Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Модуль міндеттері:

Студенттер:

  • Көп әйел алу мәселесін гендерлік теңдік призмасы арқылы қарастырады;
  • Қатысушылар діни оқулардың гендерлік аспектілерін қарастырады;
  • Қатысушылар ішкі сексизмнің мысалдарымен танысады;
  • Тұрмыстық қорлық құрбандары туралы БАҚ-та жарияланған материалдар таптаурындарын(стереотиптерін) сараптайды;
  • Саясаттағы гендерлік теңдік таптаурындары туралы біледі.

Пікірталас (10 минут):

  1. Жаңа медиада этика мәселесі қаншалықты маңызды?
  2. Сапалы журналистика қандай болу керек?
  3. Жалған ақпараттардың медиаконтент сапасына ықпалы қандай?

Қазіргі заман қоғамында гендерлік ерекшеліктің стереотивтік түсінігі бар.

Қоғамда қалыптасқан ер мен әйелдің стереотиптік образы олардың арасындағы айырмашылықтарды тым ұлғайтып көрсететін шиша секілді, себебі шынайы өмірге қарағанда бұл ерекшеліктері тым көп.

What does it mean to do something “LIKE A GIRL”? видеосын орыс тілдегі титрмен көреміз (1 мин. 25 секунд)

Медиада бар гендерлік таптаурындардың (стереотиптер) сыны сараптамасы студенттерге бұл белгілі бір деңгейде көнелік сананың елесі екенін түсінуге көмектеседі. БАҚ-тың ерлер мен әйел — стереотипін нығайтудың орнына қоғам санасының өсуіне орай бұл стереотиптердің өзгеруіне септігін тигізгені маңызды.

Адамның дүниетанымына бұл стереотиптер сыналап енгеннен кейін бұл оның қаруына айнала бастайды. Бұл стереотиптер адамға өмірді түсінуге әрі осы әлемдегі өз орнын табуға көмектеседі. Қазіргі заман қоғамының талабына сай гендерлік таптаурындар (стереотиптер) өзгертулерді қажет етеді. Себебі күн талабында — адамдардың нақты жынысына қарамай,түрлі саладағы шығармалық шамасын барынша ашу көзделіп отыр.

Мысал:

Америка мектептерінде өздерінің жынысын әлі ажырата қоймаған бүлдіршіндер үшін әжетхананы сынақтан өткізіп көрген екен. Fox news сайтында гендерлік теңдік үшін күресіп жүрген бір адамның сұхбаты жарияланды: ондай балаларға қамқорлық керек, оларға жайлы жағдай жасап, олардың құқығын қорғаған жөн. Жыныс дегеніміз, адамның ойдан шығарған жалған түсінігі. Трансгендерлер, ерлер мен әйелдер деген түсінік, адамдардың өздерін солай қабылдайтындығынан туындаған. Егер қыз өзін ұлмын деп сезінсе, ол қыз болудан қалады, ұлға айналып шыға келеді.

Журналист «егер жыныс – ойдан шығарылған дүние болса, кез келген қылмыскер өзін әйелмін деп есептеп, оны жасаған қылмысы үшін әйелдер колониясына отырғызуды сұрай ала ма?»,- деген сауал қояды.

Әрине, бұл сауалға жөнді жауап табылмады, сөйтіп өзара диалог әрі қарай өрбімей қалды.

Гендерлік теңдік үшін күресуші трансгендерлер, құқық туралы, және оларға деген жанашырлық туралы көп талқылайды, алайда әнгіме нақты ситуацияға тірелгенде оның логикасы белгілі бір шекарамен тұйықталады. Өзге де стереотиптер секілді – олар бір дүниетаным мен тұжырымдар шеңберінде жұмыс істеуі мүмкін, екіншісінде – қайраңға шыққан кемедей тыпырлайды.

Сексизмнің кейбір аспектілерін қарастырамыз және стереотиптер мысалын талқыға саламыз.

1-ҚАДАМ. Ішкі сексизм, көп әйел алу және дін (45 минут)

Тапсырма-1 (уақыты — 10 минут):

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ Тоғайбай Нұрмұратұлының «Көп әйел алу» туралы заң қабылдануы керек пе? мақаласымен танысады.

Екінші топ – «Екінші әйел алатын еркек қандай болуы керек?» деген мақаламен танысады.

Талқылауға арналған сауалдар:

  1. Оқыған материалдарыңыздағы қандай көзқарастармен көбірек келісесіз?
  2. Материалдардың қайсысы сенімдірек?
  3. Көп әйел алу туралы идеяны негізінен еркектер қолдайды деген пікірмен келісесіз бе?
  4. Әйелдердің құқығын әйелдердің өздері таптайды деген ақпарат қаншалықты нанымды және тиімді?
  5. Ішкі сексизм дегенді қалай түсінесіз?

Түйін

Аталған материалдарда біз манипулятивті технологиялардың біразына тап боламыз. Адамның кез келген мәселе жайлы пікірі ол жөнінде өзгелердің не ойлайтыны және не айтатынымен сәйкес келіп жатады, әсіресе, бұл гендерлік-әлеуметтік белгілеріне орай пікір білдірушілер тарапынан көбірек байқалады. Бұнда «өзім» және «өзге» принципі соңғы рөлді ойнамайды. Тағы бір мәселе, қарсы жақтың өкілі жаңа көзқарасын паш етсе – бұл үнемі скептикалық реакция тудырады. Бұған қарама-қарсы, апологетика (яғни негізгі діни түсініктердің ақиқатын дәлелдеу) «өзім» деген жанның аузынан шығатын болса, мүлдем басқа жағдай орын алады.

Көбінде әйелдер еркектерден гөрі әйелдердің пікіріне көбірек сенім білдіреді.

Сондай-ақ, әйелдердің көп әйел алуды жақтауы – еркектердің көңіліне майдай жағады. Тағы бір манипулятивті сәт – бұл «мейірімді сексизм», яғни мүдделердің қысымға ұшырауы патрональды қамқорлықпен түсіндіріледі.

Жалпы, «мейірімді сексизмнің» мағынасы әрқилы. Кейбір радикальды еңбектерде бұл терминді – еркек тарапынан көрсетілетін кез келген қамқорлық немесе емеурін – үстемдіктің жасырын формасы деп түсіндіреді.

Мәселен, жақында Путин Сочиде Меркельмен кездесу өткізді. Осы кездесуінде ол Меркельге раушан гүлшоғын сыйлады. Немістің миллион оқырманы бар таблоиды «Бильд» бұны үстемдіктің бір белгісі деп бағалады. Неміс журналисі Ральф Шулер мәтіннің астарындағы мағынаны мүлдем шатастырып жіберген, сөйтіп оқырман: «Сыпайылық емеуіріні – шын мәнісінде қорлау емеуіріні сияқты көрінді. Жоғары шенді саясаткерлер арасында бір-біріне гүл сыйлау емес, қол алысу дәстүрге айналған. Міне, мына кадрлар нені меңзейді: үстем еркектің сүйкімді ханымға көрсеткен ілтипаты деп түсінеміз бе? «Бильдтің» мақаласының орысша аудармасының сілтемесі.

Көп әйел алушылық мысалын қарастыра отырып, Abai.kz сайты мен Islam.kz сайтының түсініктемесіне көңіл бөлген орынды. Олар бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, бірін-бірі қайталайды. Екеуі де өмірде жолы болмаған байғұс әйелдердің тағдырына «алаңдаушылық» білдіріп тұрған секілді, алайда – ажырасудың көбеюі, моральдықадамгершілік аспектілер, балалардың тағдыры т.т. секілді басқа да факторларға назар аударып тұрған жоқ. Егер олар көп әйел алуды емес, жалпы полигами (бір адамның көп адаммен жұптасуы) туралы сөз қозғағанда, бұны гендерлік теңдік мәселесіне жақындатуға болатын еді. Алайда, сіздерге ұсынылып отырған мысалда біз мейрімді сексизмнің көрнекі мысалын көріп отырмыз. Яғни, адам бұны біреуді есіркеп, жарылқауды мақсат еткенсіп, шын мәнісінде бұның астарында тиімді әлеуметтік дәрежеге жетуге ұмтылу мақсатында айтуы мүмкін.

Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР