Медиа ақпараттық сауат дегеніміз не? Оның мазмұны цифрлы революция дәуірінде қалай өзгереді?
Оқудың міндеттері:
Студенттер:
•Медиа және ақпараттық сауаттың (МАС) негізгі ерекшеліктерімен танысады;
•ЮНЕСКО-ның Медиа ақпараттық сауатқа қарым-қатынасын үйренеді;
•Медиа ақпараттық сауат индексіне әсер етуші жекелеген факторларды үйренеді;
•Медиа ақпараттық сауаттың 5 заңын түсінеді;
•Медиа ақпараттық сауаттың қазіргі халықаралық концепцияларын сараптайды.
1-ҚАДАМ. Медиа ақпараттық сауаттың негізгі ерекшеліктері
Әдетте ақпаратты және жаңалықты қайдан табасыз?
What is Medialiteracy (Медиасауат дегеніміз не?) видеосын көреміз Медиатұтынудың қағидаларын білу және медиа хабарламалардың мазмұнын сараптау арқылы біз әлеуметтік желілерде тарататын өз хабарламаларымызды жазу барысында салмақты болуға ықпалымызды тигіземіз.
Медиасауат – қазіргі заманда адамды қалыптастырудың аса маңызды факторына айналды. Уикипедия медиасауатқа «адамдардың сыни тұрғыдан сараптауы, бағалауы және ақпаратты әртүрлі медиа, пішін және формада жасауы», — деген анықтама береді.
Ақпаратты сыни тұрғыдан сараптау және балама дереккөздерін іздеуден бастайық, бұл — медиасауат негіздерінің негізі. Ол бізге ақпараттың сенуге тұрарлық екенін анықтау үшін керек.
Уикипедия – WEB 2.0 өнімдерінің бірі, қоғамдық ашық ресурс, кез келген адам оның авторы бола алады. Сондықтан, оны ақиқаттың соңғы инстанциясы ретінде қабылдаудың қажеті жоқ.
Уикипедиядағы ақпаратты тексеруге арналған дереккөздер:
Дереккөз 1: Медиатұтынушылардың мүддесін қолдаушы Еуропалық Ассоциация, халықаралық ұйымы (The European Association for Viewers Interests – EAVI):
«Қазіргі таңда білім цифрлы технология арқылы таратылатындықтан, медиасауат өзекті болып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында сауатты адамдар қоғамдық өмірдің барлық саласына: әлеуметтік желіден электронды үкіметке дейін қатыса алады. Бұл машықтарды игере алмағандар қоғамнан алшақтанып, дәрменсіз болып қалады».
A Journey to Medialiteracy (Медиасауатқа саяхат) видеосын көрейік (3 мин.).
Дереккөз 2: European MediaCoach Project медиасауаттың анықтамасы ретінде:«Медиасауат – іргелі машық тек жастарға ғана емес, сонымен бірге, ересектерге, қарттарға, ата-аналар мен мұғалімдерге, ақпарат құралдарында жұмыс істейтін кәсіби мамандарға да арналған. Медиасауат -ХХІ ғасырдың негізгі машығы ретінде қабылданады, әрі белсенді және толық азаматтықтың алғышарты деп есептеледі».
Дереккөз 3: ЮНЕСКО – медиа және ақпараттық сауаттың жаһандық деңгейде дамуына ықпал етіп келе жатқан Халықаралық ұйым, бұл мәселемен 1982 жылдан бері айналысуда және ұйымның анықтауынша «Медиасауат және ақпараттық сауат» деген ортақ атау төмендегіше жіктеледі, МАС:
Ақпараттық сауат |
Медиасауат |
Ақпараттық қажеттілікті анықтау және қалыптастыру |
Демократиялық қоғамдағы медианың рөлі мен қызметін түсіну |
Ақпаратты табу және қол жеткізу | Медиа өз қызметін қандай жағдайда атқара алатындығын түсіну |
Ақпаратты бағалау |
Медиа өз функциясын қалай атқарып жатқандығын білу үшін медиа контентті сыни тұрғыда бағалау |
Ақпаратты жүйелеу |
Өз пікірін білдіру және сол арқылы демократиялық процесстерге қатысу үшін медиамен ынтымақтастық орнату |
Ақпаратты пайдалану барысында этиканы қадағалау | Пайдаланушылар контентін жасауға қажетті машықты дамыту (АКТ (ақпараттық коммуникациялық технология) машығымен бірге) |
Ақпаратты тарату | |
Ақпаратты өңдеу үшін ақпараттық коммуникациялық технология жұмысын пайдалана білу |
Нәтижесінде қазіргі заманғы медиасауат түрлі формаларға ие болды, оны төмендегі суреттен көруге болады :
ЮНЕСКО-ның тұжырымы бойынша, медиа-ақпараттық сауат – бұл ақпаратты және медиаконтентті іздеу, сыни тұрғыда бағалау, оны сауатты түрде тарата білу; теңдікті, пікір білдіру еркіндігін, мәдениетаралық/діни диалогты, бейбітшілікті т.б. насихаттау үшін БАҚ пен АКТ-тың өзара іс-қимыл жасай білуі.