Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 14. Медиа ақпараттық сауат және мәдениетаралық коммуникация. Өшпенділік тілі

Модуль 14. Медиа ақпараттық сауат және мәдениетаралық коммуникация. Өшпенділік тілі

Модуль 14. Медиа ақпараттық сауат және мәдениетаралық коммуникация. Өшпенділік тілі

Модуль міндеттері

Студенттер:

  • Мәдениетаралық коммуникацияның принциптері мен проблемаларын айқындайды;
  • Бұқаралық-медианың стереотип қалыптастыратынына сыни көзбен қарап, үйренеді;
  • Бұқаралық-медиада стереотиптер мен өшпенділік тілі пайдаланған мысалдарды қарастырып, сараптайды;
  • Тапсырманы орындау барысында алған білім мен дағдыларын бекіте түседі.

1-бөлім: Медиа ақпараттық сауат және мәдениетаралық коммуникация (60 минут)

1-ҚАДАМ. БІЗДІҢ түсінігіміздегі «Мәдениетаралық коммуникация»: Мұны қалай түсінеміз? (5 минут)

Пікірталас:

  • Коммуникация дегеніміз не? Тілдесу ме әлде диалог па?
  • «Мәдениетаралық коммуникация» дегенді қалай түсінеміз? Халықтар мен мәдениеттер арасындағы тілдесу ме әлде диалог па?
  • Түрлі елдегі ым-ишараның мағынасын білесіз бе?

2-ҚАДАМ. Мәдениетаралық коммуникацияның анықтамасы мен негізгі принциптері (20 минут)

Т.Б.Фриктің анықтамасы бойынша: «Мәдениетаралық коммуникация – әртүрлі мәдениет өкілдерінің өзара қарым-қатынасы».

И.В.Денисова және А.П.Еременко секілді ғалымдар да осыған ұқсас анықтаманы ұсынады, бірақ олар «этносаралық коммуникация» терминін қолданады: «әртүрлі халық өкілдерінің (этникалық топтар) өзара қарым-қатынасы».

Шын мәнісінде, мәдениетаралық коммуникация жекелеген адамдардың арасында болуы мүмкін, біз бұны арнайы контексте жеке тұлға арасындағы коммуникация деп атаймыз. Бұл коммуникация бойынша, қарым-қатынасқа түсуші екі адам бір-бірінен мәдени айырмашылықты байқайды және сіздің күткеніңізден басқа немесе қалыптасқан көзқарасыңыздан өзгеше болуына байланысты көптеген проблема туындауы мүмкін. Бұл әр адамға тән мәселе әрі әртүрлі мәдениетте әртүрлі сипатта көрінуі мүмкін. Мәдениетаралық өзгешеліктердің сипаттамалары коммуникацияның арнайы контексінде вербальды және бейвербальды кодтардың өзгешелігі ретінде түсіндіріледі. Бұл ретте мәдени қатынастың әрбір қатысушысының өзіне тән ережелер жүйесі болуы керек. Интерпретация процесінде коммуниканттардың жасы, жынысы, мамандығы, әлеуметтік дәрежесі, олардың төзімділігі, жеке тәжірибесі және іскерлік қабілеті секілді факторлар ықпал етеді.

Бұны «Өрнектелген парақ» ойынының негізінде қарастырып көрейік.

Міндет: тұлғаның жеке дүниетанымынан жасырын жатқан мәдениеттердің ықпалын паш ету және жалпы мәнді жасаудың қаншалықты қиын екенін көрсету.

Фасилитатор барлық қатысушыға бірдей ақ парақ таратып береді де: «Көздеріңізді жұмыңыздар; қағазды екіге бүктеңіздер, оң жақ жоғарғы бұрышын жыртыңыздар, тағы да екіге бүктеңіздер, сол жақ жоғарғы бұрышын жыртыңыздар, тағы да бүктеңіздер, сол жақ төменгі бұрышын жыртыңыздар, жазыңыздар, көздеріңізді ашыңыздар» деген бұйрық береді. Нәтижесінде, қатысушылар бірдей парақтардан әртүрлі өрнек жасайды.

Талқылауға арналған сауалдар:

  • Ал айтыңыздаршы, бірдей тапсырмаларды орындағанда бірдей материалдан неге әртүрлі нәтиже шықты?
  • Бұған не ықпал етті, неге бұлай болды?

Экономиканың жаһандануы, жаһандық бизнестің кеңеюі, туризм мен қызмет көрсету саласының дамуы, білім беру интеграциясы, әртүрлі миграциялық үдерістер және осы жағдаятта туындаған түсінбеушілік, түсініспеушілік проблемалары, қарым-қатынастағы қателіктер, мәдени ауытқушылықтар зерттеушілердің мәдениетаралық коммуникация проблемаларын зерттеуге деген ынтасын оятты.

Голландиялық белгілі социопсихолог және антрополог Герт Хофстеденің (Geert Hofstede) пікірі бойынша, өзге мәдениеттерді білмеу немесе оған деген бейімділіктің болмауы халықаралық өзара қарым-қатынаста күрделі проблемалардың бастауы болуы мүмкін.

Хофстеде «Батыс құндылықтарын Шығысқа көшіру әрқашан өзін ақтай бермеген. Сол себепті де, корпоративтік мәдениет пен басқару тәсілін 215 жергілікті реалийлерге бейімдеу керек» деп есептейді.

«Кросс-культурная и этническая психология» кітабының авторы Л.Г.Почебут мәдениетаралық диалогтың сәтсіз болуы себептерін былай сипаттайды:

  • a) егер басқа мәдениетте құндылық деп есептелінетін дүниелерге қастандық жасалса;
  • б) ұлттық сезімдеріне зардабы тисе;
  • в) ұлттық намысты қорласа.

Зерттеушінің айтуынша, «ұлттық сана-сезім өткен шақпен байланысты және ұжымдық түйсіктің терең қатпарларынан тамыр тартады. Егер біз халықтың өткеніне қатысты қандай да бір келеңсіз әңгіме қозғасақ, ол оның ұлттық сезімін қорлаған болып есептелінеді. Ұлттық намыс халықтың өткеніне емес, болашағына бағытталған. Егер біз халықтың болашақта қандай да бір жетістікке жетуіне күмәнмен қарасақ, даму мүмкіндіктерін жоққа шығарсақ, ұлттық намысына балта шабамыз.

Мәдениетаралық коммуникацияның мақсаты – өз мәдениетіңде өз мүддеңнің басымдығын сақтау, өзге мәдениет өкілінің өзінің мәдениетінде оның мүддесі басымдыққа ие болуын қадағалай білу.

Бұл пікірді профессор, «Язык и межкультурная коммуникация» кітабының авторы С.Г.Тер-Минасова да құптайды: «Адамдар! Төзімді болайық, өз мәдениетіңізді емес, «бөтендерді» құрметтеңіз, сөйтсек өмір сүру оңайлап, бәрі өз арнасына түседі.

Мәдениетаралық коммуникацияның формуласы – үш «Т»-ға (Терпение, Терпимость, Толерантность//Төзім, Төзімділік және Толеранттылық//) негізделеді

(Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация (учебное пособие) // Москва – 2000 – 624).

3-ҚАДАМ. Мәдениетаралық коммуникациядағы бұқаралық медианың рөлі, медиа және ақпараттық сауатты дамытудың маңыздылығы (25 минут)

Қазіргі кезде әртүрлі топтардың этносаралық және мәдениетаралық процестері бүгінде өз ерекшелігімен, мазмұнымен, сондай-ақ, ақпарат тасқыны мен ақпарат алмасудың қарқындылығымен айқындалады. Бұқаралық-медианың әртүрлі елдерде ұлтаралық қарым-қатынастарды берудегі қайшылықтары көп екенін ескерте кету керек. Бұл ретте қоғамды дүрліктірген, тіпті кейбір жағдайларда «өзім» және «өзгелер» деген бөлініске дейін жеткізген, конфликт тудыруға бастаған БАҚтағы мақалаларды немесе әлеуметтік желілердегі жазбаларды еске түсірсек те жетіп жатыр.

Тәжирибелік тапсырма:

Charlie Hebdo журналында Мұхаммед пайғамбардың бейнесі бейнеленген арандатушы мақсатта және радикалды Исламды мазақ етуді көздеген карикатуралар басылып шығады. Соның салдарынан, 2015 жылдың 7 қаңтарында Францияда теракт болып, сатиралық журналдың бірнеше қызметкері мерт болады. Бұл қанқұйлы оқиға бүкіл әлемде терроризмге қарсы резонанс тудырды. Алайда, күні бүгінге дейін төзімсіздіктің үгіті мен пікір білдіру еркіндігінің арасындағы шек жайында талас-тартыс жалғасуда.

Салтанат Кажимуратова
Салтанат Кажимуратова
Старший преподаватель кафедры Медиа и коммуникации университета КИМЭП. Читает лекции на английском языке, проводит тренинги по медиаграмотности. Выпускница Программы развития преподавателей в Мичиганском университете (США), Программы мобильности в Люндском Университете (Швеция). Спикер и участник международных конференций. Член Европейской Ассоциации по исследованиям и образованию в области массовых коммуникаций (ECREA); член международной Ассоциации преподавателей и исследователей в сфере журналистики и массовых коммуникаций (AEJMC).

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР