Домой3-бөлім. Медиаконтентті жасау. Этикалық үлгі. Медиасауатылыққа үйретудегі әдістемеМодуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е....

Модуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е. Кәпқызы

Модуль 12. Медиаконтентті этикалық тұрғыдан сараптау. Жаңалықтардың нақтылығы мен шынайылығын бағалау Е. Кәпқызы

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС

Тәжірибелік жұмыс МедиаНавигатордан алынған.

Кез-келген бір оқиғаға адамдардың пікірі әр түрлі болатынын атап өткен жөн. Масс-медиа мен әлеуметтік желі хабарларында көбіне мәселенің бір жағы ғана беріледі: бұл жерде басқа да көзқарас барын естен шығармаған жөн, оларды көре білу, ести білу маңызды.

1-тапсырма
News — allviews.
Мысалға келтірілген оқиғалар: Даналық сыйы, Қу Алдар Көсе.
Жаттығу мақсаты: Түрлі пікірлерді ажырата білу, болған бір оқиғаны түрлі түсіндірулер арқылы сараптау.

Тренер бірнеше кейіпкері бар оқиғаны таңдап алады. Әр кейіпкердің болған оқиға деген өзіндік көзқарасы бар. Бұл ертегі немесе әдеби шығарма болмаса медиада жарияланған шығарма үзіндісі болуы мүмкін. Қатысушылар жеке тапсырма алып, жағдайды белгілі бір кейіпкердің сөзімен сипаттайды.

Тренер түрлі пікірдің пайда болу себептері мен нәтижесін қорытындылап, талқылайды.

2-тапсырма
ТВ-жаңалықтары: нені және қалай сараптау керек
Жаттығу мақсаты: Пікірден фактіні айыра білу ептілігін игереді, журналистика талаптары және оны іс жүзінде пайдалану жайындағы білімін тереңдетеді.
Жаттығу: Тележаналықтарындағы сюжетті тамашалап, пікірден фактіні айыра білу.

Мәтіндер:

КТК телеарнасындағы «Большие новости» бағдарламасындағы сюжеттер

08.09.2018. күнгі шығарылымы.
а) Бір доллар 400 теңгеге бағалануы мүмкін бе?
Қазақстанға антиресейлік санкциялар әсер ете ме?
Ұлттық банк инфляцияның қатты өсуі туралы айтты. Не қымбаттайды? басталуы 4.25 минуттан 10.40-қа дейін, ұзақтылығы 6,15.

б) Балабақшада сәбиді тұншықтырған тәрбиешіге айыппұл салынуы мүмкін
Большие новости, 15.09.2018 күнгі шығарылымы.

Талқылау:

  1. Неге телеарна немесе өзге медиа басшысынбасшыларын білген жөн?
  2. Жаналықтар шығарылымында сюжеттің реті маңызды ма? Неге? Бұл нені көрсетеді
  3. Сюжетте айтылған оқиға жайында толыққанды ақпарат барын қалай анықтауға болады?
  4. Пікірлердің бейтараптылық талаптары қаншалықты сақталғанын қалай анықтауға болады?
  5. Эмоциональды боялған лексика дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  6. Неге оқиғаға қатысты адамдардың барлығының пікірін берген дұрыс?
  7. Сюжетті көріп, сараптағаннан кейін қандай қорытынды жасауға болады?

ТРЕНЕРГЕ КЕҢЕС

Анализ үшін жалпыға бірдей түсінікті сюжеттерді пайдаланған жөн (мәселен, бір телеарна), бірақ журналистиканың түрлі талаптарына сай болуы керек. Бұл өз кезегінде нені «дұрыс жасамағанын» анықтауға көмектеседі және көрерменді, яғни бізді қай жерде алдап, факті емес, өзге адамдардың көзқарасымен қандай пікір қалыптастырғысы келгенін байқауға болады.

Тәжірибе барысында байқағанымыз, мұндай тренинг қатысушылар арасында қызығушылық тудырып, олар өз кезегінде оларды қай жерде және қалай алдағысы келгенін байқайды.

Түйін

Жаңа медиа пайда болуымен ақпаратты тарату арналары өзгерді және медиа хабарлардың аудиториямен жұмыс жасау формасы өзгерді. Осыған байланысты этиканың бұзылу оқиғасы, атап айтқанда плагиат, ақпараттың күмәнді дереккөзі, қаралау және өсек. Алайда бұл этикалық талаптар сапалы журналистиканың реттеушісі. Ал медиаконтенттің шынайлығы, нақтылығы – сапалы журналистиканың негізгі нормасы болып келеді.

Редакция
Редакция
Редакционный аккаунт сайта "Новый репортер".

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

CОҢҒЫ ЖАЗБАЛАР