Домой1-бөлім. Қазақстандағы медиасауаттың әлеуметтік-саяси даму мәнмәтініМодуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

Модуль 3. Медиа бизнес ретінде. Елдегі медиаиндустрия сипаты

2-ҚАДАМ. Бизнес әліппесі: медиаолигархтар кеңесі

Еліміздегі ең «ашық» медиамагнат Арманжан Байтасов 22 жасында Қазақстандағы комерциялық «31 арнаның» негізін қалаушылардың бірі болды. Бүгінде оның бизнес портфолиясында Business FM радиосы, MuzZone телеарнасы, сондай-ақ Қазақстандағы, Грузиядағы, Ресейдегі Forbes журналы бар. Олигархтың айтуынша медиабизнес сапалы контент пен жарнама саудасынан жанданады.
YPO (Young Presidents Organization) екінші бизнес форумында А. Байтасов қазақстандық жас кәсіпкерлермен медиакомпания ашудың сырымен бөлісті. Бизнесмен медиа және жарнама заңдылықтардың ерекшелігін жете түсінуді, шетел капиталының шегін білуді (20%-дан көп емес), және теле және радио жиіліктерінің шарттарын меңгеруге кеңес берді. А.Байтасов Қазақстанда медиабизнес құру үшін қажетті бастапқы капитал туралы ақпарат берді.

  • Бір қала үшін радиостанцияның құны 300 ден 350 мың долларға дейін.
  • Бір телеарна (жалпыұлттық «Хабарға» қарағанда ауқымы шағын арна) үшін 1 миллион доллар көлемінде қаражат қажет. Әрі бұл бастапқы капитал ғана.
  • Журнал («Forbes» журналынан бөлек) 100 мың доллардан басталады.
  • Сайт үшін кемінде 3000 доллар қажет.

Дегенмен бұдан да аз қаражатқа жасалған сапалы сайт бар. Оған небәрі 1000 долларға ашылған Ratel.kz сайтын айтуға болады. Оны белгілі бір себептермен жауып тастамағанға дейін ел ішінде танымалдыққа ие болатын (сот шешімін бір жылдай уақыт өткен соң өзгертті). Әрине, бұл сирек кездесетін жағдай ғой, бірақ алғашқы капитал медиабизнестегі стартаптың сәтті болуының жалғыз көрсеткіші емес.

Талқылауға арналған сұрақтар (15 минут):

  • Адамдар неге жеке медиа бизнес ашқысы келеді?
  • Ал сіз өзіңіздің медиаңыз болғанын қалайсыз ба?
  • Қазақстандағы медиа бәскелестікке қандай факторлар әсер етеді?

3 — ҚАДАМ. Медиа тұтынудағы өзгерістер.

Соңғы 5 жылда Қазақстан телеарналарының қаралымы төмендеп кетті. Бүгінде халықтың 61 пайызы 6 жастан жоғары қарай телевизорды күнде көреді. 91 пайызы айына бір рет көреді. Орташа есеппен әрбір адам телевизор көру үшін күнделікті 4 сағатын жұмсайды.

Қазақстандағы телевизия аудиториясын шамалау 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалаларда 3 мың пиплметр құрылғысымен өлшенеді. Алайда алынған мәліметтер ашық емес. Бұл нәтижеге сенбеген медиаиндустрия өкілдері өздерінің де, мемлекеттің де аудитория сұранысының бұрмаланған көрсеткішімен ғана таныстығын айтады.

Айта кету керек, ауыл-аймақтар үшін ақпараттың негізгі көзі – теледидар. TNS мәліметі бойынша үздік 20 рейтинг бағанының көшін Ресей өндірісінің телесериалдары мен бағдарламалары бастап тұр. Дегенмен статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір елдің 70 пайызын қазақ ұлты құрайды, олардың ішінде балалар мен жастар, орта жастағы азаматтар көп. Бұл дегеніміз аудитория қазақ тіліндегі телеконтенттің тұтынушыларына айналуы әбден мүмкін.

TNS Қазақстан басшысы Т.Старцева қолданылатын телеөлшемдердің шектеулі екенін айта келе, ұлттық медиа ассоциацияға біріккен телеарналар мен ірі жарнама агенттіктерінен нақты тапсырыс жоқ екенін де жасырмайды.

Жастардың теледидарға қызығушылығы азайғанына қарамастан Қазақстандағы медиабизнесті дамытудың келешегі теледидарды дамытумен байланысты. Мұнымен қоса интернет пен әлеуметтік желідегі жарнама үлесі арта түспек. Өкінішке қарай, интернет жарнамасы жөнінде нақты мониторингтік мәліметі жоқ, бұл ақшаның көп көлемі көлеңкеде жатыр. Теледидар мен дижитал біте қайнасып бара жатқаны байқалады.

Қазақстанда жергілікті бәсекеге қабілетті теле контент жасайтын уақыт жетті деп санайды медиакәсіпкер, кәсіби маркетолог В Елисеев. Қазақстан медианарығында ең бірінші туындаған қажеттілік – ақша ағынын басқару мен тиімді жорамал жасауды үйрену. Мұнымен В.Елисеев 2015 жылы негізін қалаған Kazakhstan Media Summit Орталық Азия мен Қазақстандағы медиабизнес маркетингінің негізгі ойыншыларына арналған кәсіби алаң айналысады.

Қазақстандағы баспа шығару үлесі мемлекеттік қолдау есебінен көп болғанымен, барлық елдердегідей бұл нарықтың күйреуінен қашып құтыла алмаймыз. Бизнес баспаларының келешекте өздігімен күн көру мүмкіндігі бар. Ойын-сауық сипатындағы журнал жарнама берушілердің белгілі сегментінің есебінен орнын сақтап қалады. Олар әрдайым журналдың сапасы мен жарнама модуліндегі сапалы фотоны талап етіп отырады. Қағаз бизнес баспалары онлайн қалыпқа үйренісіп келе жатыр.

Қазақстандық кабельдік желі эфирлерінде тауашалы телевизиялық каналдар пайда болады. Қазақстандағы тематикалық медиа кірістер төмендейді десек те, табыстың кілті бар. Алдағы 3 жылда ақылы теледидардың дамуына куә боламыз. Теледидар көрермендер қызығушылығы есебінен көркейіп, көрерменге қалаған контентін ұсыну арқылы дамиды.

Қазір радиоарналардың жанрға жіктелуі жиілеп, интернетте жаңа радиоарналар пайда болуда.

Әлеуметтанушы Г. Илеуованың айтуынша Қазақстан аудиториясында баяу өзгеріс болып жатыр. Адамдардың басым көпшілігі бұрынғыдай телевизор көріп, ақпаратты сол жерден естігенді құп санайды. Ал теледидар ақпаратына сыни көзбен қарайтындар – 18 бен 54 жас аралығындағы көрермендер.

Телеаудиторияға медиабелсенділігі өзгеше жаңа ұрпақ келеді. Әйтсе де ақпаратқа сыни көзбен қарау әдеті қалыптасқанымен, оны қайта тексеру әдебі жолға қойылмайды.

Медиаиндустрия өкілдерінен бөлек, әлеуметтанушы қаралымның құлдырауына тоқталды. Теледидардың қазақ тілді қолданушылары жыл өтсе де көбеймей жатыр. Сонымен қатар қазақ тілді контенттің әлі де болса аздығы бұл мәселе күн тәртібінен түспеуіне себеп болатынын ескертті.

Бір қарағанда қазақ тілінде сериал, концерт, ойын-сауық бағдарламалар жеткілікті сияқты. Телекөрермен қызығушылығы не телеконтент өндірушілері деңгейінде, не рейтинг өлшем тұрғысынан жете зерттелмеген.

Бұл кемшіліктер қазақша контенттен байқалады. Қазақша теледидар танымдық, білім, мәдени, ағартушылық форматтағы бағдарламалардың, документалды фильмдердің аздығынан сынға ұшырап жатады. Белгілі бір деңгейде бұл сын телевизиялық жаңалықтар контентіне жатады.

Жаңа ұрпақ цифрлы медиа жәрдемімен жетілетіндіктен, оны тұтыну да өзгеше. We Are Social аналитикалық агенттігінің және Hootsuite SMM платформасының мәліметінше, Қазақстандағы 12 миллион әлеуметтік желі қолданушысының 11 870 000-ы контентті мобильді телефон арқылы тұтынады. Еліміздегі ең танымал YouTube ресурсының іздеу жүйесіне 2021 жылдың қаңтар айында енгізілген үздік 20 сауалдың тізімі осы:

Дереккөз: https://datareportal.com/reports/digital-2021-kazakhstan

Тәжірибелік жұмыс (10 минут):

  • Медиа тұтынушы картасын жасаңыз
  • Ақпаратты қандай көздерден тұтынасыз?
  • Отбасы мүшелеріңіздің таңдауы қандай?
  • Медианарықты дамытуға арналған жоспар құрыңыз және дәйектеріңізді келтіріңіз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР