Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 5. Үгіт-насихат, манипуляция құралдары, ақпараттық соғыс

Модуль 5. Үгіт-насихат, манипуляция құралдары, ақпараттық соғыс

Модуль 5. Үгіт-насихат, манипуляция құралдары, ақпараттық соғыс

2-ҚАДАМ. Ақпараттандыру мен үгіт-насихаттың маркерлері

Үгіт-насихаттың ерекшеліктері ақпараттандырумен салыстырғанда байқалады.

Тәжирибелік тапсырма:

Оқытушы мынандай әдіспен флипчартқа екі бет әзірлейді.


А парағында суретте көрсетілгендей терминдердің ақпараттандыру және үгіт-насихат деп, жалпы түсінігі беріледі.

Тренер көгілдір түстегі стикерге ақпараттандыруды қалай түсінетінін жазуды, ал жасыл түсті стикерге үгіт-насихат түсінігінің баламасын жазуды сұрайды. Сөйтіп бұл стикерлерді А4 парағына сай келетін колонкалармен жапсырып қояды.

Талқылауға арналған сұрақтар: Өз таңдауыңыздың неге негізделгенін түсіндіріп беріңізші?

Қатысушылар өз пікірін білдіргеннен кейін оқытушы «үгіт-насихат» және «ақпараттандыру» сөздеріне түсіндірме береді (флипчарттағы Б парақшасын ашады, онда осы терминдердің мағынасы берілген).

Талқылауға арналған сұрақтар: колонкаларға жапсырылған түсініктемелер түсініктеме мағынасына сай келеді ме? Сіз нені өзгерттіңіз?

Маркерлерді білмегендіктен ақпарат пен үгіт-насихат туралы түсінік айырмашылығы болуы ықтимал. Сол себептен келесі жаттығу (5 минут) алған біліктілікті арта түседі.

Кесте толтырылғаннан кейін жұмыс барысында орын алған қиындықтар мен пікір тудырған сәттер талқыланады. Соңында студенттер алдын ала дайындалған ақпараттандыру мен үгіт-насихат маркерлерін алады.

Сонымен қатар студенттерді америкалық зерттеушілер Энтони Р. Пратканис және Эллиот Аронсонның «Современные технологии влияния и убеждения. Эпоха пропаганды» атты үгін-насихат туралы түсініктемесімен таныстыруға болады:

«Алғашқыда үгіт-насихат әділетсіз идеялар мен пікірді өтірік, жалған арқылы таратушы деп белгіленген. Алайда ғалымдар бұл тақырыпты толыққанды зерттей келе үгіт-насихат тек «қылмыстық» және тотолитарлық жүйелердің игілігіне жататын дүние еместігін түсінді және үгіт-насихат тек жетік ойлы алаяқтық әрекеттен тұрмайтынын ұқты. Сол уақыттан бері «үгіт-насихат» сөзі жаппай «сендіру» немесе таңба және адамның психологиясы арқылы манипуляция жасау деген ұғымды береді. Үгіт-насихат – бір көзқарастың көздеген мақсатына жету арасындағы байланыс, яғни үгітті алған адам «өз еркімен» осы позицияны өз шешіміндей қабылдауға дайын деген сөз».

Түйін:

Ақпараттандыру – бұл орын алған оқиғалар туралы немесе белгілі біреудің әрекеті туралы хабар беру; белгілі бір нәрсе туралы хабар беру;әдетте қабылдаушы алған ақпаратты ұғуға құқылы.

Үгіт-насихат – идея, көзқарас, білімді әрдайым түсіндіріп, таратып, насихаттап, дәріптеу; бұқараға немесе белгілі бір топ адамдарына идея жағынан әсер ету; болған оқиғаны ұғынудың, фактіні қабылдаудың өз вариантын ұсыну; қабылдаушы адамның дүниетанымын өзгертуді көздейді.

Насихатты барлық жерден көруге болады: БАҚ-та, кинода, әлеуметтік желілерде, электронды поштада, смартфондарда, видео, мульфильмдарда, плакаттарда тағы басқа жерлерде. Жалау, ескерткіш, мәнет, марка, пьеса, комикстар, әдебиет, поэзия, музыка, рәсім, музей жәдігерлері, спорт және мәдениет шаралары, жүлде де, киім де, тіпті түйме де – осының барлығы насихаттың құралы бола алады.

3-ҚАДАМ. Тәжірибелік тапсырма (10 минут)

Ақпараттандыру мен үгіт-насихат маркерлерінің таратылған материалдарды пайдалана отырып, келесі постерлерде ақпарат қай формада берілгенін анықтаңыз:

Жауаптар: 1,2 – Бетперде тағуға және коронавирусқа қарсы сақтық шараларын сақтауға шақырған әлеуметтік жарнама; 3 – жарнама; 4 – әлеуметтік жарнама (Fortebank-тың кәсіпкер әйелдерді қолдауға арналған әлеуметтік жарнамасы); 5 — пиар; 6 – ақпараттандыру; 7 – діни насихат.

Тәжірибелік тапсырма: (10 минут)

Қатысушылар 24kz сайтының жарияланымын алады.

Аралдың бірінші сыныпқа баратын 150 бүлдіршіні «Нұр Отан» сыйлығын алды.

Аралда бірінші сыныпқа баратын 150 бүлдіршін мектепке керек жабдықтары бар сөмке мен тегін балмұздақ беретін сертификат алды. Шара «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған «Кедергісіз болашақ» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында өтті. Партия мүшелерінің айтуынша, бұл «Балаларды мектепке дайындаймыз» атты акция аясында ұйымдастырылып отырған алғашқы шара. Жаңа оқу жылы басталмай тұрып, партия өкілдері осындай бірнеше шара ұйымдастыруды көздеп отыр. «Nur Otan» партиясының облыстық бөлім жетекшісі Алтынбек Жарылқасынов:

— Жаңа оқу жылы алдында «Nur Otan» партиясының жергілікті мәслихат депутаттары оқушыларға қолдау көрсетіп жатыр. Көмектесу ниетін партия ұйымдары білдіріп үлгерді. Біз өз кезегінде облыс тұрғындарын «Nur Otan» іске асырып отырған «Балаларды мектепке дайындаймыз» шарасына қатысуға шақырамыз».

Сұрақ: Бұл материалды коммуникацияның қай түріне жатқызасыз: ақпараттандыру немесе үгіт-насихат па? Бұл сұраққа жауап беруге ақпараттандыру мен үгіт-насихат маркерлерін қараңыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР