Үш жылдық және одан да көп жұмыс тәжірибесі бар, карьерасын дамытып келе жатқан журналистерге арналған «Оқиғаларды жариялауда ғаламдық медиа стандарттарын қолдану» мастер-класстар цикліне қатысуға өтініштер қабылдау басталды.
Мастер-класс «Перспективы» біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында өткізіледі. Мастер-кластардың мақсаты — журналистердің мәтін жазу және интервью әзірлеудегі, сондай-ақ, цифрлік дәуірде ақпарат таратудағы кәсіби дағдыларын дамытуға ықпал ету.
Мастер-кластар циклінің сипаттамасы
Мастер-кластар циклінің басты бағыттары — Рейтер агенттігінде және ғаламдық медиа ақпарат қызметтерінде қолданылатын халықаралық кәсіби стандарттарға сай түрлі форматтарда мәтін жазуды үйрету болады.
Мастер-кластар бағдарламасының негізін мәтін жазудағы нақтылық, объективтілік, шапшаңдық, анықтық пен құрылым сынды базалық журналистік машықтарды және мәтін дайындаудың негізгі принциптерін жақсартуға бағытталған практикалық жаттығулар құрамақ. Сонымен қатар қатысушылар мультимедиалық құралдарды және материалын әлеуметтік желілер мен цифрлік медиада ілгері жылжыту техникаларын да оқып-үйренеді.
Мастер-кластар журналистерге өзінің күшті және әлсіз тұстарын анықтап, тәжірибелі тренерлер мен менторлардың жетекшілігімен қажет машықтарды дамытуға көмектеседі.
2017 жылғы көктемде мастер-кластар мына күндері өтеді:
21-23 сәуір: «Жаңалықтар мен репортаждар жазуда ғаламдық медиа стандарттарын қолдану»
20-21 мамыр: «Цифрлік дәуір БАҚ дерек көздерімен жұмыс және интервью әзірлеу».
Іріктеу байқауына:
- үш жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар және карьерасын дамытып келе жатқан журналистер
- келешекте мамандығы бойынша жұмыс істеймін деген айқын мақсаты бар журналистер
- кез келген БАҚ (баспа, радио, телевизия, онлайн) штатта және штаттан тыс жұмыс істейтін журналистер
- кәсіби журналистік білімі немесе БАҚ жұмыс тәжірибесі бар блогерлер
- Ресейде, Шығыс Европа немесе Орталық Азия елдерінде орыс тілінде шығатын БАҚ жұмыс істейтін, орыс тілін жетік меңгерген жуналистер шақырылады.
Қосымша ақпарат:
Мастер-кластар орыс тілінде жүреді.
Қатысу тегін.
Бағдарлама шарты бойынша, екі мастер-класқа да қатысу керек.
Өзге қалалардан келетін қатысушылардың бар шығынын ұйымдастырушылар көтереді.
Өтініштер 2017 жылғы 2 сәуірге дейін қабылданады.
Өтініш толтыру үшін сілтемемен өтіңіз.