ДомойБайқау/ГранттарЖурналистерге тамызда ұсынылатын мүмкіндіктер

Журналистерге тамызда ұсынылатын мүмкіндіктер

Журналистерге тамызда ұсынылатын мүмкіндіктер

Журналистика саласында жаңаша білім алып, жаңа тықырыптарды қозғап, жұмысыңызда жаңа белестерді бағындырғыңыз келсе, дүние жүзінің журналистеріне арналған байқау, машықтану және үйрену курстарына назар аударыңыз.

 

 IWMF ұсынатын Adelante стипендиясы  Дедлайн — 7 тамыз

Дүние жүзінің үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар журналист қыз-келнішектері Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін әйелдер халықаралық қорының (IWMF) Мексиканың оңтүстік және солтүстік шекараларындағы жағадайды жариялау үшін ұсынатын стипендияларына өтінім беруіне болады. Ұйымдастырушылар қатысушылардың бағдарлама бойынша бар шығындарын: жол ақысын, жатақ ақысын, тамақтануын, көмекшілер мен аудармашыларға төлейтін шығындарын тұтас көтереді. Толығырақ ақпарат алу үшін  сілтемемен өтіңіз.

Деректі кино түсірушілерге арналған Редфордтар орталығы ұсынатын гранттар Дедлайн — 10 тамыз

Редфордтар орталығы жаңадан бастаушы, экологиялық мәселелер туралы, оларды шешу жолдары туралы деректі кино түсірушілерге, фильмдер авторларына гранттар ұсынады. Стипендия иегерлері Стипендиаты  15000 АҚШ долларын,  GoPro Hero 4 Black камерасын алады және әріптестерінің кеңесі мен қолдауына ие болады. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз. 

 GroundTruth Project стипендиялары  Дедлайн — 15 тамыз

Жаңадан бастаушы деректі кино түсірушілер климат өзгеруі және осы процестің әйелдер мен балалар денсаулығына әсері туралы қысқа метрлі түпнұсқа фильмдер топтамасын түсіруге арналған стипендияларға өтініш беруіне болады. Бағдарлама аясында фильмді түсіруге 4-6 апта және өңдеу жұмыстарына қосымша уақыт беріледі. GroundTruth жеңімпаздарға стипендия береді және сапарлармен байланысты шығындарының бәрін өтейді. Толығырақ ақпарат алу үшін  сітемемен өтіңіз. 

Редакцияаралық алмасу бағдарламасы  Дедлайн — 20 тамыз

БАҚ дамыту қоры  развития  (Media Development Foundation) және Mymedia жобасы жас журналистерге арналған релакцияаралық алмасу бағдарламасын ұйымдастырады. Бағдарлама аясында Украинаның үздік теле-, радио-, онлайн- және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында еңбекақы төленетін машықтанудан өту, сондай-ақ, украиналық және шетелдік медиаэксперттер, журналистер мен редакторлардың тренингтері мен мастер-кластарына қатысу көзделген. Машықтану екі аптадан екі айға дейін созылады. Қатысушыларға 650 евро көлемінде стипендия төленеді, жолақысы мен жатақ шығындары өтелмейді. Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз.

Hostwriter платформасы ұсынатын сыйлық  Дедлайн — 31 тамыз

Аккредитацияланған журналистерге кәсіби серіктестік үшін бір-бірімен қатынас жасауға мүмкіндік беретін Hostwriter платформасы ортақ жұмыс нәтижесінде жасалған журналистік жұмыстар және әлеуетті идеяларға жасалған питчинг үшін жалпы сомасы 4 000 евро сыйлықтар ұсынады. Байқауға екі немесе одан да көп журналистің қатысуымен жасалған жобалар қатыса алады. Жеңімпаздарға бірінші орынға 2 000 және екінші орынға 1 000 евро, үздік питчинг үшін — 1 000 евро сыйлық беріледі.  Толығырақ ақпарат алу үшін сілтемемен өтіңіз. 

Источник: ijnet.org.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР