үйМедиа үніМедианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитеті мүшелерін іріктеуге дауыс беру басталды

Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитеті мүшелерін іріктеуге дауыс беру басталды

Құрметті журналистер! Қазақстандағы алғашқы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетін құруға үміткерлерден өтінім жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары кандидаттарын ұсынды. Өзін-өзі ұсынған үміткерлер де бар. 

Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру басталады. Бұл туралы осы комитетті құру жөніндегі бастамашыл топ – «Қазақстанның медиа желісі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі өкілдері хабарлады. 

Кандидаттар тізімінде 17 адам бар. Оның 13-і – медиа саласы өкілі, 4-уі – азаматтық сектор өкілі (ақпараттық дауларды шешуде тәжірибесі бар заңгерлер, қоғам қайраткерлері). Оның ішінде қоғам ашық дауыс беру арқылы 9 адамды сайлайды (барлық кандидат лауазымы мен регалиясы көрсетілген тізім құжат соңында берілген).

Медиа: Жұлдыз Әбділда, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович, Қанат Сахария, Светлана Офицерова, Риза Исаева, Руслан Бахтыгареев, Мейрамхан Жәпек, Ербол Азанбек, Азамат Ахметов, Ирина Тетерина, Ержан Сүлейменов, Әбдіхалық Олжас.

Азаматтық сектор: Темірлан Төлегенов, Диана Окремова, Бағлан Мақұлбеков, Ольга Чебакова 

Дауыс беру үшін сілтемені ашыңыз.

Дауыс беру қалай өтеді?

Қоғамдық комитет құрамына 9 адам кіреді. Әр сайлаушы екі маманнан – біреуін «медиа» саласынан, біреуін «азаматтық сектордан» сайлайды. 

Дауыс беру 22 шілде, бейсенбінің түн ортасына дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 24.00-ден кеш берілген дауыстар есепке алынбайды.

23 шілдеде жиналған дауыстардың көпшілігі негізінде Қоғамдық комитетті ұйымдастыру жөніндегі бастамашыл топ ең жоғары балл жинаған 9 адамды анықтайды. Оның ішінде 6 адам «медиа» номинациясы бойынша, 3 адам «қоғамдық ұйымдар» номинациясынан анықталады. 

Қоғамдық комитет қалай жұмыс істейді? 

Медианың өзін-өзі реттеу ұйымдары әлемнің көптеген елінде бар. Бұл қоғамдық бастама, диалог алаңы, онда эксперттер белгілі бір БАҚ-тың немесе журналистің іс-әрекетіне қатысты шағымдармен айналысады. Даулы жағдайды бағалау үшін соттан гөрі эксперттерге бару жеңілірек екенін әлем тәжірибесі көрсетіп отыр. 

Қазақстанның қоғамдық комитеті жұмысында Медианың негізгі принциптерін басшылыққа алады. Комитеттің міндеті – дауларды сотқа дейін шешу, кәсібилікті арттыру, медиа-бедел институтын құру. Жұмыс принциптері туралы толығырақ «Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитеті туралы» ережесінен оқуға болады.

Өзін-өзі реттеу қоғамдық комитетіне үміткерлер тізімі («Медиа»):

1Жұлдыз Әбділда, «Ұлан» газеті бас редактордың орынбасары/ заместитель главного редактора газеты «Ұлан»
2.Светлана Офицерова, «Учительская плюс» газетінің бас редакторы, Қостанай/ главный редактор газеты «Учительская плюс», Костанай
3.Канат Сахария, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің бас директоры/ Генеральный директор TOO «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS»
4Ержан Сүлейменов, қазақстандық медиа продюсер және тренер/ казахстанский медиа продюсер и тренер
5.Руслан Никонович, «Жаңа FM» радиосы және «Новое телевидение» телекомпаниясының бас редакторы/Главный редактор ТК «Новое Телевидение» и радио «Жаңа FМ»
6Риза Исаева – KIMEP-тің журналистика магистрі/ магистр журналистики KIMEP
7Ирина Тетерина, Журналист, «Informburo.kz»  бас редакторының орынбасары болып қызмет еткен/журналист, была заместителем главного редактора «Informburo.kz»
8.Мейрамхан Жәпек – Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл қазына» ҰҒО АҚ қоғаммен байланыс бөлімі басшысы/ Руководитель отдела по связям с общественностью АО НПЦ «Тіл қазына» им. Ш.Шаяхметова
9.Әбдіхалық Олжас, «Жаңа Түркістан» газетінің бас редакторы, главный редактор газеты «Жаңа Түркістан»
10.Руслан Бахтыгареев, «Время» газеті бас редакторының орынбасары/заместитель главного редактор газеты «Время»
11.Ербол Азанбек, «Kaspi Bank» АҚ БАҚ-пен байланыс басқармасының басшысы, журналист, медиаэксперт/Медиаэксперт, журналист, руководитель управления по связям со СМИ АО «Kaspi Bank»
12Азамат Ахметов – Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат кафедрасы түлегі/ выпускник кафедры  социальных наук, журналистики и информации Павлодарского госуниверситета
13Оразай Қыдырбаев, SDU университетінің аға оқытушысы, медиа зерттеушісі/ старший преподаватель SDU, исследователь медиасферы

 

Үміткерлер тізімі, «азаматтық сектор» болгы, басқа да шығармашылық мамандары, заңгерлер:

1.Темірлан Төлегенов, авторлық құқық бойынша эксперт/ Темирлан Тулегенов, эксперт по авторскому праву 
2.Бағлан Мақұлбеков – отставкадағы судья/  cудья в отставке
3.Диана Окремова – Құқықтық медиа орталық директоры / Директор Правового медиа центра,
4Ольга Чебакова – «Волонтеры Кызылорды»  қоғамдық қорының жетекшісі / руководитель общественного фонда «Волонтеры Кызылорды»

 

БАЙЛАНЫС:
Жоба жетекшісі Ольга Настюкова +7-707-7000-439
Бақтыгүл Бурбаева +7 777 213 13 67 
Email: media.principles.kz@gmail.com

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

Қуаңшылық, жатақхана жетіспеуі, egov тағдыры: 6-12 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Міне, араға екі ай уақыт салып жаңа телемаусыммен бірге апталық қорытынды бағдарламаларға шолуымыз оралды. «Жеті күн» бағдарламасы әдеттегідей президент Тоқаевтың аптасы қалай өткеніне көбірек...

«Медиасыншылар таңдауы» жүлдесін алған бес қазақша материал

Internews ұйымы жыл сайын MediaCAMP Fest журналистика фестивалін өткізеді. Биылғы фестивалде алғаш рет «Медиасыншылар таңдауы» деген жүлде берілді. «Жаңа репортер» сайтындағы «Медиасын» бөлімінің медиасыншылары...

Атырау журналистеріне ашық дереккөздермен зерттеу жүргізуді үйрететін ашық дәріс өтеді

2021 жылғы 9 қыркүйекте MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында Атырау өңірінің журналистеріне арналған «Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?»...

MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды

III MediaCAMP Award аймақтық байқауының финалына Орталық Азиядан 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашы өтті. Байқауға аймақтағы бес елден барлығы 700-ге жуық өтініш келіп түсті....

«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest фестивалінің бағдарламасы

2021 жылғы 10-12 қыркүйекте «Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest онлайн-фестивалінің толық бағдарламасы шықты. Фестиваль сайтынан нақтыланған кестесін көріп, қызықтырған сессияларды түртіп алсаңыз болады. Ондаған спикер...