Қазақстанның медиа және экологиялық ҮЕҰ мамандарын 2016 жылғы 19-20 желтоқсанда Алматыда өтетін «Экология тақырыбындағы жаңаша жобалар» атты EcoCamp-ке қатысуға шақырамыз.
EcoCamp форматы – тақырыптық форум және шығармашылық жобалар әзірлейтін шеберхана қосындысы. Әр команда эксперт-менторлардың қадағалауымен өз жобасын әзірлейді, а шығармашылық және ашықтық кәсіби дамуға ықпал етеді.
EcoCamp-ке қатысу – экологиялық мәселелер туралы жаңаша, терең түрде, қарапайым тілмен баяндауды, қоршаған орта және табиғи ресурстан мәселелері жөнінде қазіргі заманға лайық сапалы оқиға баянын құруды үйрену.
EcoCamp мақсаты – қоршаған орта және табиғи ресурстар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша бірлескен мультимедиалық жобалар әзірлеу үшін медиа мамандары мен ҮЕҰ өкілдерінің басын қосуға арналған алаң ұсыну.
Екі адамнан тұратын командалардан өтініштер қабылданады. Медиа және ҮЕҰ өкілдерінен құралған командалардың өтініштері басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, өтініштерді қарастыру барысында Internews мамандары өтініш берушілерге тақырыптары ұқсас жобаларды бір командаға біріктіуге көмектеседі.
Командалар мультимедиалық өнім әзірлеу барысында қоршаған орта және табиғи ресурстарға қатысты қандай мәселелерге байланысты жоба әзірлегісі келетінін өтініштің өзінде сипаттап жазу керек.
Барлығы 20 қатысушы (10 медиамаман және 10 ҮЕҰ өкілі) іріктеп алынады. EcoCamp барысында командалар өтініштерін жетілдіріп, менторлардың көмегімен мультимедиалық жобаларға айналдырады.
Қазылар алқасы жобалардың барлығын бағалап, тренинг нәтижесінде грант немесе стипендияға лайық дегендерін іріктеп ұсынады.
Internews қатысушылардың жол, жатын орын және тамақтану шығындарын көтереді.
Қазақстанның медиамамандарынан және экологиялық үкіметтік емес ұйымдарынан дара да, топтық та өтініштер қабылданады.
Толтырылған өтініш үлгісін және қосымша құжаттарды 2016 жылғы 5 желтоқсанға дейін centralasia@internews.eu почтасына жолдаңыздар.
«Экология тақырыбындағы жаңаша жобалар» атты EcoCamp Internews-тің Европа одағының қолдауымен жүргізіліп отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі.
Өтініш үлгісін мына жерден көшіріп алуға болады.
Толық ақпарат алу үшін жобаның Қазақстандағы үйлестіушісі Назым Тоғанбаеваға хабарласыңыздар +77022155081