2-ҚАДАМ. Ақпараттың шынайылығын және растығын бағалау (30 минут)
Жалған ақпаратты тарату «клиптік ойлау» үрдісін қалыптастырып келеді: ақпаратты пайдаланушылар оны мұқият оқымайды, үстірт қарайды, үлкен мәтіндер мен видеоны соңына дейін көріп, оқымайды.
Мақсатты аудиторияларға ықпал ету нәтижесін қарай ойын-сауық жаңалықтары – қалжың жаңалық, арандатушы жаңалық және идеологиялық насихат болып ерекшеленеді.
Қалжың-жаңалықтар қоммуникативтік кеңістікті толтыратын, қоғамдық резонанс тудыратын арандату жаңалықтармен салыстырғанда зиянсыз. Мұндай ақпараттың мақсаты қоғамдағы жағдайды тұрақсыздандыру, наразылық білдірушілердің санын арттыру немесе белгілі бір саясаткерлерді /саяси институттардың беделін түсіру үшін жасалған «ақпараттық ығыстыру» болуы мүмкін.
Арандататын ақпаратқа бір мысал: Астанада мессенджерлерде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу туралы жалған хабарлама тарап жатыр.
Тағы бір мысал білім саласынан. Әлеуметтік желілерде математика пәнінен қазақстандық оқулықтың скриншоты таратылды, төменде.
138а-есеп. Федя есімді үшінші сынып оқушысы мектеп буфетінен бір стакан компот алады да, қолын жууға кетеді. Ол уақытта мектеп буфетінде бірінші сыныптың 9 оқушысы болады және олардың әрқайсысы Федяның компотына 3 мәртеден түкіріп шығады. Бірінші сынып оқушылары Федяның компотына неше рет түкірді?»
Анық болғаны, бұл Григорий Остердің «Задачник по математике: ненаглядное пособие для учителей» атты әзіл-оспақ кітабының үзіндісі екен. 1994 жылы жарық көрген
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шындыққа жанаспайтын бұл ақпаратқа жылдам жауап қайтарды.
Бұл жерде беделді БАҚ-тың Г.Б.Остердің кітабын дұрыс атамағанын айтып өткен жөн. Мәселен, Zakon.kz басылымы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап, бұл есеп Остердің «Қорқыныштар мектебі» кітабынан алынған деп жазды.
Бұл өз кезегінде Интернеттегі ақпаратты эмоцияларды ысырып қойып, дерекке жүгіне отырып, сыни көзбен қабылдау керектігін көрсетеді. Ақпараттың дереккөзін бірнеше тәуелсіз ресурстан іздеу керек. Сонымен қатар комментарийлерге назар аудару қажет, дәлелдерді тексеру керек (сурет, цитата, сілтеме, скриншоттар).
Надо отметить, что ряд СМИ назвал книгу Г. Б. Остера источником, из которого взята задача, что тоже является искажением информации и недопустимо для авторитетных СМИ. Так, Zakon.kz сообщил, что задача взята из произведения Остера «Школа ужасов», ссылаясь на пост со страницы МОН РК в Facebook.
Это ещё раз говорит о том, что информацию из интернета надо воспринимать критически, отбрасывая эмоции, опираясь только на факты. Надо искать источник сообщения в нескольких независимых ресурсах. Надо также обращать внимание на комментарии, проверять доказательства (фотографии, цитаты, ссылки, скриншоты).
Ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын қалай анықтауға болады:
- Ақпаратты таратушының көздеген мақсаты мен негізгі нысанына назар аудару керек.
- Егер тақырыбы «айғайлап» тұрса, мәтінде жағымсыз қатынасты білдіретін эмоционалды лексика қолданылса, бұл да оқырманды сақтандыруы тиіс.
- Мұндай ақпараттардың жұртқа ықпалын арттыру мақсатында куәгерлердің комментариі арқылы резонанс тудыру көзделеді және репостинг сұралады.
- Егер қандай да бір адамға арнайы шабуыл жасалса, қосымша детальдармен айшықталады әрі оның ғұмыры да ұзара түседі.
- Шынайы оқиғаны таратқан ақпараттардың дереккөзі көп болады және онда берілген фактілер бір-бірімен сәйкесуі керек, жалған ақпараттың дереккөзі негізінен әлеуметтік желілер болады.
Түйін:
Шынайы ақпарат дегеніміз – шындыққа жанасқан, фактілермен әрі деректермен дәйектелген, күмән тудырмайтын, яғни, заңдық құжаттармен, статистикамен және сарапшылардың тұжырымдарымен, зерттеу қорытындыларымен, куәгерлермен т.б. бекітілген ақпарат.
Егер ақпарат толық ашылмаса, бұрмаланса, фактіге емес, пікірге негізделген болса, онда ол шынайы емес.
Шынайы ақпараттың үнемі ресми тұлғаларға, ресми органдардың медиа ресурстарына, мемлекеттік органдардың мәліметтеріне сілтеме болады.
3-ҚАДАМ. Ақпараттың шынайлығы мен растығын анықтауға арналған тәжірибелік жұмыс (60 минут)
Ақпаратты тексеру алгоритмі (5 минут):
- Факт 3 түрлі параметр бойынша сәйкес келуі тиіс: верификация (дәлелденуі, мәліметтермен бекітілуі), нақтылығы, шынайылығы. Сол үшін келтірілген цифрларды, статистикалық мәліметтерді, цитаталарды, сарапшылардың түсініктемесіне берілген сілтемелерді және беделді агенттіктер мен ғылыми институттардың зерттеу нәтижелерін тексеру әрі дереккөзге мән бере отырып, олардың шынайылығын анықтау қажет.
- Дереккөздердің салыстырмалы анализін жасау керек. Ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын тексеру үшін әртүрлі интернет ресурстардағы бірнеше дереккөзді салыстыру керек. Әсіресе, алғашқы дереккөзге ерекше көңіл бөлген жөн.
- Пайдаланылған дереккөздердің бірнеше болуы материалға деген сенімді арттырады.
- Жаңалық жарияланған электронды ресурстың репутациясы мен рейтингі. Сайттың танымалдылығын рейтинг жүйесі арқылы айқындауға болады. Мәселен: Olshem.kz, ZERO.kz, Google analytics.
- Жарияланған материалдың авторының болуы да сенімділікті арттыра түседі.