ДомойСторителлинг құрылымын жоспарлау1-модуль. 1-сабақ. Сторителлинг құрылымы.

1-модуль. 1-сабақ. Сторителлинг құрылымы.

1-модуль. 1-сабақ. Сторителлинг құрылымы.

Видеода мультимедиа сторителлинг онлайн-мектебінің менторы, журналист Дархан Өмірбек сторителлинг құрылымы: кіріспе, экспозиция, негізгі бөлім, кульминация, түйін туралы әңгімелейді. 

Оқуға арналған материал

Күрделі тақырыптарға жазылған мақалаларда әдетте терминдер, сандар, құрғақ фактілер көп болады. Мұндай көлемді мақалаларды оқырман соңына дейін оқуы екіталай. Сондықтан журналистер сторителлинг форматында күрделі мәселелерді оқырманға жеңіл жеткізуге тырысады. Адамға тек адам қызық. Кейіпкердің басынан өткен жағдайы арқылы оқырман оқиғаға қызығады. Журналист деректермен жұмыс жасауы қажет. Егер қорытынды мақалаңыз 5 мың сөз болса, сіз 50 мың сөзден тұратын материал жинайсыз. Архивпен, дереккөздермен жұмыс істей білген жөн. Сторителлингті жазуға отырмас бұрын ең алдымен жоспар құрған жөн. Журналист сюжеттің немен басталып немен аяқталатынын алдын ала біледі. Журналистің жазушыдан ерекшелігі — ол фактіні ойдан шығара алмайды.

Сторителлинг көлемді материал. Оның құрылымы — кіріспе, экспозиция, негізгі бөлім, кульминация, түйіннен тұрады.

Кіріспе. Кіріспеңіз қызық болмаса, ары қарай ешкім оқымайды. 1 минут ішінде адам 200-300 сөз оқиды десек, сіздің алғашқы 200-300 сөзіңіз ерекше жазылуы тиіс. Оқырманды мақаланың қызық екеніне көндіру қажет. Кіріспе тұзақ функциясын атқарады.

Тұзақты қалай құрамыз? Тұзақ оқырман ойында бұдан әрі не болды ойын ұялатып, интрига тужыруы керек. Ондай сұрақ туындамаса, кіріспе өз функциясын орындамады.

Экспозиция — сараптама мақалынан айырмашылығы, сторителлингте оқырман өзін сол оқиғаның ажырамас бөлігі сезінуі тиіс. Кейіпкерді бұрыннан танитын, оқиғаны ЗД форматындағы фильм тамашалап отырғандай сезінуі тиіс. Ол үшін не істеу керек? Бізге экспозиция бөлімі керек. Мұнда кейіпкерді жақынырақ таныстырамыз, оның образын ашамыз. Оның мінез-құлқы, киім киісі, сөйлеу манерасы, т.б. ерекшеліктерін сипаттаймыз.

Негізгі бөлім. Мұнда кейіпкердің басынан өткендерін хронологиялық тәртіп ойынша тізіледі. Әңгімелеудің тарихи еңбектен айырмашылығы, журналист уақыттық хнологияға тікелей тәуелді емес. Егер оқиға 10 жылға созылған болса, оныншы жылы болған оқиғаны айтып оқиға басына оралуға болады. Ал тарихшыларда ондай еркіндік жоқ. Дегенмен журналистік сторителлинг мақаласында өзіндік хронологиясы болады. Хронология дегеніміз оқиғадағы әрекеттер желісі белгілі бір шартқа бағынуы керек. Мәселен, журналистік терең еңбектің мәні қылмыс болса, қылмыстың не екенін басынан бастап жазуға болады.

Негізгі бөлімнің басты шарты кульминация. Әңгіменің бір шарықтау шегі боулы керек. Әйтпесе адам өмірі бірсыдырғы болса, оқырманға қызық болмайды. Кейіпкер өмірінде бір оқиға болуы тиіс, бірнеше оқиға болуы мүмкін. Бірақ олардың ішіндегі ең маңыздысын, тұздық ретінде ортасынан кейінгі бөлікке сақталады. Бірақ бүкіл әңгімедегі баяндама сол оқиғаға алып келуі керек.

Әңгімелеу форматында кино, драматургиядағы жиі қолданылатын «Чехов мылтығы» ережесін ойда ұстағанымыз абзал. Яғни бірінші актіде қабырғада мылтық ілініп тұрса, ол екінші немесе үшінші актіде атылуы тиіс. Артық факті, артық дерек болмауы тиіс. Мақаланы түзеткен кезде бір параграфты, деректі, сөйлемді алып тастағанда мәні өзгермесе, демек ол артық.

Әңгіме соңы. Әңгіменің соңында маңызды рөл ойнатын деталь туралы дерек жанама түрде болсын сторителлинг ішінде айтылуы тиіс. Мәселен бір адам шырғалаңнан өтіп, қиындықтарды жеңіп, сюжет соңында тұзаққа түсті делік. Сол сәтте дорбасынан бәкісін алып, тұзақты кесіп, босап шықты. Дорбадағы пышақ кенеттен пайда болмауы тіс. Ол туралы деталь әңгіме барысында айтылған болуы керек. Осылайша әңгіменің логикалық түйіні шешіледі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Журналист Дархан Өмірбектің eurasianet.org  сайтында жарияланған «The Kazakh centenarian who escaped the Soviets twice» материалы.

 

Тақырып бойынша тапсырма:

Сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазыңыз. Дәріс, ұсынылған материалдар немесе осы тақырыптағы өз ойларыңызды әлеуметтік желілерде #QazStorytelling2020 хештегімен бөлісіңіз, біздің спикерлер сізге жауап беруге тырысады.

 

КЕЛЕСІ САБАҚ: 1-модуль. 2-сабақ. Сторителлинг бөлімдерін баяндау техникалары

Дархан Өмірбек
Дархан Өмірбек
Азаттық радиосының редакторы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде саясаттану бойынша, Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде журналистика бойынша білім алған. Жергілікті басылымдарда бірнеше жыл редактор болып қызмет атқарған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР