үйОқып-үйренЗерттеуді қалай дұрыс жоспарлайды? Кабинеттегі және далалық кезеңдер

Зерттеуді қалай дұрыс жоспарлайды? Кабинеттегі және далалық кезеңдер

Қазақстандағы Internews өкілдігі 2021 жылғы маусымның соңғы күндері Алматыда Зерттеу журналистикасы бойынша офлайн-тренинг өткізді. Зерттеу журналистикасы мектебіне Қазақстанның түкпір-түкпірінен ондаған журналист пен блогер қатысты. «Жаңа репортер» сайты тренинг сессияларынан кәсіби пайдалы материалдар жариялап жатыр. Украиналық медиатренер, зерттеуші-журналист Мария Землянская журналистік зерттеуге дайындықтың маңызды кезеңдері — кабинеттегі және далалық зерттеу жұмысы, ақпаратты жүйелеу мен талдау туралы айтты.

Мария Землянская, медиатренер

Зерттеудің кабинеттегі кезеңі

Журналистік зерттеуде уақыттың 70%-ға жуығы кабинеттегі жұмысқа арналса, қалған 30%-ы кабинеттен тыс өтеді.

Журналист кабинеттегі жұмыс кезеңінде не істейді?

  • Гипотезасын тұжырымдайды (бір сөйлемге сыятын тұжырымдалған гипотезада мына сұрақтар болады: Нені зерттеймін? Кім кінәлі? Қазіргі жағдайға ықпалы қалай?).
  • Тақырыптың өміршеңдігін бағамдайды (зерттеу нәтижесі жұмсалатын ресурсты ақтаса, зерттеудің қоғамдық мәні мен масштабы болса, мәселе резонанс туғыза алса, онда өміршең тақырып болып есептеледі).
  • Далалық жұмысты жоспарлайды.
  • Ақпарат пен деректерді жинайды (ақпарат тым көп болатынын ұмытпаңыз. Жиналған және өңделген ақпараттың 90%-ы жарияланбай қалуы — қалыпты жағдай, өйткені оқырман/көрермен айсбергтің су бетіндегі бөлігін, яғни ең маңыздысын, ең қызығын ғана көреді)
  • Ақпаратты талдайды, досье құжатты реттеп, негізгі сұхбатқа дайындалады.
  • Фактчек жасайды, яғни ақпаратты, деректерді тексереді.
Журналистік зерттеуді жоспарлау үлгісі 

ШАМАҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙСЫЗ?

  • уақыт — барлығы бірдей бізге бағына бермейді. мұны ұмытпаңыз

  • адамдар — командаңыздың кім екенін және қандай дереккөздеріңіз бар-жоғын түсініңіз

  • АҚША — зерттеудің бюджетін жоспарлау

Ықтимал қауіп-қатерді қалай бағалаймыз?

Заңдық тұрғыдан төнетін қатер: қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік жауапкершілік, азаматтық жауапкершілік. Заңнан тыс қауіп төнуі мүмкін: күш көрсету, бопсалау, психологиялық қысым, digital-қауіпсіздігін бұзу (деректерді жоғалту), атақ-абыройына нұқсан келтіру (беделін түсіру).

Жұмысты жоспарлаудың қажеті не?

Ешнәрсе назардан тыс қалмауы үшін зерттеуді жоспарлап, хаттамасын түзіп отыру қажет. Жоспарлау тақырыпты зерттейтін команданың жұмысын ұйымдастыруға, әрбір журналистің неге жауапты екенін міндеттеп, тақырып бойынша жұмыс істеуге уақыт шегін белгілеуге, дедлайн өтіп кетсе, кім кінәлі екенін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын жоспарлау дегеніміз — жұмыс жоспарын құру, спикерлер мен құжаттар тізімін жасау, хаттама түзу.

Жоспарлаудың негізгі ережесі мынадай: тұрақты талқылау өткізу (күн сайын, апта сайын), команданың әрбір мүшесі Google drive жадындағы ортақ бумада сақталған зерттеу жоспарын көре алады, олардың бәрі ақпаратты жүйелеу, файлдарды жайғастырудың ортақ ережесіне бағынады, ақпаратты бәрі көшіріп алып отырады. Жоспарды Excel-файлда немесе Todoist және тағы басқа сол сияқты сервистерде жасауға болады.

Зерттеудің далалық кезеңі

Журналист кабинетінен шығып, жұмыс істегенде мынадай әдіс-тәсілдерді қолданады:

  • ашық және жасырын бақылау;
  • іштей және сырттай бақылау;
  • эксперимент;
  • конфликт-сұхбат.

Кабинеттегі кезең қайта басталады!

Содан кейін журналист кабинетіне оралады. Жинаған деректерді талдайды; мәтін жазу / редакциялау / сюжет дайындау; заңдық жағынан сараптама жүргізу; фактчек жасау; мәтін/сюжет жарияланғаннан кейінгі тарату/таныту жұмыстары (әлеуметтік желілерде бөлісу).

Ақпаратты жүйелеудің реті мынадай: мәселенің ауқымын бағалау, гипотезаның шындыққа сәйкестігін анықтап, жеткіліксіз деректерді айқындау ретімен жүргізіледі. Ақпаратты жүйелеуге оқиғаларды қайта құру, оқиғалар картасы (орны), хронологиялық реті (уақыт), оқиға қатысушылары, адамдар/компаниялар байланысы.

ақпаратты жүйелегенде досье жасап, архивті сақтау керек. жылдар өте келе зерттеудің кейіпкерлері мансап жолында көтерілуі мүмкін.

Досьеге кейіпкерлер, дереккөздер, сарапшылар, цифрланған құжаттар, стенограммалар, видео/аудио/фото, зерттеу объектілері. Досье жасаудың ережесі: digital-қауіпсіздігі, қолжетімділік, стандарттау (атауы, құрылымы), нақтылық.

Архивтелетін материалдармен жұмыс ережесі: сенімділігі, жойылып кетуден қорғау, стандарттау, құрылымын бір ретке келтіру (авторы, уақыты, дерек, дереккөзі). Архив ақпаратты сақтайды, сондықтан әлемнің кез келген жерінде жүргенде де архив қолжетімді болуы керек.

Бұл кеңестер офлайн форматта өткен Зерттеу журналистикасы мектебінде медиатренер Мария Землянскаяның дәрісінен жазылып алынды. Зерттеу журналистикасы мектебі  MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Cоңғы жазбалар

ЕЭК отырысы, қымбатшылық және “Кальмар ойыны”. 11-17 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалар ел ішінде жиі талқыланған мәселерге көбірек арналды. «Жеті күн» авторлары президент Қ.Тоқаев қатысқан отырыстарға эфирдің жартысын арнады. Ал «Айна» редакциясы ел назарында болған...

Баспана бағасы, дизель тапшылығы және аңшылық. 4-10 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
«Жеті күн» және «Айна» бағдарламаларына ортақ тақырып — тұрғын үй бағасының қымбаттауы мен дизель тапшылығы. Ал Apta авторлары көмір тапшылығын да, мүгедектігі бар жандар...

Тұран жолбарысы, азып-тозған ауылдар және қымбатшылық. 27 қыркүйек — 3 қазандағы апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған «7 күн» авторлары Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқанына 30 жыл толғанын айтып, президент аптасына ауысса, «Айна» редакциясының негізгі тақырыбы — азық-түлік қымбаттауы....

Алматыдағы атыс, президенттің Маңғыстауға сапары және деменция. 20-26 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Кешегі аптаны қорытындылаған бағдарламалардың барлығына ортақ тақырып — Алматыдағы атыс. «Айна» редакциясы тұтас бағдарламаны осы оқиғаға арнаса, «Жеті күн» және Apta авторлары президент Қ.Тоқаевтың...

Душанбедегі саммит, жылыту маусымы және тағы да қуаңшылық. 13-19 қыркүйектегі апталық телебағдарламаларға шолу

0
Апталық сараптамалық бағдарламаларға дәстүрлі шолуымызда «Жеті күн» және «Апта» бағдарламаларын қамтыдық. Екі бағдарламаның бірінші сюжеті президент Қ.Тоқаевтың Душанбедегі қос бірдей отырысқа қатысуына арналыпты. Apta...