Internews MediaCAMP бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның медиа ұйымдарын стрингерлер желісін дамытуға шақырады.
Біз алты медиаұйымға, олардың жеке аймақтық корреспонденттері желісін құруына қолдау көрсетеміз.
Сіздерге төмендегідей қолдау көрсетеміз:
- Азаматтық журналисттер желісі үйлестірушісінің қаржылық қолдауы.
- Бастапқы кезеңде желі қатысушыларының қаламақысын төлеуге грант.
- Құрылған желі үйлестірушілері үшін қашықтан тәлімгерлік көрсету.
Конкурсқа Қазақстандағы мемлекеттік емес медиалар да қатыса алады.
Қатысуға қалай өтінім береді?
Негіздеме хат жазып, «Сіздің медиа неліктен «Азаматтық журналистер» жобасының қатысушысы атануы тиіс?» деген сауалға жауап беру керек.
2019 жылғы 28 ақпан Астана уақытымен сағат 24:00-ге дейін грантқа онлайн форманы толтыру қажет.
Internews 2019 ж. 5 наурыздан кешіктірмей шешім қабылдайды. Жеңімпаздар 2019 ж. 6 наурыздан кешіктірілмей электронды пошта арқылы хабардар етіледі.
Барлық сұрақтар бойынша +7 (727) 355 95 85 телефонына немесе kz-info@internews.org электронды поштасына хабарласыңыз.
Аталған жоба Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігінің (USAID) қолдауымен MediaCAMP Орталық Азиялық медиабағдарламасы шеңберінде өткізіледі.