Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

4-ҚАДАМ. Блогерлер мен вайнерлер медиабизнестің бөлігі (30 минут)

Талқылау: (10 минут)

  • Қандай блогерлер мен вайнерлерді білесіз?
  • Сіздің ойыңызша олардың танымалдылығының сыры неде?

Медиабизнесте видеомаркетинг контентке жаңашылдық алып келді. Видео коэфициент конверсиясын көтеретіндігін әлемдік компаниялардың 72 пайызы растайды. Қазақстан медиа нарығында блогерлер мен кішігірім видео жасаушылар 2014 жылдан бастап пайда болды.

Жас кәсіпкерлер алдында сөз алған медиаолигарх Арманжан Байтасов бұл трендке арнайы тоқталып, «блогерлер де медиабизнестің бөлігі екенін есте сақтаңыздар»,-деді.

Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары

 

Дереккөз: https://datareportal.com/reports/digital-2021-kazakhstan

We Are Social аналитикалық агенттігінің және Hootsuite SMM платформасының мәліметінше, соңғы жылдары қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылардың саны 12 млн адамға жеткен. Қазақстандық медиабизнес әлемдік тренд ізімен блогерлер мен вайнерлер арқылы жарнаманы жаудырып, мүмкіндікті максималды түрде пайдалануға күш салуда.

Медиасауат тұрғысынан Қазнеттегі блогтың басым бөлігі тапсырыспен дайындалғанын білу маңызды.

Белгілі блогер Әлішер Елікбаевтың пікірінше бүгінде блогерді көптеп сатып алу тенденцияға айналған. Астанадан контор ашатын бизнесмен блогерлерден құралған 5-10 адамды жинап алып, әрқайсысына пост, пікір жазуды тапсырады. Көбіне блогерлерге мемлекеттік идеологияны жүргізетін компаниялар мен оның айналасындағы құрылымдар ұсыныс жасап, қомақты ақша төлейді.

Елікбаев этикалық тұрғыдан алғанда аудитория тапсырыспен жазылған постты білуі керек деп санайды. «Егер мен біреуден бұл пост үшін ақша алсам, онда мұны мойындауға тиіспін. Адамдар менің жазбамды оқи отырып, ол үшін ақша төленгенін түсінеді. Өкінішке қарай, мұндай тәртіп бізде кеңінен қолданылмайды, әсіресе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтіндер үшін үйреншікті әрекет емес.

Қазақстандағы вайнерлер мен блогерлердің көбеюі Instagram желісінің дамуымен байланысты болды. Instagram-дағы қазақстандық аудитория Facebook-ке қарағанда әлдеқайда ауқымды. 2021 жылдың қаңтарында 11 млн қолданушыға жеткен.

 

Дереккөз: https://datareportal.com/reports/digital-2021-kazakhstan

Тәжірибелі менеджерлер бұл факторды медиабизнестің даму стратегиясында тиімді пайдаланып келеді. XI Медиа құрылтайда «Алаш Медиа Групп» медиахолдингінің бас директоры Б.Қазыбаев қазақша контенттің кең өріс алып келе жатқанын айта келе, Instagram-дағы танымал аккаунттардың аудиториясын атады.

Ләйлә Сұлтанқызының 3 млн. оқырманы, Сәкен Майғазиевте 3.8 млн, Мейрамбек Беспаевтің 3.1 млн. жазылушысы бар.

«Курсив» газетінің зерттеуіне сүйенсек, ең танымал блогерлердің алғашқы үштігіне sekavines никнеймімен белгілі Серғазы Тоқтарбек кіреді. Оның 5.7 млн. оқырманы бар. YuFrame тұрақты жетекшілеріне (Арман Юсупов, Карина Аксупаева, Артур Асқарұлы, Адина Топашева) 3,5 млн.нан астам адам жазылған. Желіде Zheka_fatbelly деген атпен таныс Жеңіс Омаровтың аудиториясы 1,8 млн. адамды қамтиды. Жеңіс тағам желілерін ашу арқылы (бургер, дөнер, балмұздақ) өз брендін жасаған.

Вайнерлер бизнестегі тарифтерін ашық айтуды лайық көреді. Yuframe командасы жалғыз форматтағы жарнамалық жазба үшін 350 мың теңге, продакт-плейсментке 200 мың теңге алады. Ең қымбат жарнамалық қызмет — Youtube каналындағы түсірілім 650 мың теңгеге бағаланады.

Тапсырыс берушілер вайнерлер арқылы жасалған жарнамаға жұмсалған қаржыны, мейлі 3 есе қымбатқа түссе де сауданы 50 пайызға көтеріп, қайта өндіріп алуға болатынын айтады. Блогерлер мен вайнерлерге төленетін ақша қаладағы билборд, теле не радио жарнама құнынан әлдеқайда арзанырақ деген пікір қалыптасқан.

Бұл медиабизнесте белсенді дамып келе жатқан трендке жеңіл желпі қарау сияқты. Танымалдылықтың артуына қарамастан вайнерлер арқылы берілген жарнаманың қаншалықты тиімді екен айту қиын. Жарнамаға жұмсалған қаражат нәтижесін қалай бағалаймыз? Пікірлер мен бөлісулерді санауға болады, алайда тапсырыс вайнерлердің шығарғаннан кейінгі имидждің көтерілгенін қалай объективті есептеуге болады?

Вайнның негізгі мақсаты бренд туралы толық мәлімет беріп, потенциалды аудиторияның қызығушылығын көтеру. Интернет маркетингтің ұстазы В.Елисеев мұның тікелей сауда құралы еместігін айтады. Желіде манипуляция жасаудың мүмкіндігі мол екенін, түрлі әдістердің көмегімен оқырман санын көбейтіп, «өлі» аудитория жинап алуға болатынын ескертеді.

Қазақстан медианарығында Salem Social Media бизнес стартабының пайда болуы әртүрлі реекциялар туғызды. Біріншіден, оны бай тәжірибелі, кәсіби менеджер А.Аксютиц басқарады. Команда өз кезегінде белгілі жобалар жасаған жетекші вайнерлерден құралған. Salem Social Media портфелінде 40-тан астам жоба бар. Қазақстан медиабизнесіндегі жаңа трендтерге байланысты жобалардың бәрінде аталған команда көзден таса қалған емес.

Бір жағынан, Salem Social Media-ның жаңа жобалары ащы сынға ұшырауда. Журналист П. Шиманскаяның вайндардағы құнарсыз сөздерді сынап алғаны бар еді. Бұған жауап ретінде «эксклюзивті контент фабрикасының» басшысы А. Аксютиц тұтынушылар тілінде сөйлудің маңызын түсіндіреді.

Балағат сөз – желіде де, шынайы өмірде де заманауи коммуникацияның дертіне айналған. Salem Social Media-ның «Нестеватр» реалити шоуы мен «Свадьба Айжан Байзаковой» атты жобалар әлеуметтік контекстіне қарама-қайшылық деп айыптағандар болды. Себебі дәл осы кезде ел ішінде астананың атының ауысуы қызу талқыланып, сайлау науқанының легитимділігіне қарсы көтерілістер жүріп, азаматтық белсенділер ұсталып жатқан еді. Жобаның сайлау қарсаңында басталғанымен қоса, олар жасаған инста-жұлдыз Айжан Байзақованың фейк тойы жобасы адамдардың жаңашыл «фабриканың» негізгі мақсаты туралы теріс ойын дәлелдей түскен еді.

Сондай типтік пікірлердің бірі YouTube-тегі «Айжан Байзакова пранканула всех! Фейковая свадьба/ Социальный эксперимент» ролигіне жазылған:

«Шындығына келгенде бұл халықтың назарын басқа жаққа аудару. Интернет қауымдастығына итке тастаған сүйектей қылды. Хайп ұстау. Серпіліс әкелген жоба Esquire журналында сынға ілікті. «Ақылға симайтын пранктер мен қызықсыз вайндар, әлеуметтік роликтер SSM-нің қоғамдағы қарбаластың қызуын басуға бағытталған.

«Нестеватр» мен «фейк» той жағдайында аудиторияға манипулятивті әсер қалдыру әрекетін байқауға болады.

Қазақстандық вайнерлердің көбі ЖОО-ның талантты түлектері, дарынды, шығармашыл адамдар. Олар үшін вайн ең алдымен шығармашылық екенін, сөздеріне абай болатындығын, қазақ тілін насихаттап, қайырымдылық шараларын қолдайтынын, дін мен саясатты қозғамайтынын бір кездері ашық айтқан болатын. Олардың көбі жас кезінен «вайндатқандықтан» саяси кемелденбеген шақта айтқаны еді. Бүгінде олар Salem Social Media шаңырағының астында бас қосып отырғандықтан, саясаттан алыс боламыз деуі репутацияларына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Бұрын дәлелденген дүние: саясаттан саналы түрде бас тартқан адам (сайлауға қатыспайды, өз позициясын жарияламайды), саяси технологияның құралы, әлдебіреудің мақсаты жолындағы құрбаны ретінде танылуы мүмкін.

Сол себептен сыни ойлаушы, медиасауатты адам Қазақстан медиабизнесіндегі жаңа тренд Salem Social Media «эксклюзивті контент фабрикасын» таза нарықтық ерекше құбылысқа жатқыза алмайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Көптеген блогерлер өзінің табысты хоббиін бизнеске айналдыруға асықпайды. Қалай ойлайсыз, неге?
  2. Саяхаттандырылмағандықтарыңыздан Қазақ әжесі – Экстремал! Ролигін тамашалап шығыңыз. Қалай ойлайсыз, бұл коммерциялық жоба ма, әлде әлеуметтік пе? Неге Salem Social Media мұндай жобалар жасайды?

Түйін. Қазақстандық БАҚ ықпал жасау құралына айналып кетуі қаупі бар және бұл бизнес заңдарымен реттелмейді, осының салдарынан бәсекелі медианарық жасау қиын.

Бұл мемлекеттік саясатына ұқсас дүние. Квазимемлекеттік құрылымдарды қысқарту және ұлттық компаниялар «бәсеке нарыққа» бөгет болмас үшін, бизнестің дамуына кедергі келтірмес үшін болмас үшін әсер ету. Мемлекеттік тапсырыс балалар, мәдениет бағдарламаларын қолдау мақсатында жұмсалса ақталады. Мұндай қаржыландыру әрекеті редакция саясатына әсер етпеуі тиіс, белгілі бір тақырыптарды көтеруге шектеу жасалмауы керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР