Шағын гранттардың мақсаты — қоғамдық маңызы бар тақырыптағы сапалы журналистік жұмыстар өндірісін ынталандыру, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның тәуелсіз БАҚ арасында бағдарлама алмасу.
Internews халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілдігі мына бағыттағы медиаконтент өндірісіне қолдау көрсетеді:
- Қазақ тіліндегі телевизиялық сұхбаттар циклі (хронометражы 20-30 минут, қосымша фотолары бар).
- «Викторина» және «пікір сұрау» форматындағы бағдарламалар пакеті.
Internews мына тақырыптардағы жобалар бойынша грант өтінімдеріне қолдау көрсетеді:
- Құқық
- Жемқорлыққа қарсы қоғам
- Гендер
- Экономика
- БАҚ айналасындағы жағдай
- Жастар бастамалары
- Экология (ғаламдық климат өзгерістері)
- Толеранттық жөніндегі тақырыптар
- Әлеуметтік бағдарламалар (аймақ пен тұтас ел үшін өзекті)
- Азаматтардың өмірін жақсарту, қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешу жөніндегі азаматтық белсенділік
Бұл жобада Internews тарих және мәдениет тақырыбындағы бағдарламаларға, ойын-сауық бағдарламаларына, көркем фильмдерге, әлеуметтік роликтер мен музыкалық клиптерге қолдау көрсетпейді.
Медиа және продакшн-компаниялардан өтініштер қабылданады. Грант алушыларға қойылатын басты шарт — грант аясында өндірілген бүкіл контенттің барлық құқықтарын Internews ұйымына өткізіп беру. Грант сомасы 5 000 доллардан аспайды (грант теңгемен беріледі).
Грант алудан үміттілер өтінім келіп түскен сайын қазылар тарапынан тұрақты түрде анықталып отырады.
Internews грант алған жобалар нәтижесінде өндірілген контентті Орталық Азияның үш елі: Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан БАҚ арасында таратуға бірінші кезекті құқық иеленеді.
Грант алуға өтінімдер мына шарттар бойынша бағаланады:
- контент елдердегі заң нормаларына қайшы келмейді
- контент түрлі көзқарас тұрғыларын ұсынады
- контент қандай да бір саяси, діни немесе өзге де тараптарды қолдауға мүдделі емес
- контент Internews ұсынып отырған тақырыптар мен жанрларға сәйкес келеді
- шығармашылық ізденіс
- жобаны жүзеге асыру үшін өз тарапынан қаржы салу
- жобаны бірнеше тілде жүзеге асыру мүмкіндігі.
Грант алуға өтінімде (үлгісі) жобаның сипаттамасы, мақсаты, күтілетін нәтижелер (жоба неліктен және қалайша қоғам назарын аударады), жұмыс жоспары, бюджет(үлгісі) көрсетілуі тиіс. Міндетті түрде жоба арналатын аудиторияны және жоба көрсетілетін аумақты көрсету керек.
Өтінімге жобаға қатысушылардың түйіндемесін қоса беру абзал болады.
Өтінімдерді 2017 жылғы 15 мамырға дейін «Контент алмасу» жобасының үйлестірушісіне мына адрес бойынша жолдаңыздар:
- Оксана Осадчук — oossadchuk@INTERNEWS.ORG