ДомойМедиасынҚазақстан медиасы "Алғыс айту күніне" қандай ақпарат таратты?

Қазақстан медиасы «Алғыс айту күніне» қандай ақпарат таратты?

Қазақстан медиасы «Алғыс айту күніне» қандай ақпарат таратты?

Қазақстанда 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болды. Бұл мереке 2016 жылы күнтізбеге еніп, жыл сайын аталып өтеді. Еліміздегі БАҚ көктемнің алғашқы күнінде осы мереке туралы қандай мақалалар жариялады, не көрсетті? “Жаңа репортер” медиасыншысы Меруерт Хусаинова отандық медиаға шолу жасады. Шолуда көбіне көп орыс тіліндегі ақпаратты назарға алды. 

Биыл 1 наурыз — Алғыс айту күнінде отандық ақпарат құралдарының арасынан толымды ақпарат таратқан — «Хабар» телеарнасы мен “Литер” басылымы болса керек. 

“Хабар” телеарнасының «Бүгін» ток-шоуы Алғыс айту күнінің шығу тарихынан бастап, 1 наурызда кімге не үшін алғыс айтатынын түсіндірді. Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына раъмет айтатын сюжеттер көрсетті. Бағдарлама тұтас Алғыс айту күніне арналыпты.

Liter.kz сайтынан скриншот

Ал “Литер” газетінің сайты Нұр-Сұлтан қаласында өткен арнайы дөңгелек үстелден мақала жариялады. “День благодарности: на круглом столе в Нур-Султане отметили важность укрепления согласия” деп тақырып қойылған мақалада жиынға түрлі этномәдени бірлестік өкілдері қатысып, күллі қазақ жұртшылығына алғыс білдіргенін жазады. Мақаладан шағын үзінді келтірейік:

«Я сам являюсь потомком семьи депортированных. Старики рассказывают, как нелегко им было выжить. Вы только представьте: казахи, не успев оправиться от голодомора в 30-е годы, тепло приняли всех. Тем самым коренное население проявило милосердие, толерантность», — рассказал Набиев.

Басқа да ақпарат құралдарын шолу барысында мұндай салмақты мақалалар кездеспеді. БАҚ-тағы ақпараттардан кімнің кімге алғыс айтатын күні екенін түсіну қиынға соқты.

Zakon.kz  және Caravan.kz сайттары Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының мерекелік қойылымынан репортаж жасады. 

Театр ұжымы «Алые паруса» қойылымын көрерменге тегін көрсетіпті. Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкет Умаров пен «Мурас» Қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Манас Ташыбеков арнайы қонақ ретінде шақырылған екен. Екі сайт та “Алые паруса” спектаклі туралы айта келе, екі төрағаның алғысымен түйіндепті.

Zakon.kz сайтынан скриншот

Ал Forbes.kz Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың дәрігерлерге, полицейлер мен қала халқына алғысын жариялады. Мәтіні: 

— Поблагодарив каждого алматинца за понимание и поддержку, Сагинтаев пожелал горожанам крепкого здоровья, благополучия и процветания городу,-деп аяқталады.

Шымкенттен хабар тарататын Otyrar.kz өңірлік ақпарат порталы қала әкімі М.Әйтеновтің халыққа алғысын жеткізіп, сюжет дайындапты. Мақала: «Также в День благодарения представители разных этносов организовали церемонию раздачи куртов среди участников мероприятия и многолюдных местах нашего города. Данной акцией они выражают свою признательность и благодарность. На упаковке куртов есть надпись «Мың алғыс»,-деп түйінделеді.

Алғыс айту күнінде КТК  және Astana.tv телеарналарының орыс тіліндегі жаңалықтар бағдарламасында ҚР Тұңғыш президенті Н.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми құттықтауын беріп, шектелді. Арна тілшілері «бүгін түрлі ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтатын күні» деп атап өтті. Алайда алғыс айтқан адамдарды сөйлетпеді. 

Ал 31 арнаның орыс тіліндегі жаңалықтары ел басшылығының құттықтауын көрсетпеді.

“Хабар 24” телеарнасының орыс тіліндегі жаңалықтары Жамбыл облысының Қордай ауданында 200-ден астам этномәдени бірлестік  өкілдері Алғыс айту күнін қалай атап өткенінен репортаж дайындапты. Сюжетте Дастарханом дружбы отметили праздник в сёлах Масанчи и Сортобе. В дань памяти и благодарности жители возложили цветы к памятникам «Дружба народов» и Ногайбая би. Также состоялась товарищеская встреча по мини-футболу между командами нескольких сёл” деп хабарлады. Жергілікті түрлі ұлт өкілдерінің алғысын көрсетті. 

Ал «Хабар» телеарнасының орыс тіліндегі редакциясы Алғыс айту күнінде қызылордалық Лилия Пакты сөйлетіп, мерекенің маңызын ашады. Оның сөзін тілші толықтырды.  

КазТАГ, Tengrinews.kz сияқты ақпарат агенттіктері мен  inbusiness.kz , Ratel.kz порталдары Н.Назарбаев, Қ.Тоқаев және премьер-министр А.Мәминнің құттықтауларын жариялапты.

Өскемендегі yk-news.kz сайты ШҚО әкімі Д.Ахметовтің құттықтауын жариялап, мерекені түйіндепті. 

Әуелде «түрлі этностардың қазақ халқына алғыс айту күні» деп хабарланған мерекенің қазіргі мән-мағынасы жалпылама сипат алғанға ұқсайды. Елдегі БАҚ Алғыс айту күнінде оқушының ұстазға алғысын да жариялап жатыр. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мұғалімдерге алғыс айтса, Алматының бас имамы да алғыс жолдады

Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқанын жиі хабарлайтын ақпарат құралдарының 1 наурызда ресми билік өкілдерінің құрғақ құттықтауын жариялап, сонымен ғана шектелуі тосын көрінді. Бұған 1 наурыз — Алғыс айту күнінің түпкі мағынасы әлі ашылмауы себеп пе әлде жылда қайталанар контент ұқсастығы ма?

Осылайша биылғы 1 наурыз — Алғыс айту күні қазақстандық БАҚ-та аса еленбей, білінбей өте шықты. 

Меруерт Хусаинова
Меруерт Хусаинова
Медиасыншы, журналистика саласында 12 жылға жуық уақыт қызмет етіп келеді. Алғашқы журналистикалық тәжірибесі «Apta.kz» газетінде басталып, одан кейін «Діл», «ДАТ» газеттерінде жұмыс істеді. Соңғы жеті жыл бойы Республикалық «Жас Алаш» газетінде саяси, әлеуметтік тақырыптарға қалам тербеген. Сонымен қатар, «Ратель.кз», «Адырна» ұлттық порталдарында журналистік қызмет атқарған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР