ДомойМедиа үніТрендтер-2020: медиа және әлеуметтік желілер

Трендтер-2020: медиа және әлеуметтік желілер

Трендтер-2020: медиа және әлеуметтік желілер

Персонализация/дербестендіру, подкаст, аудиторияны қатыстыру. Биыл, яғни 2020 жылы медиа саласын не күтеді? «Жаңа репортер» редакциясы халықаралық медиа-сарапшылардың болжауымен, 2020 жылы дамитын негізгі трендтерді жинақтады.

Стриминг платформалар жарысы

kantar.turtl.co (халықаралық зерттеу компаниясы) жазуынша, телевидениеде эфирлік хабар тарату басым түскенімен, стриминг (онлайн қарау) танымалдығы артады.
«2020 жылы және кейінгі жылдары да телевидение саласында телевидениенің он-лайн-стриминг және видеомен бірігетінін, және соған жоғары сапалы контент негіз болатынын болжаймыз. Тұтынушылар жарнама демеуімен және жазылым негізінде ұсынылатын сервистерді пайдалануын жалғастырады, бірақ контент пен платформалардың көбеюі таңдау қарама-қайшылығын («көп» дегеніміз әрдайым жақсы дегенді білдірмейді») туғызады.

5G — жаңа шындық

Kantar.turtl.co жазуынша, 2019 жылы аса ұшқыр мобайл интернет әлемнің көптеген елдерінде, атап айтқанда Ұлыбритания, АҚШ және Оңтүстік Кореяда енгізіле бастады. «Әйткенмен Қытай бұл тұрғыдан алда келеді, мұнда қазір 10 млннан астам адам 5G желісін пайдаланады. Ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымға, 5G құрылғыларын көптеп шығаруға жаппай инвестиция салуын назарға алсақ, GSMA (дүниежүзіндегі ұялы байланыс операторларының мүддесін білдіретін сауда ұйымы) халықаралық қауымдастығы 2025 жылға қарай Қытайда 600 млн құрылғы 5G желісіне қосылатынын болжап отыр».

Аудио – мейнстримнің бөлігі

kantar.turtl.co сарапшыларының болжауынша, 2020 жыл — аудиожарнамының жаңа ғасырына айналады. 2020 жыл — аудиоарналардың бетбұрыс жылы болуы мүмкін. Жарнама берушілер мен брендтер өз инвестициясының қайтарымы қаншалықты екенін түсіну үшін подкасттар түрлі өлшемдерін жетілдіре түсуі қажет. Радиолар брендтердің жаңа аудиторияға шығуын оңайлатуға бағытталған жаңғыруын жалғастырады. Бұл радионың мәнді де сенімді жарнама ортасы ретіндегі орнын нығайтады.

Киберспорт (электронды спорт, eSports)

2020 жылы киберспорт жарыстарының мейнстримдегі белгісі айқындалып, медиа қожайындары мен жарнама берушілерге табыс табу мүмкіндіктерін ұсынады. Кибер-спорт онлайн мен нағыз өмірдің арасындағы жіпсіз байланысты қамтамасыз етіп, инновациялық медиамүмкіндіктердің үлкен таңдауына жол ашады.

Деректер

kantar.turtl.co зерттеуі көрсеткендей, брендтер клиенттерді таргеттеудің деректерге негізделген жаңа тәсілдерін жетілдіруін жалғастырады. Әйтсе де мұнда этикалық мәселелер алдыңғы қатарға шығып, компаниялар этика төңірегіндегі мамандарды жұмысқа алады.

«Премиалды басылымдарға» оралу

econsultancy.com (медианарық мамандарының қауымдастығы) зерттеуі көрсеткен тренд.

Әлеуметтік желілердегі фейк жаңалықтар жарнама берушілердің премиалды басылымдарға оралуына мәжбүрлеп отыр.

Бренд қауіпсіздігі мәселесі уақыт өткен сайын өзекті. Әлеуметтік медиа қолданушыларының жасайтын фейк жаңалықтарының саны артып жатыр. Сондықтан да маркетологтар премиалды басылымдарға, яғни сапалы, тексерілген контент әзірлейтін басылымдарға қайтадан қызығушылық танытуға мәжбүр.

Қолданушылардың қолдауы және қатысуы

2020 жылы әлеуметтік желілерде хикаяны баяндап қана қоймай, аудиторияны соған қатысып, әңгімелесіп, қарым-қатынас құруға тартатын контент кеңінен танылады (godaddy.com).

Әлеуметтік желі қолданушыларының қолдауы адамның тауар не қызметті ұсынуына дейін басталады, сондықтан да аудиторияңызды алдын ала танып, ұстай біліңіз (sproutsocial.com).

Мұндайда жақсы стратегия – жергілікті инфлюенсерлерді тарту. Қолданушыларға қарапайым адамдардың мақұлдауы ұнайды. Олар өздері байқап көргенге дейін өзі сияқты басқа қолданушылардың сіздің тауарды қолданып, сервисті пайдаланып, рахаттанғанын көргісі келеді.

«Жалт» контент

Жалт етер контент белгілі бір қысқа уақытта көрініп, сосын жоғалады. Intagram мен Snapchat сторилер – мұндай типтегі контенттерге тамаша мысал. Бүгінде адамдардың назар аударып, ден қоюы шектеулі, контент тұтыну талғамы өзгерді. Міне, сондықтан да сторилер (stories) тез танылды, өйткені көлемі қысқа әрі еліктіріп, елітетіні соншалық, адамдар бір сториден кейін басқасына өтуге уақытын сағаттап жұмсайды.

Нақты салалық әлеуметтік платформалар

Әлеуметтік медиада Facebook пен Instagram ең ірі және ең танымал платформалар ретінде басымдыққа ие. Алайда соңғы жылдары басқа да бірнеше нақты салалық әлеуметтік медиаплатформалар пайда болып, олардың танымалдығы артып келеді, деп жазады sproutsocial.com.

Мәселен, TikTok. Бұл платформа 2016 жылы ашылып, жастар арасында тез танылды. B2B компаниялар әлеуметтік медиа ретінде LinkedIn плафтормасын өз бастамаларына пайдалануды құп көреді, ал ойыншылар қауымдастығы Twitch платформасында бас қосады. Әлеуметтік медиада мұндай балама платформалардың бірнешеуі танымалдығын арттырып келеді, және бұл процесс 2020 жылы да одан кейін де жалғасады.

Медиалар аудиториясын сол платформалардан да іздеуі керек.

Видеоның басымдығы

Видеоконтент аудиторияны көбірек тартатын контент формасына жатады, және бұл тенденция биыл да сақталады.

CISCO ЗЕРТТЕУІНЕ СӘЙКЕС, 2020 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ БАРЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНТЕНТТІҢ 82%-І ВИДЕОКОНТЕНТ БОЛАДЫ.

Персонализация / дербестендіру

Персонализация – жаһандық тұтыну тренді. Бірнеше жылдан бері бар болғанымен әлі күнге дейін толық жетілмеді.

Жабық топтар

canva.com мамандарының айтуынша, қолданушылардың әлеуметтік медиаға жұмсайтын уақыты қысқарады, және олар әлеуметтік желідегі уақытын мейлінше маңызды өзара қарым-қатынасқа арнағысы келеді. Осылайша сұрыпталған аудиториядан құралатын жабық топтардың танымалдығы артады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР