Модуль 15. Жаңалықтар сюжетінің жанры: репортаж, сұхбат

Модуль 15. Жаңалықтар сюжетінің жанры: репортаж, сұхбат

3-ҚАДАМ. ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС (70 минут)

1-тапсырма (20 минут)

Мақсаты: сұхбат пен репортажға арналған мәтіндер жазып үйрену.

«Хабар» телеарнасынан 2017 жылдың 6 қазанында көрсетілген видео сюжет ұсынылады. СҚО-дағы бірқатар тарихи орын Қазақстанның киелі жерлер картасына енді.

Барлық айтылған, көрсетілген дүниелерді жазып алып, оны толықтырып, сұхбат және репортаж ретінде өзгерту.

2-тапсырма. КӨП ДҮНИЕ «ҚАТТАУҒА» ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ (50 минут)

Мақсаты:

  1. Әртүрлі жанрлар мен форматтарда (репортаж және сұхбат) мәтін жасау дағдысын дамыту.
  2. Нақты мақсатты аудитория үшін қай форматта ақпарат беру қолайлы екенін түсіну.

Тренер контент жасау мақсатында мәтінді таңдайды. Таңдалған мәтін жаңалық емес, сараптамалық (проблемалық) материал болса тіпті жақсы болар еді. Оны жан-жақты қарастырып, дамыту мүмкіндігі бар.

Көмекші материал:

Тренинг басталардан бұрын тренер тақырып (оқиға) жайлы әңгімелейді. Егер қатысушылар бұл оқиғамен бұған дейін таныс болса жақсы болар еді. Егер таныс болмаса, оқиғаның анық-қанығы баяндалған материал ұсынылады немесе веб-порталға сілтеме болуы керек.

Қатысушыларға таңдалған тақырыпқа қатысты қандай публикация жасауға болатындығы жайында тапсырма беріледі.

Олар тапсырманы жеребе арқылы таңдауы керек. 20 минуттан кейін қатысушылар жұмыстарымен таныстырады.

Талқылау кезінде төмендегі мәселелер қамтылуы тиіс:

  • форматқа сай келуі;
  • форматтың әртүрлі аудитория үшін тиімді болуы;
  • автордың тақырыпты ашудағы үлесі (оқиғаны таныстырудағы) – фактілерді, цитаталарды, көрнекі құралдарды және т.б. таңдауы.

Талқылау аяқталғаннан кейін, қорытындылай келе, қатысушыларға жанр мен берілу форматын таңдау автордың материалды беру тәсіліне байланысты екенін ескерте кету керек.

Түйін:

Репортаж – оқиға орнынан таратылатын медиа хабарлама. Репортаждан ол оқиға туралы толық түсінік алуға болады. Репортажға тән ерекшелік – жеделдік және бейтараптық. Сондай-ақ, оқиғаны сол күйінде баяндау, бағаламау. Автордың арқасында аудитория оқиғаның куәгері немесе қатысушысы бола алады.

Сұхбат – сұхбат алушы мен сұхбат беруші екі немесе одан да көп адамның өзара әңгімесі. Әдетте әлеуметтік-мақызды тақырыптар көтеріледі, әңгімеге сарапшылар мен белгілі адамдар қатысады.

Багиля Ахатова
Багиля Ахатова
Доктор филологических наук, профессор, директор Казахстанской коммуникативной ассоциации. Медиаисследователь, медиаэксперт, медиатренер. Специалист в области коммуникативных технологий, медиадискурса и медиаграмотности. Автор более 130 научных трудов. Медиаграмотностью занимается с 2007 года.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР