Құрметті журналистер! Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар.
Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру басталады. Бұл туралы осы комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ – «Қазақстанның медиа желісі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі өкілдері хабарлады.
Кандидаттар тізімінде 17 адам бар. Оның 13-і – медиа саласы өкілі, 4-уі – азаматтық сектор өкілі (ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар заңгерлер, қоғам қайраткерлері). Оның ішінде қоғам ашық дауыс беру арқылы 9 адамды сайлайды (барлық кандидат лауазымы мен регалиясы көрсетілген тізім құжат соңында берілген).
Медиа: Жұлдыз Әбділда, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович, Қанат Сахария, Светлана Офицерова, Риза Исаева, Руслан Бахтыгареев, Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Азамат Ахметов, Ирина Тетерина, Ержан Сүлейменов, Әбдіхалық Олжас.
Азаматтық сектор: Темірлан Төлегенов, Диана Окремова, Бағлан Мақұлбеков, Ольга Чебакова
Дауыс беру үшін сілтемені ашыңыз.
Дауыс беру қалай өтеді?
Қоғамдық комитет құрамына 9 адам кіреді. Әр сайлаушы екі маманнан – біреуін «медиа» саласынан, біреуін «азаматтық сектордан» сайлайды.
Дауыс беру 22 шілде, бейсенбінің түн ортасына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-ден кеш берілген дауыстар есепке алынбайды.
23 шілдеде жиналған дауыстардың көпшілігі негізінде Қоғамдық комитетті ұйымдастыру жөніндегі бастамашыл топ ең жоғары балл жинаған 9 адамды анықтайды. Оның ішінде 6 адам «медиа» номинациясы бойынша, 3 адам «қоғамдық ұйымдар» номинациясынан анықталады.
Қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді?
Медианың өзін-өзі реттеу ұйымдары әлемнің көптеген елінде бар. Бұл қоғамдық бастама, диалог алаңы, онда эксперттер белгілі бір БАҚ-тың немесе журналистің іс-әрекетіне қатысты шағымдармен айналысады. Даулы жағдайды бағалау үшін соттан гөрі эксперттерге бару жеңілірек екенін әлем тәжірибесі көрсетіп отыр.
Қазақстанның қоғамдық комитеті жұмысында Медианың негізгі принциптерін басшылыққа алады. Комитеттің міндеті – дауларды сотқа дейін шешу, кәсібилікті арттыру, медиа-бедел институтын құру. Жұмыс принциптері туралы толығырақ «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті туралы» ережесінен оқуға болады.
Өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетіне үміткерлер тізімі («Медиа»):
| 1 | Жұлдыз Әбділда, «Ұлан» газеті бас редактордың орынбасары/ заместитель главного редактора газеты «Ұлан» | 
| 2. | Светлана Офицерова, «Учительская плюс» газетінің бас редакторы, Қостанай/ главный редактор газеты «Учительская плюс», Костанай | 
| 3. | Канат Сахария, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің бас директоры/ Генеральный директор TOO «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» | 
| 4 | Ержан Сүлейменов, қазақстандық медиа продюсер және тренер/ казахстанский медиа продюсер и тренер | 
| 5. | Руслан Никонович, «Жаңа FM» радиосы және «Новое телевидение» телекомпаниясының бас редакторы/Главный редактор ТК «Новое Телевидение» и радио «Жаңа FМ» | 
| 6 | Риза Исаева – KIMEP-тің журналистика магистрі/ магистр журналистики KIMEP | 
| 7 | Ирина Тетерина, Журналист, «Informburo.kz» бас редакторының орынбасары болып қызмет еткен/журналист, была заместителем главного редактора «Informburo.kz» | 
| 8. | Мейрамхан Жәпек – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒО АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысы/ Руководитель отдела по связям с общественностью АО НПЦ «Тіл қазына» им. Ш.Шаяхметова | 
| 9. | Әбдіхалық Олжас, «Жаңа Түркістан» газетінің бас редакторы, главный редактор газеты «Жаңа Түркістан» | 
| 10. | Руслан Бахтыгареев, «Время» газеті бас редакторының орынбасары/заместитель главного редактор газеты «Время» | 
| 11. | Ербол Азанбек, «Kaspi Bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының басшысы, журналист, медиаэксперт/Медиаэксперт, журналист, руководитель управления по связям со СМИ АО «Kaspi Bank» | 
| 12 | Азамат Ахметов – Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасы түлегі/ выпускник кафедры социальных наук, журналистики и информации Павлодарского госуниверситета | 
| 13 | Оразай Қыдырбаев, SDU университетінің аға оқытушысы, медиа зерттеушісі/ старший преподаватель SDU, исследователь медиасферы | 
Үміткерлер тізімі, «азаматтық сектор» болгы, басқа да шығармашылық мамандары, заңгерлер:
| 1. | Темірлан Төлегенов, авторлық құқық бойынша эксперт/ Темирлан Тулегенов, эксперт по авторскому праву | 
| 2. | Бағлан Мақұлбеков – отставкадағы судья/ cудья в отставке | 
| 3. | Диана Окремова – Құқықтық медиа орталық директоры / Директор Правового медиа центра, | 
| 4 | Ольга Чебакова – «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының жетекшісі / руководитель общественного фонда «Волонтеры Кызылорды» | 
БАЙЛАНЫС:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Бақтыгүл Бурбаева +7 777 213 13 67 
Email: media.principles.kz@gmail.com

