ДомойОқып-үйренBIGVU - смартфонға арналған телесуфлер

BIGVU — смартфонға арналған телесуфлер

BIGVU — смартфонға арналған телесуфлер

Сайтқа, телевизияға, әлеуметтік желілерге арнап мобайл құрылғы көмегімен видео жазатын болсаңыз, міндетті түрде BIGVU teleprompter (iPhone немесе Android) тегін қосымшасын — реал уақыт режиміндегі көмекші-суфлер орнатып алыңыз.

Онымен қажет мәтінді, атауларды, адам аттарын жылдам еске түсіре аласыз.

Қосымша қалай жұмыс істейді?

Көшіріп алғаннан кейін тіркелу немесе Facebook, Google+ аккаунттарыңыздың бірін көрсетіп кіру қажет болады.

Содан кейін «Скрипт» батырмасын басып, тақырыбынан бастап, түгел мәтініңізді жазасыз.

Құсбелгіні басамыз — дайын! Бірнеше секундтан кейін видео жазуды бастай беруге болады.

Сіз мәтінді жазылып жатқан видеоның үстінен көріп отырасыз. Әрине, ақырғы жобада ол жазулар көрінбейді.

Жазып болғаннан кейін дайын видеоны сақтап, экспорттап, жариялауға болады.

Назар аударыңыз: баптамаларында бір минутта жүріп өтетін сөздер санын анықтайтын қызмет, видео сапасын жақсарту мүмкіндігі бар.

Түсірілім сәтті өтсін!

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР