ДомойМедиа үніҚР БАҚ туралы заңдарына енгізілмек 4 "қорқынышты" түзету

ҚР БАҚ туралы заңдарына енгізілмек 4 «қорқынышты» түзету

ҚР БАҚ туралы заңдарына енгізілмек 4 «қорқынышты» түзету

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі бірнеше заңға: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңға, Телерадиохабар тарату туралы Заңға және Жарнама туралы Заңға журналистер мен БАҚ мүддесіне қатысы бар бірнеше өзгерту енгізуді ұсынып отыр. Ақпарат алу үшін журналистердің мүмкіндіктерін арттыру, баспасөз қызметінің мәртебесін және олардың журналистермен қатынас жасауын анықтау сынды оң өзгертулермен қатар, министрлік қазақстандық журналистика қауымдастығында біраз дау тудырып жатқан екіұдай түзетулерді де ұсынады.

Министрліктің түзетулері Қазақстан журналистикасының келешегі үшін несімен қауіпті? «Открытая Азия онлайн» ең даулы төрт ұсынысты іріктеп алып, INTERNEWS заңгері Ольга Диденкомен бірлесе отырып талдауға тырысты.

1. Журналистерді тарататын ақпаратының растығын тексеруге міндеттеу

Министрлік не ұсынады?

Қазір ақпараттық растығын тексеру журналистің міндеті емес, құқығы. Жас журналистерді бірнеше дерек көзі қағидасына сүйеніп, мүмкіндігінше объектив ақпарат жариялауға үйретеді. Бір тақырып бойынша бінеше пікір, көзқарас тұрғысы көрсетілуі тиіс. Алайда, министрліктің ойынша, «журналистер ақпарат көзі ретінде өсек-аяңға көп сүйенеді» екен. Сондықтан да ақпараттың растығын тексеруді міндеттеу қажет болып отыр.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Іс жүзінде бұл қалай жұмыс істейтінін елестетіп көру де қиын. Журналистердің қолында ақпаратты жүз пайыз тексеруге арналған құралдар мен әдістер жиыньығы жоқ, сондықтан, әрине, қателіктер де, ақпаратты рас әрі шынайы деп қабылдап адасу да болатыны сөзсіз. Алайда, кез келген міндеттемені орындамаудың жауапкершілігі бар. Сондықтан да министрліктің журналистерді тарататын ақпаратының растығын тексеруге міндеттеу ұсыны шектен шығу сияқты.

Қайтпек керек?

Журналистиканың әлеуметтік жауапкершілігі бар мамандық ретіндегі этикалық стандарттарын жоққа шығаруға болмайды. Журналист тарататын ақпараттың растығы мен объективтілігін тексеру – журналистиканың этикалық нормалары мен ережелерінің негізі. Мұны заң жүзінде міндеттеудің қажеті жоқ. Журналистер өз қызметінде кәсібінің этикалық нормалары мен қағидаларын қатаң ұстанып, қолдана бастауы жеткілікті.

2. Желідегі аноним пікірлерге тиым салынуы мүмкін

Министрлік не ұсынады?

Желіде лақап атпен немесе жасырын атпен жазба жариялап пікір білдіру мүмкіндігі министрліктің мазасын алып отырған сияқты. Сондықтан «қолданушының өз атымен немесе лақап атпен ақпарат жариялау мүмкіндіктерін біржақты түсіндіретін ережелерді нақтылау» ұсынылып отыр.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Мұндай өзгертулер қабылданса, Интернеттегі анонимдік деген құбылыспен қош айтысуға болады. Пікірлер тек оң, жазбалар — тек мадақ болады, ал сыни пікір айту, тіпті жай балама көзқарас білдіру дегендер сирек құбылысқа айналады, не мүлде жойылады.

Қайтпек керек?

Журналистика мамандығының бір артықшылығы және журналистердің құқығы — материалдарын өз атымен немесе лақап атпен (псевдоним) жариялау мүмкіндігі. Материалдардың бәрін үнемі автордың шын атымен жариялай беру мүмкін емес: оны өзіне, өміріне, денсаулығына, жақындарына қауіп төнуі мүмкін. Жыл сайын кәсіби қызметі үшін журналистерге шабуыл жасау, тіпті өлтіріп кету жағдайлары жиілеп келеді. Қазақстанда да бұрын мұндай жағдайлар көп тіркелген. Алайда, министрліктің ұсынысы қабылданатын болса, журналистерді ұрып кету, өлтіріп кету қайтадан басталуы мүмкін. Бұлай болмауы үшін, журналистер псевдоним заңды ма, заңды болса қаншалықты деген мәселеде өз ұстанымын нақты, ашық білдіруі тиіс.

3. Қазақстандықтардың блогтары енді бұқаралық ақпарат құралдарына айналады

Министрлік не ұсынады?

Блогтарды бұқаралық ақпарат құралы деп есептеу керек дейді. «Заңдағы «интернет-ресурс» түсінігін блогерлерге қатысты қайта қарау ұсынылады» деп тұрып көрсеткен. Қазақстанда онсыз да әр сайт — БАҚ, алайда министрлік блогтарды да БАҚ ерекше санатына айналдырып, оларды тіркеп отырғысы келеді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

3855ce4832a80f5b636ba974786aec0b

Әзірге түсініксіз. Блогты БАҚ ретінде сипаттайтын, автордың блогы соған жата ма, жатпай ма — соны анықтауға көмектесетін нақты шарттар мен талаптар керек. Ондай шарттар мен әдістемесіз, қазақстандықтардың блогтарын БАҚ қатарына қосу туралы айтуға әлі ерте.

Қайтпек керек?

Дамыған елдердің интернет-ресурстарды реттеу жөніндегі заң тәжірибесі мен алдыңғы қатарлы практикаларды зерттеп, бәрін бақылап отыру идеясынан бас тарту керек.

4. Журналистерді кейіпкерден жеке бас деректері мен жеке өміріне қатысты мәліметтерді жариялауға рұқсат беретін қолхат алып отыруға міндеттеу

Министрлік не ұсынады?

Министрліктің ең даулы да түсініксіз ұсынысы — журналистерді «ақпараты жарияланатын тұлғадан жеке бас деректері мен жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етуге өз қолымен жазылған рұқсат алуға» міндеттеу. Қазірше бұл «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы ережелері бойынша мүмкін емес.

Бұл қалай жұмыс істейді?

«Алақай! Енді журналистер менің шаруама тұмсығын тықпайтын болды!» деп қуана кетер журналистік мақалалар мен сюжеттердің болашақ кейіпкерлері. Түзету қабылданса. Және олардыкі жөн болады. Бұл түзету қазақстандық журналистиканы баяу, азапты өлімге байлап береді, журналистік зерттеу жанрын (әлі бар болса) түп-тамырымен жояды және сыни материалдардың толық атаусыздануына алып келеді. «Депутат Л», «шенеунік К», «прокурор п-ның жұбайы», «судья Т» деп жазылады журналистік материалдардың кейіпкерлері, түзету қабылданса. Олай болса, БАҚ пен журналистерден сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көмек күтіп, қандай да бір қоғамдық маңызы бар ақпаратты немесе қылмыстық оқиғалар туралы ақпаратты жариялауын талап етудің қажеті жоқ.

Қайтпек керек?

Министрліктің бұл ұсынысын жоққа шығарып, оны мүлде қарастырмай, журналистердің кәсіби міндетін адал және мамандығының этикалық стандарттарына сай атқаруына мүмкіндік беру керек.

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР