ДомойБіздің жобаларОрталық Азияның медиа мамандарына арналған DataLab: "Экологиялық деректерді визуалдау"

Орталық Азияның медиа мамандарына арналған DataLab: «Экологиялық деректерді визуалдау»

Орталық Азияның медиа мамандарына арналған DataLab: «Экологиялық деректерді визуалдау»

Орталық Азия елдерінің медиа мамандары мен экологиялық ҮЕҰ өкілдері «Экологиялық деректерді визуалдау» Data лабораториясына шақырылады.

DataLab 2017 жылғы 29-31 мамырда Алматыда өтеді.


Экологиялық деректермен жұмыс істеуді үйренгіңіз, олардың ерекшеліктерін танып, визуалдауды үйренгіңіз келсе, DataLab-қа қатысуға өтініш беріңіз!

DataLab-қа қатысу – қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін көпшілік аудиторияға тартымды, түсінікті етіп баяндау үшін расталған, таза деректер негізінде материалдар әзірлеуді үйренуге таптырмас мүмкіндік.

DataLab форматында әр қатысушы (немесе команда) менторлардың жетекшілігімен жоба әзірлейді. Оларға тәжірибелі эксперттердің мастер-кластары, техникалық қолдау (ақпарат көздері, жобалар тақырыптары бойынша деректер жинақтары, жылдам интернет) және шығармашылық атмосфера ұсынылады.

DataLab мақсаты медиа және экологиялық ҮЕҰ мамандарының эксперттермен қарым-қатынас орнатуына қолайлы алаң құрып, әр қатысушының экологиялық деректерге негізделген мультимедиалық материал әзірлеуіне мүмкіндік жасау.

DataLab тренерлері:

Олег Хоменок —  Internews Network БАҚ мәселелері жөніндегі кеңесшісі (Киев),  медиа-кеңесші және журналистика бойынша тренер, журналистика және журналистиканы оқыту жөнендегі оқулықтар авторы.

Виталий Власов —  «Открытый город» қорының негізін қалаушы және жетекшісі, бағдарламалаушы, технологиялық кәсіпкер.

DataLab шаралары: вебинарлар топтамасы, «кіріспе кездесу» (29 мамыр), 2 күндік тәжірибелік оқыту курсы (30-31 мамыр). 

Назар аударыңыз! DataLab бағдарламасын табысты меңгеру үшін вебинарларға қатысу міндетті!

Медиа мамандары мен экологиялық ҮЕҰ өкілдерінен жеке де, топтық та (2-3 адам) өтініштер қабылданады. Деректермен және мультимедиа сервистерімен жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандар басымдыққа ие болады. Команда құрамында қосымша ІТ-маманы және дизайнер де болуы мүмкін.

Назар аударыңыз!  Өтініштің өзінде жобаның тақырыбын және оны жүзеге асыру үшін визуалданған деректерді қолдану қаншалықты маңызды екенін көрсетуіңіз керек.

Қатысушылардың жол, жатын және тамақтану шығындарын Internews көтереді.

Өтініш формасын мына жерден көшіріп алуға болады.

Толтырылған өтініш формасын және қосымша құжаттарды centralasia@internews.eu почтасына 2017 жылғы 05 мамырға дейін жолдау керек.


«Экологиялық деректерді визуалдау» тақырыбындағы Екінші Орталықазиялық DataLab Еуропа Одағының қаржыландыруымен Internews жүзеге асырып отырған «Орталық Азиядағы қоршаған орта және табиғи ресурстар мәселелерін тиімді жариялауға арналған медиа» жобасы аясында өткізіледі. 

Назгүл Қожабекова
Назгүл Қожабекова
Медиатренер, аудармашы, редактор,медиатренер. Сторителлинг мектебі жобасының авторы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР