Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Модуль 13. Гендерлік таптаурындар

Талқылауға арналған сауалдар:

  • Сіз «Баянның күйеуі қандай жағдайда да әйелін жазаламауы керек еді» деген көзқараспен келісер ме едіңіз?
  • «Бақытбек әйелін жазалауы керек (әрине, дәл осылай қатаң жаза емес), алайда ол отағасылық өкілеттігін асыра пайдаланды» деген көзқарасты қалай ақтап алар едіңіз?
  • Егер мәселе қоғамдық талқылауға шықпағанда, Бақытбек қандай жаза арқалар еді?
  • Бақытбектің әрекетінде оның тәрбиесі мен темпераменті ғана «кінәлі» ме, жоқ гендерлік стереотиптердің де қатысы бар ма? Егер болса қандай?

Түйін (уақыты — 10 минут):

Әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау проблемасына феминистік ұйымдар көбірек назар аударатындығынан бастайық. Сондай-ақ, бұл мәселені БАҚ-та әртүрлі формада, әртүрлі мазмұнда жақсы талқылайды.

Осы ретте Наталья Слекишинаның оқиғасын еске түсірсек те жеткілікті. Ол түрмеде болған кезінде 4 түрме қызметкерінің зорлығына ұшырайды, содан кейін балалы болады. Қылмыстық атқару жүйесі бар жан-тәнімен бұл мәселені жауып тастауға тырысты. Дегенмен, КТК журналистерінің арқасында бұл мәселе жарыққа бәрібір шықты. (Алматыда сотталған келіншекті зорлаған түрме қызметкері ақыры қамауға алынды. Нәтижесінде әділдік салтанат құрды, толық деуге ерте шығар, дегенмен, зорлық көрсетушілердің бірі 9 жылға, СИЗО басшысының міндетін атқарушы 5 жылға сотталды. Ал Натальяны уақытша болса да, бостандыққа шығарды.

https://www.youtube.com/watch?v=Z316iVB1Upg

Қазақстандық масс-медиа тұрақты түрде тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтереді (17, 18, 19, 20, 21).

Бірқатар дереккөздер бойынша, 2017 жылдың статистикалық мәліметтері жарияланып отыр: «Қазақстанда әйелдерге қатысты 91631 құқықбұзушылық орын алған, нақты айтқанда — 5 619 қылмыс жасалған, 9 496 орта деңгейде, 4 131 ауыр, ал 420 аса ауыр қылмыс болып табылады».

Бұның барлығы аталған күрделі проблеманың шешілуіне белгілі бір деңгейде ықпал етеді. Дегенмен БАҚ екі гендерлік стереотипті қалыптастырады: бірінші – еркек агрессор, қылмыскер, күш көрсетуші, бір сөзбен айтқанда барлығына кінәлі еркек; екіншіден – әйел құрбан, ол күнәсіз әрі кінәсіз. Алайда шын мәнісінде бұның барлығы тым шатасып кеткен.

Әйелдің бәрін кінәсіз дей алмаймыз – олардың вербальды және бейбербальды тұрғыдан әсер ететін ірі потенциалы және еркекті табанының астына салатындай кең әдіс-тәсілдері жетеді. Оларға қажетін беру керек, олар арандату өнерін сөз жүзінде де, физикалық тұрғыдан да шебер меңгерген. Youtube арнасында әйелдердің бейтаныс еркектерге көрсеткен ибасыз қылықтарынан, қол ала жүгіру, қорлау, жала жабу, көршілерін балағаттау, өзінен-өзі ұрысқа бастайтын әрекеттерінен аяқ алып жүргісіз видеолар көп. Олар кейде адам миына сыймайтын зұлымдыққа дейін барады. Мәселен, қазақстандық бұқаралық медиа аналардың жаңа туған нәрестелерін қалай дәретханаларға тастағаны жайында жарыса жазғаны естеріңізде болар (23).

Егер жылына тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 400 әйел көз жұматын болса, еркектердің зорлық-зомбылыққа ұшырауы саусақпен санарлық. Ал 2017 жылы 3644 адам суицидтен көз жұмса, оның 2906-сы ер адамдар екен.

Демек зорлық-зомбылық тақырыбы біржақты әйелді кінәсіз құрбан ретінде көрсету стереотипі тұрғысынан жазылып келген.

Авторлар отбасылық қайғы-қасіретті терең талдаудың орнына; ток-шоулар тереңде жатқан жүйелі мәселені қараудан гөрі әркімнің төсек әңгімесінің айналасынан шыға алмай қалады.

Баян Есентаеваға қатысты әңгіме де осылай өрбіді. Аудиторияның барлық назары махаббат пен соққыға жығылған адам төңірегінен аспады. Халықтың пікірінен олардың қанқұмарлығы байқалыпақ тұрды. Біреулері тентектік жасаған күйеуіне ең жоғары жаза тағайындау керек десе, екіншілері әйеліне сол керек деп табалап бақты. Ал нәтижесінде отбасы құндылықтарындағы дағдарыстар, әйел мен еркектің өзара құрметі кейінге ысырылып қалды.

Panem Et Circenses («нан және қойылым») деп айғайлады люмпенпролетарлар тамақ және жаңа әрі күрделі қойылымдарды талап ете тұрып. Осыдан 20 жыл бұрынғы спорттық жарыстарға назар аударып көріңізші. Акира Маед пен Александр Карелиннің ережесіз жекпежегін еске алып көрелік. Қолғапсыз ұру тек ашық алақанмен ғана рұқсат етілді. Бұл спорттық жарыс еді. Ал қазір UFC қанға бөккен ұрысты ашықтан-ашық көрсетеді. Әйелдердің бір-бірімен жындана жұлысуын қараңызшы, ұрыстан кейінгі әйелдердің түрі қандай күйге түседі?

Жыныстық зорлық-зомбылық мәселесіне оралайық. Бұл мәселені көтеру орынды, оған ешкімнің таласы жоқ. Сонымен бірге, адамның мінез-құлқындағы моральдық-адамгершілік тұрғысынан да қарай білуі керек. Әйтпесе Мәскеу метросындағы стансаларында бір бойжеткен қыз апскертингпен (қыздардың рұқсатынсыз белдемше астынан суретке түсіру) күресуге шақырады, осы мақсатта әр стансада елдің алдында белдемшесін көтеріп тұрған ролигын көрсетеді.

Ал жүздеген, мыңдаған қыздар жұмыс барысында арсыз еркектердің мінезін, жармасқанын, ашық түрде дәмешілік көрсеткен әрекетін көруге мәжбүр. Бұл жайында енді міндетті түрде айтып, олардың намысын қорғау керек. Бұл мәселедегі негізгі түйін – фактілерді түсіндірудегі біржақтылық стереотиптердің қалыптасуына ықпал етуде.

Түйін

Студенттер тұрмыстық зорлық-зомбылық пен гендерлік стереотиптер арасындағы себеп-салдарлық байланыстардың күрделілігін сезінеді, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінде хайп қуалаушылықты емес, зардап шеккендерге қолдау білдіруді үйренеді.

Дмитрий Шорохов
Дмитрий Шорохов
С 2000 года по 2010 год — доцент факультета журналистики КазНУ им. аль-Фараби. С 2011 года по настоящее время — ассоциативный профессор кафедры Медиакоммуникации и ИК Международного университета информационных технологий. Работал с международными организациями UNICEF, UNESCO, IMO, ILO, Gender Bureau of UNDP и др. по реализации социальных программ. Член Союза художников РК с 2004 года. Участник более 50 республиканских и международных выставок. Работы находятся в музеях и частных коллекциях Казахстана, России, Германии.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР