үйМедиасынҚазақстан медиасы вакцинаға қарсылыққа қалай ықпал етіп жатыр?

Қазақстан медиасы вакцинаға қарсылыққа қалай ықпал етіп жатыр?

Медиа жариялаған материалдың тақырыбы аудиторияға тікелей әсер етеді. Өйткені қазіргі оқырман мәтінді түгел оқымай, тақырыптағы ақпаратты ғана талқылауы мүмкін. Тақырып мазмұнға кереғар болса, оқырманды шатастырады. Қазақстандағы медиа коронавирусқа қарсы вакцина туралы ала-құла ақпарат таратып жатыр. Бұл жұртшылықтың вакцинаға негатив көзқарасы қалыптасуына әсер етеді. «Жаңа репортер» авторы Жәнібек Нұрыш еліміздегі газет сайттары, ақпарат порталдары мен телеарналардың коронавирусқа қарсы вакцина туралы контентіне шолу жасады.

Қазақстан медиасынан жұртшылықты вакцинадан шошытатын тақырыптарды жиі көруге болады. Мысалы, «Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін көз жұмды», «Вакцинадан көз жұмды» және тағы басқа.

1. «Егемен Қазақстан» газетінің сайты 16.01.2021 күні «Вакцина салдырған ер адам 8 минуттан соң көз жұмды» деген ақпарат жариялапты.
Тақырыпты көргенде «вакцина кісі өліміне себеп болған» деген ой туады. Мәтінді оқыған кезде олай болмай шығады. Дәрігерлер «ол вакцинациядан және аллергиялық анафилактикалық шок салдарынан көз жұмған жоқ, бұл — вакцинациямен тұспа-тұс келген кенеттен өлім» деген қорытынды жасаған.

2. Stan.kz сайты 21.01.2021 күні «Қазақстандық азамат коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды: Министрлік түсіндірді» деген ақпарат жариялаған.
Сілтемені бассақ, бұл азамат ешқандай вакцина алмағаны, қайтыс болған кезінде вакциналау әлі басталмағаны айтылыпты. Министрлік әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа қатысты түсінік берген.

3. AIQYN газетінің сайтында «Төрт ұшқыш коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін көз жұмды — Қазнет» деген материал жарияланды (19.06.2021).

Бұл да — желіде тараған жалған ақпарат туралы хабарлама, бірақ материалдың тақырыбы фейкті терістемей, одан әрі өршіте түседі. Лиді түсініксіз. «Қазнетте ұшу кезінде ұлыбританиялық British Airways әуе компаниясының төрт ұшқышы көз жұмғаны туралы жаңалық тарап жатыр. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, олар COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған және соның салдарынан қайтыс болған, — деп хабарлайды Stopfake.kz» деп жазылған.


Жалған ақпарат екені кейін барып хабарланады. Айтпақшы, бұл ақпарат Facebook-тегі Aqsaqal Kazakshtan парақшасында ақылы таргетке қойылған.

Осы ақпаратты Tengrinews.kz те жариялаған.

4. Kazgazeta.kz сайты «Вакцина салдырған 8 адам көз жұмды» деп хабарлады (17.04.2021).
Материал Батыс Еуропада AstraZeneca вакцинасын салдырған адамдарда тромбоз анықталып, көз жұмғаны туралы. Тақырыбын ғана оқыған оқырман «оқиға Қазақстанда болған, адамдар вакцинадан өліп жатыр» деп ойлайды.

5. Arasha.kz сайтында 25.01.2021 күні жарияланған ақпараттың тақырыбы — «Вакцина салдырған азамат бірнеше сағаттан соң көз жұмды».
Тақырыбы «айқайлап» тұр, бірақ мәтіннен шын мәнінде не болғанын түсіну қиын. «COVID-19 вакцинасын алған Америка Құрама Штаттарының тұрғыны бірнеше сағат өткен соң қайтыс болды» делінгенімен мәтін соңында әлгі адам қай жерде, қандай вакцина алғаны анықталмағаны жазылыпты.
Оқырман мекені көрсетілмеген тақырыпты оқыса, әуелі өзі тұратын елмен байланыстырады. Ал мұнда оқиға АҚШ-та болған, бірақ қалай болғаны анықталмаған. Оқырманды шатастыратын тақырып.

6. «АҚШ-та вакцина еккен 55 адам көз жұмды» деген ақпаратты Stan.kz сайты 18.01.2021 күні жариялаған.
Бір күннен соң «КТК» телеарнасының сайты Stan.kz-тің осы ақпаратына сілтеме жасап,
«Вакцина еккен 55 адам көз жұмды» деп хабарлады.
Stan.kz сайты лидінде бұл ақпаратты Epoch Time деген ресурс хабарлағанын жазады, бірақ біз бұл ресурсты таппадық. Гиперсілтеме жоқ. Ал Ktk.kz сайты түпнұсқа тақырыптағы мекен атауын алып тастаған.

7. ADYRNA порталы 07.04.2021 күні «Алматы облысында вакцина салдырған азамат қайтыс болды — Видео» деген тақырыппен мәтіні де, видеосы да түсініксіз ақпарат жариялады. Белгілісі — бұл әлеуметтік желіде тараған ақпарат, бірақ портал оның рас-өтірігін анықтамаған.

8. «Еуразия бірінші арнасы» 06.05.2021 күні «Вакцина салдырған азамат қайтыс болды» деп аталатын видеоматериал көрсетті.

Бұл материалда «қайтыс болған адам бұған дейін екпе алғаны, бірақ оның өліміне не себеп болғаны сараптамадан соң анықталатыны» айтылады. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша ол жүрек-қан тамырлары қызметі тоқтағаннан қайтыс болған. Соған қарамастан телеарна журналистері «Алматы тұрғыны вакцинадан соң қайтыс болды» деп, аудиторияны шошытады.

9. 13.07.2021 күні «КТК» телеарнасы «Жол апатына вакцина кінәлі!» деген атауы бар материал көрсетті.

Телеарна «Алматыда жол апатына себепкер болып, ана мен баланы ауруханадан бір-ақ шығарған жүргізуші вакцинаны кінәлады. Көлікті тізгіндемес бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған жігіт дәрінің кесірінен ұйықтап кеттім дейді» деп хабарлады.
Осы ақпаратты бірнеше сайт көшіріп басты:
«Алматыда жол апатын жасаған жүргізуші бұған вакцинаны кінәлады». — NUR.KZ
«Көзім ілініп кетті: Жол апатына түскен жүргізуші вакцинаны кінәлады». — NEGE MEDIA
«Дәрінің кесірінен көзім ілініп кетті»: Алматыда жол апатына себепкер болған жүргізуші вакцинаны кінәлады». — «Алаш айнасы»

10. Мейлі позитив, мейлі негатив жаңалық болсын, тақырып қалай қойылса, солай қабылданады.
08.07.2021 күні Қазақстан сайттары Денсаулық министрлігі вакцина алған адамдардың қаншасы коронавирус жұқтырғаны жөнінде ақпарат таратты.
Бұл ақпаратқа
«Aзаттық Радиосы» сайты «Денсаумин: Қазақстанда екпе алған 2,2 мың адам Covid жұқтырған» деп,
Tengrinews.kz сайты «2212 человек заразились коронавирусом после вакцинации в Казахстане» деп,
ал Мalim.kz «Вакцина салдырғандардың 0,05 пайызы ғана вирус жұқтырған» деп тақырып қойды.
«Азаттық Радиосы» мен Tengrinews.kz тақырыбы вакцина алған мыңдаған адам коронавирус жұқтырғанын меңзесе, Мalim.kz олар вакцина алғандардың аз ғана үлесі екенін білдіріп, тақырыпқа жауапты қараған.

Байқасақ, медиада аудиторияны елең еткізу мақсатымен материалдарға «шошытатын» тақырып қою қалыптасқан. Журналистер вакцинаға қатысты күмәні бар аудиторияның көңілінен шығатын контент жасаймын деп, оның салдары қоғамның вакцинаға деген теріс көзқарасы, шынайы наразылығы қалыптасатынын ойламаған.
Вакцинаны қаралайтын, терістейтін, оған қарсылықты күшейтетін, көпшілікті адастыратын, үрей тудыратын тақырыптарға медиамыздан бұдан көп мысал келтіруге болады.

Медианың вакцина туралы негатив түсінік қалыптастыратын тақырып қоюына бірнеше себеп болуы мүмкін:

  • Кликбейт — күйіп тұрған тақырыпты көрілім санын арттыруға пайдалану;
  • Редакцияның (не редакциядағы жеке автордың) вакцинацияға қарсылығы;
  • Белгілі-белгісіз ықпалды топтардың жалпы вакцинацияға қарсы ақпарат кампаниясы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

Қуаңшылық, жатақхана жетіспеуі, egov тағдыры: 6-12 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Міне, араға екі ай уақыт салып жаңа телемаусыммен бірге апталық қорытынды бағдарламаларға шолуымыз оралды. «Жеті күн» бағдарламасы әдеттегідей президент Тоқаевтың аптасы қалай өткеніне көбірек...

«Медиасыншылар таңдауы» жүлдесін алған бес қазақша материал

Internews ұйымы жыл сайын MediaCAMP Fest журналистика фестивалін өткізеді. Биылғы фестивалде алғаш рет «Медиасыншылар таңдауы» деген жүлде берілді. «Жаңа репортер» сайтындағы «Медиасын» бөлімінің медиасыншылары...

Атырау журналистеріне ашық дереккөздермен зерттеу жүргізуді үйрететін ашық дәріс өтеді

2021 жылғы 9 қыркүйекте MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында Атырау өңірінің журналистеріне арналған «Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?»...

MediaCAMP Award 2021 байқауының финалистері анықталды

III MediaCAMP Award аймақтық байқауының финалына Орталық Азиядан 91 журналист, блогер, фотограф пен карикатурашы өтті. Байқауға аймақтағы бес елден барлығы 700-ге жуық өтініш келіп түсті....

«Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest фестивалінің бағдарламасы

2021 жылғы 10-12 қыркүйекте «Азияда жасалған» ұранымен өтетін MediaCAMP Fest онлайн-фестивалінің толық бағдарламасы шықты. Фестиваль сайтынан нақтыланған кестесін көріп, қызықтырған сессияларды түртіп алсаңыз болады. Ондаған спикер...