Модуль 6. Ақпаратқа қол жеткізу. Қазақстанның медиа заңнамасы

Модуль 6. Ақпаратқа қол жеткізу. Қазақстанның медиа заңнамасы

Құпия ақпараттың екінші категориясы:

— коммерциялық құпия. Бұл жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық құпияларын қорғау мақсатындағы ақпарат. Бұл да қызметтік құпия секілді жариялауға жатпайтын құпия. Оны заңсыз тарату Азаматтық кодекстің 126-бабымен реттеледі. Сондай-ақ оны бопсалау арқылы алу сізді ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша жауапқа тартуы мүмкін.

— банк құпиясы. Ол Азаматтық кодекстің 745-бабымен және «ҚР банктер және банк қызметі туралы» заңның 50-бабымен қорғалады. Ол ақпаратты журналист иесінен немесе оның жазбаша келісімімен банкіден алуына болады. Бұл ақпаратты заңсыз жолмен алу Қылмыстық Кодекстің 200-бабымен қорғалады.

— сақтандыру құпиясы.

— өнертапқыш құпиясы

Азаматтық кодекстің 994-бабы авторлық құқығы бар өнер туындысын қорғайды. Ол туралы ақпаратты да тек иесінің келісімімен таратуға болады. Сондай-ақ оны бопсалау арқылы алу сізді ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша жауапқа тартуы мүмкін.

Екінші категорияға қызметтік құпияны да енгізуге болады:

— адвокат құпиясы «Адвокат ісі жөніндегі» заңмен қорғалады. Адвокат заңдық қызмет көрсету барысында қол жеткізген мәліметтерін құпия ұстауға міндетті. Ол өз қорғауындағы адамның келісімінсіз ақпараттарды таратуға құқы жоқ.

— медициналық – пациенттің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты дәрігер құпия ұстауы тиіс.

— аудиторлық құпия «Аудиторлық қызмет туралы» заңмен қорғалады.

— нотариус құпиясы «Нотариат туралы» заңмен қорғалады.

— журналистік құпия – авторлық және ақпараттың қайнар көзін жасыру құпиясы. «БАҚ туралы» заңның 20-бабы, 10–тармағына сәйкес келесідей құпиялар сот талап еткен жағдайда ғана жария етіледі:

— жеке бас құпиясы.

— дінге сену құпиясы.

Үшінші категорияға жататын құпиялар:

Жеке адамдардың құқығы мен бостандығы қорғау мақсатындағы ақпараттар.

— хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта және басқа да хабарламалар құпиясы. Бұл құпия ҚР Конституциясының 18-бабы, 2-тармағымен қорғалады. Бұл ақпаратты заңсыз алған жағдайда Қылмыстық кодекстің 143-бабымен қудаланады.

Жеке адамдардың құқығы мен бостандығы қорғау мақсатындағы ақпараттар.

— хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта және басқа да хабарламалар құпиясы. Бұл құпия ҚР Конституциясының 18-бабы, 2-тармағымен қорғалады. Бұл ақпаратты заңсыз алған жағдайда Қылмыстық кодекстің 143-бабымен қудаланады.

Түйін: Журналистер біле тұра көрінеу жалған ақпарат тарататын болса қылмыстық жауапқа тартылады (Қылмыстық Кодекс 274- бап). Бұл туралы ескерту «БАҚ туралы» заңда да көрініс тапқан. Ал құпия ақпаратты тарату да қылмыс. Сол себепті де таратуға тиісті ақпараттарды айқындау, білу аса маңызды. Қазақстанда тәуелсіз ақпарат құралдарының аясы күн сайын тарылып, ақпарат құралдарының басым көпшілігі мемлекеттік тапсырысқа тәуелді болып қалды. Сол себепті де тұрғындардың ресми БАҚ-қа деген сенімі күн сайын азайып келеді. Өкінішке қарай, әлеуметтік желі қоғамдық пікірді қалыптастырушы алаңға айналды. Сол себепті де, қарапайым тұрғынның медиаға қатысты заңдардан хабардар болуы маңызды қадам болар еді.

Пайдаланылған әдебиет:
1. Доступ к информации и новые технологии. Материалы ХІІ ЦентральноАзиатский конференции по СМИ
2. www.trender.kz
3. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң. 2015 жыл

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР