«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Шымкентте медиаэтика тақырыбына арналған офлайн-тренинг өткізеді.
Құрметті журналистер, журналистика факультеті студенттері, Шымкент қаласындағы баспасөз қызметі саласында жұмыс істейтін мамандар!
«Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігі Сізді 6 наурыз, жексенбі күні, сағат 11.00-де өтетін офлайн-тренингке шақырады.
Тренинг тақырыбы: Медиаэтика: негіздері, журналист қауіпсіздігі және жанжалға сезімтал тақырыптар.
Тренинг жүргізушісі – Бақтыгүл Бурбаева. Ол жанжалға сезімтал коммуникация және медиа сауат бойынша медиатренер, KazMediaNetwork қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры.
Тренинг кезінде:
— кез келген БАҚ қызметкері (жаңадан бастаушы да, тәжірибелі маман да) тап болатын этикалық мәселелерді нақты мысалдар аясында талдаймыз;
— тығырықтан шығу жолдарын анықтаймыз — және жалпы сондай жол бар ма;
— «Хайп үшін күрес» — кәсіби қауымдастықтағы медиаэтиканы сақтау мәселелерін талқылаймыз;
— Медианың негізгі принциптері дегеніміз не және ол неліктен маңызды екенін, сондай-ақ Қазақстандағы Медианың өзін-өзі реттеу қоғамық комитеті қалай жұмыс істейтінін түсіндіреміз.
Өтетін орын: City Hotel Shymkent қонақүйінің конференц-залы, Шымкент қаласы, Республика даңғылы 4.
Тіркелу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
8-707-7000-439 Ольга Настюкова, жоба жетекшісі
8-777-213-13-67 Бақтыгүл Бурбаева, медиатренер
***
Бұл тренинг Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын «Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы» аясында дайындалды. «Қазақстандық Медиа Желі/KazMediaNetwork» ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты және ол ақпарат USAID, Америка Құрама Штаттары үкіметі немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.