Жаңалықты бағалаңыз:
Драйвер критерийі бойынша: Жаңалықтың драйвері не? Неге?
Тексерілген критерийі бойынша: жаңалықтың ішіндегі деректі журналист тексерген бе? Оны қалай білдіңіз?
Тәуелсіз критерийі бойынша: жаңалық қайда жарияланған? Бұл медианың иесі кім? Бұл медиа жаңалық жеткізуде қаржылық тұрғыдан, саяси мүдде тұрғысынан қаншалықты тәуелсіз? Оны қайдан білдіңіз?
ЕСКЕРТУ: Студенттерге жаңалық жарияланған медианың тәуелді немесе тәуелсіз екенін білу үшін ps.kz сайтындағы «Who is» деген функцияны қолдануға кеңес береміз. Бұл функция арқылы сайт кімнің атына тіркелгенін анықтауға болады.
Талап ету критерийі бойынша: Жаңалықты жазған журналист кім? Ол журналистің толық аты-жөні бар ма? Журналистке хабарласу жолдары көрсетілген бе?
Түйін: Жаңалық қаншалықты сапалы деп ойлайсыз? Неге?
Жауаптар:
Драйвер критерийі бойынша: Жаңалықтың драйвері – маңыздылық . Себебі алматылықтар үшін ауыз су сапасының маңызы зор.
Тексерілген критерийі бойынша: Жаңалықтың ішіндегі деректі журналист тексерген бе? Тексермеген. Себебі журналист оқиға орнында болмаған. Интернеттен алынған дерек негізінде жазылған. Яғни, оқиға шындығында болмаған немесе басқаша өрбіген болуы мүмкін. Жаңалықтың ішіндегі мәтінде журналистің бұл деректі тексергендігі туралы еш дерек жоқ.
Тәуелсіз критерийі бойынша: Жаңалық қайда жарияланған? Жаңалық Avtoradio сайтында жарияланған. Сайттың өзінде сайт басшылығы деген бөлімде бас редактордың суреті мен есімі жарияланған. http://avtoradio.kz/bosses/ Бірақ медиа ұйымның қаржылық жағдайы мен иесі туралы ақпарат жоқ. Ps.kz арқылы тексергенде мынадай деректі көре аламыз:
Регистрант: |
ID контакта: HOSTERKZ-93285 Имя: Avtoradio LTD Организация: Avtoradio LTD Адрес: ул. Сатпаева, 30А, офис 59 Город: Алматы Область: Почтовый индекс: 050040 Страна: Казахстан Телефон +77273201010 Факс +77273201010 e-mail: ed@avtoradio.kz |
Административный контакт: |
ID контакта: HOSTERKZ-93287 Имя: Cheban EA Организация: Avtoradio LTD Адрес: ул. Сатпаева, 30А, офис 59 Город: Алматы Область: Почтовый индекс: 050040 Страна: Казахстан Телефон +77273201010 Факс +77273201010 e-mail: ed@avtoradio.kz |
Бұл арқылы сайт домені кімнің атына төленгенін және домен үшін ақшаны төлеп отырған ұйым туралы ақпарат бар. Әрине, бұл медианың нақты меншік иесі болмауы мүмкін. Бірақ домен үшін кім жауапты екенін көре аламыз. Сайтта меншік иесі туралы ақпарат болмағандықтан жаңалық тәуелді немесе тәуелсіз деп айту қиын.
Жауапкершілік критерийі бойынша: Жаңалықтың астында бұл мәтінді жазған журналистің аты-жөні көрсетілмеген. Яғни, бұл мәтін үшін өзіне жауапкершілік алып отырған адам жоқ деген сөз. Оқырманға бұл мәтінді кім жазғаны белгісіз.
Түйін: жаңалықты сапалы деу қиын. Себебі белгіленген үш критерий бойынша алып қарасақ, үшеуі бойынша да толық жауап жоқ.
IMVA/IN туралы қысқаша ақпарат. Бұл акроним — жаңалықтың сапасын анықтауға көмектесетін маңызды критерийдің бірі.
Ағылшын тіліндегі IMVAIN деп аталатын әріптер қазақ тілінде АҚТАҚТА деп аударылып отыр.
Independent | Multiple | Verify | Authoritative | Informed | Named
Ақпараттанған | Құзырлы | Тәуелсіз | Атаулы |Қайнар көзі көп | Тексеру мүмкін | Адам
Жаңалықты жаңалық қылатын драйвері десек, негізгі өзегі болып саналатын арнайы дерегі, жаңашылдығы болады. Ең маңыздысы осы ақпаратты немесе жаңалықтағы деректі хабарлап, дереккөз болып отыған кім екенін анықтау керек.
АҚТАҚТА концепциясына арналған мысал:
Жаңалық NUR.KZ сайтынан: Ақтөбеде бойжеткен әкесінің бетін тіліп тастады
Жаңалықты бағалаңыз:
Сонымен жоғарыдағы жаңалықтың негізгі дерегін айтқан кім? Жаңалықтың ішінде бұл фактінің дереккөзі ретінде Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жұлдыз Рахметова және облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көрсетілген.
Ақпараттанған. Жұлдыз Рахметова бұл оқиға туралы қаншалықты ақпараттанған? Тікелей оқиға орнында болды ма? Осы туралы істі өзі жүргізуде ме?
Құзырлы. Бұл оқиға туралы пікір білдіруге қаншалықты құзырлы?
Тәуелсіз. Бұл оқиғаға қаншалықты қатысы бар? Дереккөз иесінің оқиғадағы кейіпкермен немесе қарсы тараппен арада байланысы бар ма? Пікірді қаншалықты тәуелсіз беріп отыр?
Атаулы. Дереккөз иесінің лауазымы, есімі толық аталған ба? Мәселен, баспасөз қызметі деген жерде кісінің есімі аталмаған.
Қайнар көзі көп. Қыз бала әкесінің бетін тілді деген фактіні басқа да дереккөздер растап отыр ма? Әлде бұл тек бір дереккөздің айтып отырғаны ма?
Тексеру мүмкін. Дереккөздің айтып отырғанын тексеру мүмкін бе? Құжаттар растай ала ма? Немесе ашық дереккөзден бұның анықтығына көз жеткізу мүмкін бе?
Адам. Дереккөз адам ретінде фактімен бөлісіп отыр ма, әлде ұйым ретінде ме? Кей жағдайда факті туралы жауапкершілікті ешкім мойнына алғысы келмегендіктен ұйым атауы көрсеткенді жөн көреді.
Сонымен жаңалықтың ішіндегі дереккөз АҚТАҚТА бойынша сапалы дереккөз бе?
Бұдан кейінгі түсіндірілетін маңызды концепцияның бірі жаңалықтағы әділдік пен шынайылық болмақ. Бұл концепциядағы басты екпін жаңалық жеткізуді журналистер қаншалықты шынайы және әділ болғанына назар аударамыз.
Жаңалықтардың бұл критерийларын анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек: Жаңалықтың ішіндегі дерек пен тақырып арасында тікелей байланыс бар ма, жоқ па? Жаңалықтағы суретті жеткізуде қасақана ойды бұрмалау көрініс тапқан ба? Журналист “әділ тіл” қолданып отыр ма? Мысалы, “ақ халатты абзал жан”, “ұлағатты ұстаз”, “нәзік жанды арулар” т.с.с. тіркестер мен “Маза бермес Мырқымбай” деген адамды бірден иландыруға итермелейтін сөздердің бар-жоғына назар аудару керек.
3-ҚАДАМ. Тәжірибелік жұмыс (55 минут)
Алғашқы тапсырма: Қазақстандағы жаңалық сайттарын ТТТ анализіне салып зерттеу керек болады.
Екінші тапсырма: «Жаңалықтар редакциясы» атты жаттығу (15 минут).
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – редакторлар тобы (3-4 адам, қатысушылар санына байланысты), қалған қатысушылар – репортерлар мен журналистер командасы (2-3 адамнан, бұл да адам санына байланысты). Репортерлер мен журналистерге әртүрлі тақырыптар беріледі. Топтар қызығушылықтарды жақындастыру әдісі мен негізгі құралдардың көмегімен материал дайындайды. Өзге де ережелерді пайдалана отырып, үш-төрт сөйлемнен тұратын қызықты жаңалықтар мәтінін жаңалықтар лентасына шығаруға дайындау керек. Жұмыстарын редакторларға тапсырады. Редакторлар міндеті: редакцияның мақсатты аудиториясына, басылымның бағытталған тақырыбына, жаңалықтар шығатын уақытқа қарай ең қызық жаңалықтарды іріктеп алу. (Бұл талаптарды редакторлар өздері таңдайды және карточкаларды көрсетеді. Ал қатысушылар карточкалардың біреуін таңдап алады).
Одан кейін жұмыс нәтижелеріне кезек беріледі. Редакторлар флипчарттағы алдын ала дайындалған сызбаны толтырады. Олар неліктен дәл сол жаңалықты таңдағанын түсіндіру керек.
Редакторлар сөйлеп болған соң, қатысушылар ұсынған өзге де жаңалықтарды саралап шығады.
Редакторлар жаңалықтарды қаншалықты дұрыс таңдағанына, журналистердің қалай жазғанына баға береді.
Мысалы, Сіз – қала аудиториясына бағытталған «Астана» арнасының бас редакторысыз. Сіз дайындауыңыз тиіс жаңалықтар (6 сюжет) таңғы (3 сюжет) және кешкі (3 сюжет) жаңалықтарда беріледі. Енді, сюжеттеріңізге тақырып таңдауыңыз керек.