ДомойБайқау/ГранттарInternews Қазақстанда ТоТ қатысуға байқау жариялайды

Internews Қазақстанда ТоТ қатысуға байқау жариялайды

Internews Қазақстанда ТоТ қатысуға байқау жариялайды

333333

Қазақстандағы Internews өкілдігі «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін мультимедиалық технологиялар көмегімен тиімді жариялаудағы кәсіби шеберлікті арттыру жөніндегі  тренерлерге арналған бес күндік тренингке (ТоТ) қатысуға байқау жариялайды.

Мақсаты: мақсатты топтың (журналистер, азаматтық сектор белсенділері, тәуелсіз эксперттер және жұмыс істеп жүрген медиатренерлер мен кеңес берушілер) қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін мультимедиалық технологиялар көмегімен тиімді жариялаудағы кәсіби шеберлікті арттыру жөніндегі білім деңгейін арттырып, кәсіби дағдылар мен машықтар қалыптастыру.

Тренерлерге арналған тренингке Қазақстанда жұмыс істейтін:

• журналистер;
• қоршаған орта және табиғи ресурстар саласында қызмет етіп жүрген азаматтық қоғам ұйымдарының (ҮЕҰ) жергілікті эксперттері;
• қоршаған орта және табиғи ресурстар саласындағы жергілікті эксперттер;
• жұмыс істеп жүрген медиатренерлер/консультанттар қатыса алады.
ТоТ қатысушылары байқау негізінде іріктеледі. Тренинг 2016 жылғы 5-9 қыркүйек аралығында өтеді.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

• жоғары білім,
• практикалық тренерлік жұмыс тәжірибесі (2 жылдан кем емес),
• қандай да бір тақырыпта мамандануы (мысалы: қоршаған орта, табиғи ресурстар, мультимедииалық технологиялар, қақтығыс тудыруы мүмкін тақырыптарды жариялау және т.б.),
• қоршаған орта және табиғи ресурстар тақырыбында журналистік материалдар әзірлеу (соның ішінде — мультимедиалық технологиялар көмегімен) тәжірибесі барларға басымдық беріледі,
• кейіннен тренингтер өткізу үшін аймақтарға сапарға шығуға әзірлік,
• қазақ тілін (басымдық) және орыс тілін білу,
• адамдармен жылдам тіл табысу қабілеті, білім беруге дайын  және ынталы болуы.

Байқауға қатысу шарттары:

Байқауға қатысу үшін

• тренингке қатысу жөніндегі өтініш үлгісін және
• резюме (СV) толтырып, 2016 жылғы 22 тамызға дейін  centralasia@internews.eu почтасына жолдау керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Хат тақырыбында міндетті түрде «ТоТ по освещению вопросов окружающей среды и природных ресурсов в Казахстане» деп көрсетіңіз

Бағдарламаға қатысу тегін. Қатысушылардың жол, жатақ және тамақтану шығындарын жоба көтереді. Жолақы шығындары қажетті құжаттарды өткізгеннен кейін барып өтеледі. Іріктеуден өткен қатысушылар тренинг бағдарламасын бастан-аяқ өтуге және жобаның оқыту бағдарламаларына қосалқы тренер ретінде қатысуға міндеттеме алады.

Интерньюс қабылданбаған өтінімдерге қатысты түсініктеме бермейді.

Өтінім берудің соңғы күні  — 2016 жылғы 22 тамыз.

ТоТ Европа одағы қаржыландырып, Internews жүзеге асыратын «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін жобаның Қазақстандағы медиатренері Назгүл Қожабековаға NKOZHABEKOVA@INTERNEWS.EU хабарласуға болады.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР