ДомойМедиа үніРио 2016 Олимпиадасы: медиаэксперименттер

Рио 2016 Олимпиадасы: медиаэксперименттер

Рио 2016 Олимпиадасы: медиаэксперименттер

Жылдың ең маңызды спорт шарасын онлайн-медиа құралдары қалай жариялап жатыр? Алдыңғы қатарлы халықаралық БАҚ жасап жатқан қызықты жобаларға қысқаша шолу әзірледік.

The Washington Post Рио 2016 олимпиадасынан ақпарат тарату кезінде авторматты түрде мақала жазудан  эксперимент жүргізіп жатыр.

«Гелиограф» (Heliograf) — олар өздері әзірлеген жүйе, оқырмандарға арнап бірнеше сөйлемнен тұратын қысқа хабарламалар генерациялайды. Олар  The Washington Post блогында, твиттерде — @WPOlympicsbot жарияланады, сондай-ақ, Messenger-дегі бот арқылы оқуға болады.

Бұл — Гелиографтың алғашқы нұсқасы, жүйені The Washington Post инженерлері ары қарай жақсартып, толық, деректерге толы мақалалар жазуға дейін дамытады. Сол арқылы ең маңызды деген жаңалық хабарларды, соның ішінде АҚШ Президенті сайлаудан да хабар тарату жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бұл технология түрлі дерек көздерінен алынған ақпаратты өңдеп, қолданушының жеке әрекеттеріне бейімдеп, сонымен қатар, деректердегі қалыптас тыс мәліметтерді тауып, журналистерге зерттеу жүргізуге болатын тақырыптар туралы ескертіп отыра алады.

Олимпиадаға арнап Гелиограф бірнеше сөйлемнен тұратын қысқа хабарлар дайындап, оқырмандарға күнделікті жарыстар кестесін, нәтижелерін, медальдар саны бойынша қорытындыны жариялап  және марапаттау рәсімі басталардан 15 минут бұрын ескертіп отырады.

2016 жылғы олимпиадаға арналған  The New York Times арнайы бөлімінде жалпы жаңалықтар мен күнделікті жаңартулардан бөлек,  «Интерактив оқиға баяндары» деген айдар бар.

Онда  спортшылар туралы мультимедиаматериалдар жарияланады:

1

Соған қоса, фотографтар The New York Times, The Associated Press, Reuters, Getty Images,  Pressphoto Европа агенттігі және Agence France-Presse үшін арнайы түсірген  фотосуреттер тізбегі үнемі жаңартылып отырады.

Олимпийские игры в Рио 2016: медиаэксперименты

Медиа құралдары ұсынатын тағы бір қызық идея — алдағы үш апта бойы Times-тің Бразилияда жұмыс істеп жүрген он екі репортерінің бірі, спорт редакторының орынбасары  Сэм Манчестер (Sam Manchester) жазылушыларға ойындар барысынан SMS хабарламалар жолдап отырады .

Алайда, ол жай ғана қарапайым жаңалықтар болмайды.  Манчестер күнделікті 3-4 хабарламаға жеке сипат дарытуды  жоспарлап отыр, ол үшін смартфон экранының скриншоттары, GIF, эмодзи және өзімсіне жазуды қолданбақ.

Олимпийские игры в Рио 2016: медиаэксперименты

Times үшін алғашқы қадам болып отырған бұл тәсіл «мобайл» қолданушылармен арада етене, недәуір берік байланыс орнату үшін СМС қолдануды қалыптастыру талпынысы. Хабарлама алмасуға арналған қосымшалардың кемшілігі жоқ болғанымен, басылым СМС форматын таңдап алыпты, өйткені, қолында смартфоны бар әр адамға тікелей шығудың ең жақсы мүмкіндігі осы.  Times  осы хабарламаларын алып отыру үшін ондаған мың адам жазылады деп үмтіттеніп отыр.

BBC сайтында да арнайы «Рио 2016» айдары ашылған. Мұнда да жаңалықтар, жарыстар кестесі және басқа да ақпарат жарияланады.

Сондай-ақ, BBC командасы редактор, Лафборо университетінің спорт психологы  Дэвид Флетчермен бірлесе отырып, «Олимпиалық менталитеті бар адамдар қатарындасыз ба?» деген тест әзірлепті. Спорт ойындарында жеңімпаз бола аласыз ба, әлде тек бақылаушы болу бұйырған ба — соны тексеріп көруіңізге болады.

Олимпийские игры в Рио 2016: медиаэксперименты

Сұрақтар спорт жарыстарындағы жоғары жетістіктерге жету үшін керек негізгі сипаттарды анықтау мақсатымен әзірленген.

The Guardian сайтының «олимпиада» бөлімі  де ерекше жасалған.

Егжей-тегжейлі жазылатын жаңалық материалдар, «фото және видео» бөлімі және күнделікті оқиғалар кестесінен бөлек, The Guardian оқырмандарына Риодан мәтін (фото және видеомен) трансляция ұсынады. 

Олимпийские игры в Рио 2016: медиаэксперименты

Деректерді визуалдауға керемет мысал — Жазғы Олимпия ойындарының тарихы (авторы — Dash Davidson).

(интерактив нұсқасын көру үшін суреттің үстін басыңыз) 

Олимпийские игры в Рио 2016: медиаэксперименты

Немесе Peter Gilks жасаған интерактив жоба – жазғы ойындарда қай ел қанша медаль алғаны.

(интерактив нұсқасын көру үшін суреттің үстін басыңыз)

Или интерактивный проект Peter Gilks – количество медалей летних игр по странам.

Ал мынау – олимпиада мен паралимпиаданың ең табысты деген 20 чемпионын салыстыру (авторы — Jenny Richards).

А это – сравнение 20 самых успешных олимпийских и параолимпийских чемпионов (автор - Jenny Richards).

(интерактив нұсқасын көру үшін суреттің үстін басыңыз)

Пікірлер мен толықтырулар болса — алғыс айтамыз!

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР