Назар аударыңыз:
Таңғы жаңалықтар жұмысқа баруға жиналып жатқан, балаларын мектепке немесе балабақшаға дайындап жатқан адамдарға бағытталады. Олар жаңалықтарды естиді, әрі-бері жүргенде көз қырын салады. Сонымен қатар, таңертең адамдар асығыс болады. Көлікке кешікпеуді, уақытылы жетуді ойлайды. Адамдар бір күн бойы жақсы көңіл-күйде жүруі үшін таңертең шабыттанғанды қалайды.
Ал, кешкі уақытта теледидар алдында ұзағырақ уақыт өткізуге болады. Адамдар визуалды ақпаратты көбірек қабылдай алады.
Жаңалықтар топтамасына арналған “жаңа” оқиғалар:
- Ит қашып кетті
- Әмиян жоғалды
- Ыстық су уақытша тоқтады
- Жаңа жылға санаулы күн қалды
- Қытайда валюта дизайны өзгерді
- Балаға от атқан ер азамат жазасын алатын болды
- “Аромат” кофеханасында бүгін әр шырқалады
- Қоқыс тастайтын жерде өрт шықты
- Семей маңындағы тоғанда көлік табылды
- Біріккен Араб Әмірлігінде зергерлік бұйымдар көрмесі өтті
- Гватемалада қар көшкіні болды
- Жапония азаматы тыңшылық қызметі үшін тұтқындалды
- Мысырда он адам суға батып өлді
- 12 қыркүйекте Жезқазған қаласында “Қолданбалы геометрия, дизайн, интеллектуалды жекеменшік объектілер және студенттер мен жас ғалымдардың инновациялық жұмыстары” тақырыбында конференция өтті.
- БҰҰ босқындарға көмек беретін болды
- Аргентинада бройлер өндірісі шарықтап тұр
- Голландияда босқындар тұрып жатқан лагерьге жұмыртқа лақтырды
- Күйзелісте жүрген адамдар саны көбейіп барады
- Бішкек тұрғыны тасбақасыз қалды
- Нью-Йорк вокзалында полиция қызметкері мен Болгариядан келген турист арасында дау шықты.
4-ҚАДАМ. Қатысушылардың тапсырмасына пікір білдіру (15 минут)
Бұл қадам өте маңызды. Қатысушылар тапсырма орындап жатқанда және орындап болған кезде тренер олардың концепцияны түсінгеніне және оны дұрыс жүзеге асырып жатқанына назар аудару үшін қағазға негізгі ойларын түртіп отырғаны дұрыс.
Қатысушыларға тапсырмалары туралы пікір білдіргенде ең бірінші дұрыс орындалғандарын негізге алып, кемшін тұстарын соңынан айтқан жөн. Ең бастысы кемшілігін айтқаннан кейін оны қалай дұрыстауға болатынын да айтып өтпесе, кемшілік сол күйі қайталана бермек. Әр қатысушыға бергеннен гөрі, пікірді топқа немесе жалпылама қателіктерді жинап алып көрсеткен дұрыс.
Болуы мүмкін қателіктердің алдын алу:
Көп ретте қатысушылар ТТТ концепциясындағы тексеру критерийін, АҚТАҚТА концепциясындағы тексеру критерийімен шатастырады. Сол үшін біреуі жаңалықтың өзіне, ал екіншісі дереккөзді бөліскен адамның фактісін тексеруге бағытталғанын айрықша ескертіп өткен жөн.
Келесі қателік қатысушылар жаңалық талдаудың критерийін журналистикадағы басқа өнімдерге қолдануға тырысады. Бұл үшін жаңалық жанрының, басқа жанрлардан (сұхбат, репортаж, ақпарат т.с.с) айырмашылықтары бар екенін баса айтып өткен дұрыс.
5-ҚАДАМ. Қорытынды (15 минут)
Қатысушылардың бәрі орындарына жайғасқан соң тренер допты алып, бір қатысушыға лақтырады. Әр қатысушы есінде қалған ең пайдалы ақпаратты, ойды көпшілікке хабарлайды.
Барлық қатысушылар жеке пікірлерін айтып болған соң, тренер қорытынды сөзінде негізгі идеяларға тоқталып, қатысушылар болашақта қандай тұстарға баса мән беруі қажет екенін баяндайды.