бұл сервис арқылы кез келген дүкенде тауарларды арнайы арзандатылған бағамен сатып алуға болады. Бүгінгі күнде Scondoo-мен Nestle және Garnier сияқты брендтер бірге жұмыс істеуді бастады. Қосымша AppStore мен GooglePlay-ге шықты.

Андрес Иньеста (Испания):

иньеста

Испания құрамасының қатарында жеңуге болатын бүкіл жарыста топ жарған жартылай қорғаушы да стартаптарға қызығатынын жасырмайды. FirstV1sion атты жаңа жобаға $3 млн қаражат салған. Бұл кішкентай ғана камерамен сапалы видео ұсынатын сервис. Киімге қыстырып алып, ешкімге байқатпауға болатын ерекшелігі бар.

 

Дэвид Бекхэм (Англия):

бэкхем

Футболшы кезінде айып доптарының хас шебері атанған Бекхэм карьерасын аяқтай сала өзін әр түрлі салада сынап көрді. Соның ішінде MyEye атты мобайл қосымша бар. Бұл кәдімгі Periscope-тің аналогы. Онлайн түрде видео-трансляция жасауға болатын құрылғы. Бекхэм бұл жобаны тікелей жарнамаламаса да, брэнд-амбассадор ретінде көп пайдасын тигізіп жүр. MyEye-ді AppStore және Google Play платформаларынан жүктеп алуға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР