Модуль 6. Ақпаратқа қол жеткізу. Қазақстанның медиа заңнамасы

Модуль 6. Ақпаратқа қол жеткізу. Қазақстанның медиа заңнамасы

2-ҚАДАМ. Қазақстан медиа заңнамасы (40 минут)

Қазақстанда медиаға қатысты тағы да қандай заңдар бар? Сөз бостандығының негізгі кепілі не?

Қазақстанның басты заңы Конституцияның 20-бабының 1-тармағында «Сөз және шығармашылық бостандығына кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» (3) делінген. Сарапшылар сөз бостандығына кепілдік берілгенімен, өмірде оның жүзеге асырылуы екіталай дүниеге айналғандығын айтады. Пікір білдіру еркіндігінің аясы жыл өткен сайын тарыла түсуде. Медиа сарапшылар бұның себебін авторитарлы жүйенің тамырын тереңге жаюынан деп түсіндіреді.

Freedom House агенттігінің рейтингі бойынша, Қазақстан 2020 жылы 195 елден 152-орынға тұрақтаған (2016 жылы 180 елден 160 орынға табан тіреген еді). (4) Бәрінен бұрын, ақпаратқа қол жетімділік ҚР Конституциясында негізделген. Елдің негізгі заңының 20-бабының 2-тармағы бойынша: «Кез-келген адам ақпаратты кез келген және тыйым салынбаған жолмен алуға және таратуға құқылы. ҚР мемлекеттік құпиялары қатарына жататын ақпараттар заң арқылы айқындалады» делінген. Яғни, 20-бап бойынша, заң бойынша тыйым салынбаған кез келген, абстрактілі ақпарат жайында әңгіме болып отыр. ҚР Конституциясының 18-бабының 3-тармағы бойынша: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары кез-келген азаматты оның құқығы мен мүддесіне қатысты құжаттармен, ақпараттың қайнар көзімен және өздеріне қатысты шешімдермен қамтамасыз етуге міндетті» [3] делінген.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін реттейтін «БАҚ туралы» заң жұмыс істейді. Бұл заңда журналистердің ақпаратты алу жылдамдығы қарапайым тұрғындармен салыстырғанда екі есеге артады. Мәселен, қарапайым тұрғынға жауап беру уақыты 14 тәулік болса, журналистер аса шұғыл ақпарат үшін 2 тәулік көлемінде, шұғыл емес ақпарат үшін 7 тәулік көлемінде жауап ала алады. Ақпарат сұратудың тәртібі де өзгерді. Бұрын ауызша сауалдарға жауап бере беру үрдісі қалыптасқан болса, қазір тек төрт түрлі ақпаратты ғана ауызша бөлісуге болады.

Тәжірибелік тапсырма: (10 минут)

Қатысушылар үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ ауызша ақпараттың қандай болуы керек екенін талқылайды.

Екінші топ құпия ақпараттар тізімін жасайды.

Үшінші топ ашық ақпаратқа не жататынын айқындайды.

Теория (20 минут)

Сонымен ауызша ақпараттар тізіміне не енеді?

1. «Ақпаратқа қол жеткізу» туралы заңның 11-бабы бойынша ауызша сұрау салу арқылы;

2. ақпарат иеленушінің жұмыс кестесі;

3. ақпарат иеленушілер, олардың құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың пошта мекенжайы, электронды поштасы және (немесе) интернетресурстарының мекенжайы, анықтама қызметтерінің телефондары, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтер;

4. жеке тұлға мен заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау тәртібі;

5. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сұрау салуларын, арыздарын және шағымдарын қарау тәртібі; т.б. секілді ақпаратпен бөлісуге міндетті.

Шектеулі ақпаратқа: мемлекеттік құпия, жасырын ақпарат жатады. Мемлекеттік құпия ҚР Конституциясы және «ҚР мемлекеттік құпиялары туралы» заңмен қорғалады. Мемлекеттік құпия және құпиялылық деңгейі «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңда айқындалған. Бұл заңның 17-бабында мемлекеттік құпияға жатпайтын ақпараттар тізбегі жарияланған:

1) халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдары, олар жайындағы ресми болжамдар;

2) экология мәселелері, денсаулық сақтау, санитария, демография, білім беру, мәдениет, ауылшаруашылығы, қылмыстық деңгей;

3) жеңілдіктер мен өтемақылар, төлемақылар; 4) азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылғаны жайында фактілер;

5) ҚР Ұлттық банкінің алтын валюталық активтерінің мөлшері; үкіметтік (бюджеттік) қымбат металдар мен қымбат тастардың қоры;

6) мемлекеттік органдар тарапынан, шенеуніктер мен өзге де ұйымдар тарапынан жасалған заң бұзушылықтар;

7) мұрағаттардағы әлеуметтік, саяси репрессияға ұшырағандар жайлы ақпарат;

Аталған заңдағы 22-24-баптар мәліметтердің құпиялығын нақтылайды.

ҚР Президенті және оның отбасы мүшелерінің жеке өмірі және денсаулық жағдайы да құпия ақпаратқа жатады. Мемлекеттік құпияларды заңсыз жолмен алған жағдайда ҚР Қылмыстық Кодексінің 172-бабымен жауапқа тартылады.

Құпия ақпарат шартты түрде үш категорияға бөлінеді.

Біріншісі мемлекеттік құрылымның құқығы жайында:

1. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қалыптасуы мен демократиялық үрдістерді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін ақпарат: Бұл ақпарат заңмен қорғалады:

— қызметтік құпия. Бұл коммерциялық құпияның ашылуы ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Ондай ақпарат заңмен қорғалады әрі журналист оны тек иесінің рұқсатымен ғана пайдалана алады.

Егер сіз ол ақпаратты заңсыз жолмен (сатып алу, бопсалау, күш көрсету арқылы) алсаңыз және оның жария болуы мемлекеттік органның немесе ұйымның жұмысына нұқсан келтірген болса, ҚР Азаматтық Кодексінің 126-бабы бойынша жауапқа тартылуға дайын болу керек.

— дауыс берудің құпиясы. «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» заңына орай дауыс беру бізде құпия болып саналады. Оны жариялау сайлаушының еркімен ғана жасалады. Сайлаушының кімге дауыс бергенін сайлаушының рұхсатымен ғана жариялауға не оның өз аузынан естуге болады.

— тергеу құпиясы. Тергеу амалдары мен алдын ала жүргізілген сот ісі заңмен қорғалады. Өйткені, оның жарыққа шығуы тергеу амалдарына және нақты ақиқатқа көз жеткізуге зиянын тигізуі мүмкін.

Тергеу амалдарына тергеушіден өзге көптеген адамдар қатысады. Мәселен, қорғаушылар, куәгерлер, жапа шегушілер, шағымданушылар, жауапқа тартылушылар, сарапшылар, аудармашылар, мамандар, т.б. Олардан мәліметтерге ешкімге таратпау туралы қолхат алынады. Егерде процеске қатысушылардың біреуі жасырын ақпаратты тарататын болса, жауапкершілікті таратқан адамға жүктейді. Журналиске емес.

— сот мәжілісінің құпиясы. Соттардың мәжілісі заң актілерімен қорғалған. Ондағы ақпарат жарыққа шықпауы тиіс. Сот мәжіліс залына енуге талпыныс заңсыз болып есептеледі және ол сотқа құрмет жасалмаған болып саналады және ҚР әкімшілік кодексінің 513-бабы бойынша жауапқа тартылады.

— Қылмыстық процеске қатысушылар мен соттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мәліметтер құпиялылығы. Бұл ақпаратты таратудың соңы жақсылыққа апармайтыны өзіне өзі түсінікті.

— салық құпиясы. Салық қызмет органдарының міндетіне салық құпиясын сақтау міндеті жүктелген (Салық кодексінің 17, 518-баптары). Кез келген субьектінің салықтары туралы ақпаратты (жеке және заңды тұлғалардың) сол субьектінің өзінен ала аласыз. Немесе оның жазбаша келісімі арқылы салық органдарынан алуыңызға болады.

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР