ДомойБайқау/ГранттарInternews ашық деректер жөніндегі журналистерге арналған тренингке қатысу үшін өтініштер қабылдайды

Internews ашық деректер жөніндегі журналистерге арналған тренингке қатысу үшін өтініштер қабылдайды

Internews ашық деректер жөніндегі журналистерге арналған тренингке қатысу үшін өтініштер қабылдайды

Internews Астана қаласында журналистерге арналған тренинг өткізуді жоспарлап отыр, бастапқы мәлімет бойынша, тренинг 2016 жылғы 22-23 тамызда өтеді.

Тренинг барысында қатысушылар Internews медиамамандарынан теориялық сабақтар мен практикалық мастер-кластар өтеді.

Тренингтің негізгі тақырыптары:

  • Деректер журналистикасы. Дата-журналистика форматында материал әзірлеу процесінің негізгі кезеңдері.
  • Деректерді онлайн-сервистер мен қосымшалар көмегімен визуалдау.
  • Ашық деректерді өңдеудегі негізгі принциптер.

Тренингке қатысу жөніндегі бастапқы өтініштер 2016 жылғы 15 тамызға дейін oossadchuk@internews.org почтасына қабылданады.

Өтініш, хат тақырыбында «Заявка на участие в тренинге для журналистов «Работа с открытыми данными» деп көрсетіңіз.

Еркін үлгіде толтырылатын өтініште мына мәліметтерді көрсету керек:

  1. Аты-жөніңіз
  2. Тұратын еліңіз
  3. Жұмыс орныңыз
  4. Мамандығыңыз
  5. Бұл тренингке қатысу сіз үшін неліктен маңызды екені

Өзге қалалардан келетін қатысушылардың жол және жатақ шығындарын ұйымдастырушылар көтереді.

Ұйымдастырушылар тренинг күнін өзгертуі мүмкін. Орын саны шектеулі.

Сұрақтарыңыз болса: oossadchuk@internews.org почтасына немесе +7 727 270 41 30 телефонына хабарласыңыздар.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР