ДомойОқып-үйрен«Алаяқ, жемқор, бірнеше рет сотталған»: кінәсіздік презумпциясы туралы не білуіміз керек?

«Алаяқ, жемқор, бірнеше рет сотталған»: кінәсіздік презумпциясы туралы не білуіміз керек?

«Алаяқ, жемқор, бірнеше рет сотталған»: кінәсіздік презумпциясы туралы не білуіміз керек?

Журналистердің күнделікті жұмысында «жазасын өтеген адамды, күдікті деп танылған адамды, сот отырысына қатысып жатқан адамды қалай атаймыз», деген сауалдар туындайды. «Жаңа репортер» редакциясы «Құқықтық медиа-орталық» заңгері Гүлмира Біржановамен бірігіп, осы сауалдардың жауабын дайындады.

Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз бе?

Қазақстан заңнамаларында жазылғандай, кінәсіздік презумпциясы дегеніміз — соттың үкiмінсіз және заңға сәйкес емес түрде ешкiмді де қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кiнәлi деп тануға, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартуға болмайтынын білдіреді.

Кінәсіздік презумпциясының сақталуына айыпталушы ғана үміттене алады. Сондықтан да айыпталушыны үкім шығып, заңды күшіне енгенге дейін «жемқор», «парақор», «ұры», «алаяқ» және тағы басқа сөздермен атау — этикаға жат. Мұндай сөздердің орнына «… жасады деген күдікке ілінді», «пара алды деген күдікке ілінді», «адам өлтірді деп айыпталып отыр» және т. б. жазуға болады.

Терминдерді теріс қолданудың құқықтық салдары қандай болуы мүмкін?

Егер адамды сот үкімі шыққанға дейін қылмыскер деп атасаңыз, онда абыройы мен қадір қасиеті, іскерлік беделін қорғау, моралдық шығын үшін өтемақы талап ете алады.

Егер қылмыс құрбаны туралы мәліметті оның келісімінсіз таратсаңыз және «қоғам қызығушылығы» болса ше? Мұндайда жеке өміріне қолсұғымаушылық құқықтарының бұзылғаны, әсіресе жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, жөнінде талап арыз беруі мүмкін.

БАҚ-та балалар туралы ақпарат таратқанда нені білу керек?

Құқыққа қайшы әрекеттерден (әрекетсіздіктен) жапа шеккен, не болмаса әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айыпталған кәмелетке толмағандардың тұлғасын айқындайтын тікелей немесе жанама мәліметтерді кәмелетке толмаған адамның және (не) заңды өкілінің келісімінсіз жариялауға редакцияның құқығы жоқ.

Бұл норма сот шешіміне ауыр және (не) өте ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмағандарға, оның ішінде олардың ата-анасы және жәбірленуші деп танылғандардың басқа да заңды өкілдері туралы мәліметке жүрмейді.

Сөз соңында сот істері жөнінде материал дайындағанда ескеретін бірнеше кеңес ұсынамыз:

1. Журналист қоғамдық пікір қалыптастыратын жауапкершілігін түсініп, пікір мен көзқарастар тепе-теңдігін сақтауы керек.

2. Егер балалар, әйелдер, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жандар, діни және басқа да топ өкілдері туралы сезімтал тақырыптарда материал жарияласаңыз, кемсітушілікке жол бермеңіз.

3. Сексуалды сипаты бар зорлық-зомбылық әрекеттері туралы іс бойынша ақпарат таратқанда жеке өмірінің құпиясын сақтау құқығын құрметтеңіз.

4. Құқықтық терминдерді дұрыс қолдануға тырысып, кінәсіздік презумпциясын бұзбаңыз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР