ДомойОқып-үйренӨз бейнесіне құқық. Редактор нені білуі тиіс?

Өз бейнесіне құқық. Редактор нені білуі тиіс?

Өз бейнесіне құқық. Редактор нені білуі тиіс?

Күн сайын сайттарда, газеттерде, сюжеттерімізде адамдардың бейнесін пайдаланамыз. Адам бейнесін жариялауға қандай жағдайда рұқсат қажет, Қазақстанда адамның жеке бейнесін жариялауға қатысты қандай заңнамалық нормалар бар, редакциялар көбіне көп қандай мәселелермен бетпе-бет келеді? «Жаңа репортер» редакциялардан келіп түскен сұрақтарға «Правовой медиацентр» заңгері Гүлмира Біржанованың жауаптарын жариялайды.

Газетімізде азаматтық іске қатысты тараптардың бірінен қатысушы адамның соттағы фотосуретін жариялады. Судьяның хабарлауымен сот процесі ашық түрде өтті. Алайда біздің үстімізден сотқа дейінгі талап арыз түсіріп, әрмен қарай суретке құқық шағымына ұласты. Суреттегі адам ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабына жүгініп жатыр. Мұндайда не істейміз?

— Өз бейнесіне құқық ҚР Азаматтық кодексінің 145-бабында көрсетілген, бұл құқық – жеке мүліктік емес құқықтар қатарына жатады. Жалпы ереже: Басқа адам бейнелеген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) — бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi,-деп жазылған. Алайда кодексте бейнені пайдалануға келісім талап етілмейтін жағдайлар да көрсетілген.

  • Заң құжаттарында белгiленсе;
  • Бейнеленген адам ақы алып кескiнделген болса;

Бізді біріншісі, яғни заң құжаттарында белгіленуі қызықтырады. 2017 жылдың соңында көптен күткен заң өзгерісі қабылданды. Онда «Бұқаралық ақпарат құралдарына бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін дайындау, жариялау, қайталап көрсету және тарату кезінде мынадай жағдайларда:

1) егер осы адам ойын-сауық мәдени-бұқаралық, мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар, спорттық-бұқаралық іс-шараларда, жиналыстарда, митингілерде, шерулерде немесе демонстрацияларда және өзге де бұқаралық іс-шараларда болса немесе оларға қатысса;

2) егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа;

3) егер бейнеленетін адамды пайдалану конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында жүзеге асырылатын болса, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді»,

деп көрсетілген.

Сіздің жағдайда сот процесі ашық түрде өткен, судья фотовидеотүсірім жасауға рұқсат еткен. Сондықтан да шағым иесінің талаптары негізсіз.

Біздің телестудия мүмкіндігі шектеулі балалар туралы видеоролик әзірлеп жатыр. Балалардың ата-анасынан балаларының бейнесін пайдалануға рұқсат сұрау қажет пе?

Балалардың бейнесін пайдалану ережесі де ересектердің бейнесін жариялау ережесі сияқты болғанымен де жариялауға рұқсатты баланың заңды өкілінің (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) рұқсатын алу қажет. Алайда 3-4. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникация желілерінде ата-анасы және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, адамның дербес және биометриялық деректерін, мыналар:

  • құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен бала;
  • әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандар туралы, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін өзге де ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Мұндай жағдайда ата-анасының, сондай-ақ, 14 және 16 жасқа толған балалардың да рұқсаты қажет. Келісімге келсек, заңмен бекітілген арнаулы келісім формасы жоқ. Сондықтан да келісім түрлі формада, ауызша, жазбаса, не видеокелісім түрінде де болуы мүмкін. Әйтсе де жазбаша келісім формасын қолдануға кеңес береміз. Бекітілген келісім үлгісі жоқ, сондықтан да ерікті формасын дайындай аласыз.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар туралы материал дайындадық, кадрге жолай өтіп бара жатқан әйел түсіп қалды. Біз фотоны газеттің бірінші бетіне жарияладық. Әйел өз бейнесіне құқығының бұзылуы туралы сотқа арызданды.

— Оның талаптары толықтай негізсіз, өйткені фотосурет қоғамдық орында түсірілген. Соны жариялау заң тұрғысынан оның қандай да бір құқықтарын бұзбайды.

Материал дайындау барысында адамның фотосын оның әлеуметтік желідегі парақшасын алдық. Оның аккаунты барлығына ашық болды. Бізге фотосуретін қолдана алмайтынымыз жөнінде талап-арыз түсті. Қалай жауап береміз?

— Егер адам өз фотосуретін жалпыға қолжетімді әлеуметтік желіде өзі жарияласағ, онда келісім талап етілмейді. Өйткені, бұл БАҚ туралы заңның 14-бабында «Егер таратылатын ақпаратта адамның бет-бейнесі және осы адамның қызметтік жұмысымен және (немесе) жария қызметімен байланысты мәліметтер қамтылса, сондай-ақ оны адамның өзі, оның заңды өкілі немесе уәкілетті тұлға қолжетімділігі шектелмеген көздерде жарияласа, бейнеленетін адамның келісімі талап етілмейді. » деп жазылған.

Амбулаторлық емдеуден өтіп жатқан кәмелет жасына толмағандар туралы материал әзірлеп жатырмыз. Баланың бейнесін сюжетімізде қолдануға ата-анасының келісімін алуымыз қажет па?

— Балалардың бейнесін пайдалану ережесі де ересектердің бейнесін жариялау ережесі сияқты болғанымен де жариялауға рұқсатты баланың заңды өкілінің (ата-анасы, қамқоршысы, қорғаншысы) рұқсатын алу қажет. Мұнымен қатар «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінде «Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды» деп жазылғанын ескеру қажет.

Редакциялардан медиақұқыққа қатысты келіп түскен сұрақтардың жауабы «Правовой медиацентр» қоғамдық қоры тарапынан тұрақты негізде АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі Агенттігінің (USAID) қолдауымен Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында дайындалады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР